Ф р 042 02-2015-01 №1 басылым 09. 06. 2016



Дата23.03.2018
өлшемі240,12 Kb.
#39462

Ф Р 042-1.02-2015-01

№ 1 басылым 09.06.2016

Бет -




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ 3 дәрежелі құжаты

№ 1 басылым 09.06.2016


Ф Р 042-1.02-2015-01

Практикалық (семинарлық) сабаққа әдістемелік нұсқау

Факультет: Тарих-педагогика

Кафедра: Педагогика

Практикалық (семинарлық) сабаққа

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Пән атауы: «Мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыру дәне басқару»

5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Семей 2016

Алғы сөз
1 ӘЗІРЛЕГЕН
Құрастырушы

Кошкимбаева Р.Х _____________ «31.08» 2016ж.

Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
Әдістемелік нұсқау «Мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыру дәне басқару» пәні бойынша практикалық (семинарлық) сабақты 5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы студенттеріне өткізуге арналған (барлық формада білім алатын студенттерге)
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 Әдістемелік нұсқау «Педагогика» кафедра отырысында қарастырылды

Хаттама «31» 08. 2016 жыл, № 1.


Кафедра меңгерушісі: ______________ Джанбубекова М.З.
Әдістемелік нұсқау Тарих-педагогика факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында
Хаттама «31» 08. 2016 жыл, №1
Төрайымы ______________ Абишева Ш.Ш

Мазмұны



1

Мазмұны

3

2

Кіріспе

4

3

Негізгі бөлім

8

4

Ұсынылатын әдебиеттер

20


Кіріспе

Қазіргі қоғамда болып жатқан өзгерістер әлемдік деңгейде мамандар даярлау мәселесіне жаңаша қарауды талап етуде. Бұл талаптарға сәйкес мектепке дейінгі ұйым мамандарын даярлауда педагогиканың бір саласы «Мектепке дейінгі тәрбиені басқару және ұйымдастыру» пәнінің маңызы зор. Болашақ мамандарды терең де жан-жақты біліммен, біліктілікпен қаруландыру; кәсіби педагогикалық білімнің ғылыми негіздерін қалыптастыру; болашақ педагогтың педагогикалық ойлауы мен көзқарасын қалыптастыру; болашақ педагогтардың тұлғалық-кәсіби тұрғыда өзін-өзі жетілдіру қажеттіліктерін қалыптастыру.

Пәннің мазмұны студенттерді жалпы және мектепке дейінгі педагогика ғылымдарының қыр сырымен таныстыруды қамтиды.

Мектепке дейінгі мекеме мамандапын даярлауда «Мектепке дейінгі білімді ұйымдастыру және басқару» пәнінің маңызы зор. «Мектепке дейінгі білімді ұйымдастыру және басқару» бағдарламасы мектепке дейінгі балалардың тәрбиесінің, балабақшаның дамуы туралы классикалық және отандық ғылыми еңбектер мен тұжырымдар басшылыққа алынып жасалынды. Студенттер мектепке дейінгі тәрбие мәселесі туралы теориялық білімді меңгереді.

«Мектепке дейінгі білімді ұйымдастыру және басқару» пәні студенттердің педагогикалық білімдері мен шеберліктерінің тереңдеуіне алдын ала қор жасайды, студенттерге қазіргі педагогика ғылымының теориялық негізін бере отырып, іс жүзінде қолдану жағдайын қарастырады.

Қайта құру сай дүниежүзілік педагогикалық ақыл-ойдың озық тәжірибелерін, жаңа ұғымдар мен терминдерді пайдалана отырып тарихи сабақтастықты сақтауға көңіл бөледі. Барлық айтылғандар мектепке дейінгі ұйымның педагогының белгілі бір дәрежеде қызметінің ерекшелігін анықтайды.

Пәнді оқыту мақсаты:

«Мектепке дейінгі білімді ұйымдастыру және басқару»- пәні студенттердің педагогикалық білімдері мен шеберліктерінің тереңдеуіне алдын ала қор жасайды, студенттерге қазіргі педагогика ғылымының теориялық негізін бере отырып, іс жүзінде қолдану жағдайын қарастырады.

