Шетелдердегі дене мәдениеті мен спорттың жағдайлары. Кәсіпқой спорттың пайда болуы
Дисциплина: Дене шынықтыру және спорт тарихы
Лектор: Базарбаева Клара Конаровна п.ғ.к, доцент
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Дәріс жоспары:
1. Американдық өмір сүру салтын” насихаттау
2. А.Қ.Ш-дағы дене тәрбиесінің жүйесі
3. ХІХ-ғасырдың аяғында, ХХ-ғасырдың басында дүние жүзінің Европа елдерінде, АҚШ-та кәсіпқой спорттың дамуы
4. Буржуаздық спорттық-гимнастикалық қозғалыс
“Американдық өмір сүру салтын” насихаттау
І дүние жүзілік соғыстың нәтижесінде АҚШ-тың әлемдік қаржы-экономикалық жағдайлары бірден күшейіп кетті.
Ол әлемдегі қуатты мемлекетке айналды. АҚШ-тың империалистік буржуазиясы дүние жүзіне өзінің үстемдігін орнату мақсатында «американдық өмір сүру салтын» басқа капиталистік елдерге уағыздай бастады.
“Американдық өмір сүру салтын” насихаттау
«Американдық өмір сүру салтын» насихаттаудың бір жолы ретінде, американдық спортшылардың халықаралық жарыстарда қатысуы болды.
Жастарға идеологиялық тұрғыда ықпал ету және әскери-дене қимылы дайындығы амал ретінде спортқа үлкен мән беру арқылы АҚШ-та спорттық ұйымдардың іс-қызметін бақылау күшейді.