Әдістемелік нұсқауда студенттің курс бойынша практикалық материалдарды игеруі үшін қажетті материалдар толық қамтылған. практикалық жұмыс тапсырмалары үшін әдебиеттер тізімі де ұсынылған. Барлық тапсырмалар берілген уақытында орындалуы керек және материалдарды талқылау үшін дайындықпен келуі керек. Сонымен бірге студент сабақ барысында қажетті ақпараттарды ала алады. Студенттің білімі практикалық және БӨЖ сабақтарында бағаланады.

Пәнді оқытудың міндеттері:



  • мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастырудың тиімді жолдарымен таныстыру;

  • басқару мен басшылық жасаудың әдістемесін үйрету;

  • әдіскердің тәрбиешілер білімін көтерудегі міндеттерімен таныстыру, олардың мамандығына деген қызығушылығына тәрбиелеу;

  • мектепке дейінгі маман кадрларының білімі мен біліктілігін көтерудегі әдістемелік жұмыс формаларымен таныстырып, дүниетанымын қалыптастыру;

  • мектепке дейінгі тәрбие бағдарламалар бойынша балалардың оқу-тәрбие жұмысына басшылық жасау, ұйымдастыру түрлерін меңгертіп, шығармашылық қабілетін арттыру;

  • ғылыми-теориялық білімін жетілдіріп оны практикада қолдана білу дағдыларын, кәсіби құзырлығын дамыту;

  • оқытудың жаңа технологияларымен таныстырып оларды мектеп алды дайындауда қолданудың дидактикалық негіздерін меңгерту.

Пәнді оқыту нәтижесінде студент білуі керек:

білу:

    • Мектепке дейінгі педагогика ғылымының зерттеу әдістерін;

    • Мектепке дейінгі мекемелер жұмысын ұйымдастыру мен басқару заңдылықтарын;

    • Мектепке дейінгі балаларды дамуы мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру мен басқару заңдылықтарын;

    • Жаңа сұранысқа сәйкес оқу-тәрбие процесін жүргізетін, әдіс-тәсілдерді түрлендіретін, педагогикалық технологияларды меңгеруі керек;

    • Кәсіби құзыреттілігі қалыптасқан, қазіргі заманның маманына қойылатын талаптарды меңгеруі керек.

орындай алу:

  • Балабақша педагогы өз білімін жетілдіруде мақсаты мен мазмұнын, негізгі бағыттарын және ұйымдастыру принциптерін;

  • Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдістің ерекшеліктерін;

  • Педагогикалық кеңесті өткізу әдістемесін игеру керек;

  • Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуын ұйымдастыру мен басқару негіздерін түсіну керек;

  • Тәрбиешіге маңызды сапалы кәсіби психикалық қасиеттерін;

  • Педагогика мәселелері саласындағы ғылыми-ізденіс, шығармашылық жұмыстарды;

дағдысының болуы:

  • Мектепке дейінгі мекеменің жұмыстарын жоспарлай білуі керек;

  • Педагогикалық ұжымды басқара білуі керек;

  • Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, оқу-тәрбие үрдісін құру;

  • Мектепке дейінгі мекеме әдіскерінің міндеттері мен оларға қойылатын талаптарын білу керек;

  • Педагог өзараәрекеттесудің теориялық негіздерін педагогикалық ұжыммен ұйымдастыру біліктілігін.

Курсты меңгеруде студенттерге қойылатын талаптар


Әрбір студенттің міндетіне - сабақтан қалмау, берілген тапсырмаларды мерзімінде, дұрыс тиянақты орындау жатады.

Сабақты босату сол тәрізді өтілген сабақты талдауға қатыспау студенттердің жауапкершілігі жоқ екенін көрсетеді, сол себепті студенттердің сабаққа қатысуы мен оқу үлгерімі оның оқуға деген қатынасын , ниетін білдіреді және осының барлығы курс бойынша қорытынды баға қоярда ескеріледі.

Берілген тапсырмалар уақытында орындалмаған жағдайда, әрбір тапсырма үшін бағаңыз кеміп отырады. Сабаққа келмей қалсаңызда баллыңыз кемиді. Сондықтан сабаққа кешікпей, уақытында қажетті дайындықпен келуге талпыныңыз .

Аса себепті жағдайлар (науқастанып қалу, отбасының жағдайлары) сізге сабақты босатуға құқық береді, дегенмен бұл жағдайда оқытушыны хабардар етуге және берілген тапсырмалардың бәрін де өткізуге міндетті екеніңізді ұмытпаңыздар.

Әрбір студент өз жұмыс орнында болып қоймай, өзінің жұмыс міндеттерін орындауға тиіс. Оны орындамаған студентке жауап беруге тура келеді.

Осы пән бойынша берілген барлық тапсырмалар семестрдегі сабақ кестесінде бекітілген мерзімде орындалуы тиіс. Уақытынан кешігіп тапсырылған тапсырмалар, кешіктірілуіне қарай төмен бағаланады. Бұл әрине курс бойынша қорытынды бағаға әсер ететіні сөзсіз.



Курсты оқып білу студент тарапынан белсенді болуды талап етеді.

Қажет уақытында кеңес беру кестесіне сәйкес оқытушыдан кеңес алу құқыңыз бар. Пән бойынша ұсынылған негізі және қосымша әдебиеттерді үнемі әрі үзіліссіз оқып отыруыңыз қажет. Өйткені тапсырманы орындау негізінде немесе емтиханға даярлық кезінде оқулықты қолға алу сізге қажетті білімді толық бере алмайды.

Сол себепті толық әрі жан – жақты білім алғыңыз келсе, семестр бойында бірді – екілі ғана әдебиетпен шектелмей, пән бойынша бар барлық деректерді пайдалануыңыз қажет. Әрбір сабаққа пайдалануыңыз керек. Курсты меңгеру барысында жоғары жетістікке жетуіңіз сіздің оқу белсенділігіңізге байланысты екендігін еш ұмытпаңыз. Сабаққа қатысу белсенділігіңіз, оқу үлгеріміңіз және оқытушы берген тапсырмалаларды сапалы орындауыңыз сіз үшін межелік бақылау (аттестация) және емтихан кезінді көмектесетін дау тудырмайтын факті болып табылады. Аралық бақылаулар алдын ала өткен, талқыланған материал бойынша жүргізіледі және оның мақсаты магистранттардың теориялық білімді ұғыну деңгейлерін тексеру.

Емтихан сіздің теориялық білім деңгейіңізді анықтау емес, керісінше өзіңіздің теориялық білімізді практикада қолдана алу мүмкіндігіңіздің көрсеткіші болады. Емтихан тест түрінде өткізіледі. Емтихандағы сұрақтар аудиторияларда қарастырылған және өзіңіз орындаған тапсырмаларға негізделеді. Қорытында емтихан барлық студент үшін міндетті болып табылады.



Берілген тапсырмаларды орындау барысында тиым салынады:

  • біреудің жұмысын көшіріп өткізуге ;

  • өзінің тапсырмасын басқа адамдарға орындатуға ;

  • жұмысты белгіленген мерзімнен кешіктіруге немесе асыруға ;

  • топ болып орындаған тапсырмаларды орындауға қатыспай балл талап етуге және т.б. әрбір оқытушы әр студенттен оның оқуға деген қатынасы және мінез– құлқы, тәртібі ЖОО талабына сәйкес болуын үлкен үмітпен күтеді.

Студенттердің оқытушы берген тапсырмаларды уақытында орындауы, өзінің құқықтары мен міндеттерін білуі, теориялық білім деңгейі мен практикалық дағдыларына бағытталған белсенділігі және т.б. студенттердің пәнді толық жан – жақты меңгеруінің кепілі болмақ.

Практикалық сабақтарды дайындау мен өткізу әдістемесі

1. Оқытушының кіріспе сөзі


2. Бір студентке сөз беру

3. Студент сөзінің мазмұнын және аргументін мұқият тыңдау



  1. Егер жауап мәнділігімен және аргументтілігімен қанағаттандырса, сөзін (ойын) жалғастыруға мүмкіндік беру,

  2. Егер жауап өз бетті емес (мәтінді немесе конспектіні оқып беру) аргументсіз болса студентті сұрақ қою арқылы бөлуге болады;

  3. Егер студент қойылған сұраққа жауап бере алмаса онда оны тоқтатып сұрақты аудиторияға қою қажет;

  4. Егер аудиторияға қойылған сұраққа бір немесе бірнеше студент толықтай жауап бере алса, келесі сұрақты талдауға көшуге болады;

8. Сұраққа топ мүшелері дұрыс жауап бере алмаған жағдайда сұрақ «бөлшектенеді», нақтыланады;

  1. Сұраққа жауап берілгеннен кейін топтан: қосымша сұрақ, түзету, толықтыру, келіспеушілік бар ма дее сұралады.

  2. Студенттерден сұрақ түспеген жағдайда онда оқытушы нақтылау немесе бекіту мақсатында аудиторияға қосымша сұрақ қоюына болады;

  3. Егер студентте сұрақ туса оған барлығы болып жауап қайтарулары қажет;

  4. Сөйлеймін деушілерге сөз беріледі;

  5. Сөз мағынасыз болса, ой сұрақ қою арқылы тоқтатылады;

  6. Егер топ студенттері қосымша сұраққа дұрыс жауап бере алмаса, онда оқытушы өзі жауап беріп қорытындылайды;

  7. Әрбір сұрақ талданғаннан кейін қорытындыланып отырылады;

15. Сабақты оқытушы қорытындылайды.

Негізгі бөлім

Практикалық сабақ тақырыптары
1 практикалық сабақ

Тақырыбы: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды саласында мемлекеттік саясаттың негізгі ұстанымдары.

Мақсаты: Студенттер тақырыпты оқу барысында тарихи-педагогикалық зерттеулердің әдістері, әдіснамасы. жайлы білімдермен қаруландыру, өздігінен жұмыс жасай алу, қажетті материалдарды іздестіру, сондай-ақ ой ойын еркін білдіре алу дағдыларын қалыптастыру.

Негізгі сұрақтар:

Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің мектепке дейінгі тәрбие саласын дамытудағы саясаты. Мектепке дейінгі тәрбие жүйесін жаңғыртудың басты бағыттары. Мектепке дейінгі мекемелер туралы тұжырымдамалар мен ережелер.



Негізгі ұғымдар: мектепке дейінгі педагогика, мектепке дейінгі ұйымдар, оқыту, білім беру, мектепке дейінгі тәрбие жүйесі, тұжырымдамалар, ережелер.

Тапсырма: Берілген әр сұрақтың анализін жасау.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Бұл практикалық сабақта студенттер берілген негізгі сұрақтардға сүйене отырып мазмұнын ашып, толқытырып қарастыру керек. Практикалық сабаққа дайындалуда студент дәріс сабақта алған мәліметтерді ары қарай толықтырулары қажет осы арқылы олар бұл тақырыпты толығымен қамти алады.

Есеп беру формасы: трек-схема, ауызша.
2 практикалық сабақ

Тақырыбы: Мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиенің дамуы мен қалыптасуы.

Мақсаты: Студенттерді Қазақстандағы мектепке дейінгі ұйымдардың дамуы мен қалыптасуы туралы түсініктерін тереңдету, әр кезеңдегі ол ұйымдардың қалыптасу, даму бағыттарын айқындау.

Негізгі сұрақтар:

Мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиенің тарихи сипаты, оның халыққа білім беру жүйесіндегі алатын орны. Мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиенің Қазақстанда орнығуы. Республикада мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиенің алғашқы ұйымдастырушылары /Н.Құлжанова/. Ұлттық педагогикалық кадрлар даярлау. Қазақстандағы педагогикалық ойлар /А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев және т.б./. балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау, оларды тәрбиелеу туралы үкіметтің қамқорлығы.

Негізгі ұғымдар: мектепке дейінгі педагогиканың дамуы, педагог-ғалымдар, ой-пікірлер, мектепке дейінгі тәрбие тәрбие, бағыттар.

Тапсырма: Әр студенттің өз таңдауы бойынша әрбір ағартушылардың педагогикалық идеяларына шолу жасау.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Бұл практикалық сабақта студенттер педагогикаға өз идеяларын қосқан ағартушылардың педагогикалық идеяларына шолу жасайды практикалық сабаққа дайындалуда студент дәріс сабақта алған мәліметтерді ары қарай толықтырулары қажет осы арқылы олар бұл тақырыпты толығымен қамти алады.

Есеп беру формасы: кесте 1, ауызша.

Кесте 1


Педагог-ғалымдар

Ой-пікірлері

Даму кезеңдері

Бағыттары












3-4 практикалық сабақ



Тақырыбы: ҚР мектепке дейінгі ұйымның түрлі типтері іс-әрекеттерінің ережесі.

Мақсаты: ҚР мектепке дейінгі ұйымдарының типтерімен таныстыру, білімдерін толықтыру, өздігінен жұмыс жасай алу, қажетті материалдарды іздестіру, сондай-ақ ой ойын еркін білдіре алу дағдыларын қалыптастыру.

Негізгі сұрақтар:

1.Мектепке дейінгі мекеме оның типін міндеті, қызметі.

2. Мектепке дейінгі мекеменің атқаратын қызмет түрлері.

3.Мектепке дейінгі мекеменің бағыты.

4. Белгілі типтегі мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің ұйымдастыру жұмыстары.

Тапсырма: Әр студенттің өз таңдауы бойынша мектепке дейінгі мекеме типттерінің біреуіне слайд ш жасау.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Бұл тақырыпты қарастырғанда студенттер мектепке дейінгі мекеме типттері туралы декреттерін, негізгі қағидаларын, мектепке дейінгі мекемелерінің жүйесін, жұмыс қызметі

бағыттарын қарастырады.



Есеп беру формасы: трек-схема, ауызша.
5 практикалық сабақ

Тақырыбы: Мектепке дейінгі білім менеджменті.

Мақсаты: Білім мазмұны және аға тәрбиеші кадрлерін даярлау. Мектепке дейінгі мекеме мәселесі. Мектепке дейінгі білімді ұйымдастыру және басқару және маман кадрлерін даярлау мәселелері жайлы білімдерін толықтыру, өздігінен жұмыс жасай алу, қажетті материалдарды іздестіру, сондай-ақ ой ойын еркін білдіре алу дағдыларын қалыптастыру.

Негізгі сұрақтар:

1.Білім мазмұны және аға-тәрбиеші кадрлерін даярлау.

2. Балабақша – мектепке дейінгі балаларға қоғамдық тәрбие беретін мемлекеттік құжат.

3. Балаларды мектепке даярлауда мектепке дейінгі мекемелердің маңызы мен міндеттері.

4. маман кадрларды іріктеуде, нарық жағдайында жұмысты ұйымдастыруда білім беру органдарының құқығы.

5. Мектепке дейінгі мекемені жабдықтау және мөлшері.



Тапсырма: Барлық сұрақты қамтитын бақылау өткізу.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Бұл практикалық сабақта студенттер барлық сұраққа назар аударып оның теориялық негізіне тоқталу қажет.

Есеп беру формасы: трек-схема, ауызша.
6 практикалық сабақ

Тақырыбы: Мектепке ұйымды басқарудың негізгі қызметі.

Мақсаты: Мектепке ұйымды басқару әдістерін. Мектепке дейінгі мекеме жетекшісінің басқарушылық-ұйымдастырушылық міндеттерін маңызын қарастыру, сондай-ақ қажетті білік - дағдыларын қалыптастыру, өздігінен жұмыс жасай алу, қажетті материалдарды іздестіру, сондай-ақ ой ойын еркін білдіре алу дағдыларын қалыптастыру.

Негізгі сұрақтар:

Мектепке дейінгі мекемедегі оқу-тәрбие үрдісін басқаруды демократияландырудың негізгі шарттары. Мектепке дейінгі мекеме жетекшісінің басқарушылық еңбегін ұйымдастырудың міндеттері. Басқару әдістері.



Тапсырма: Берілген әр сұрақтың анализін жасау.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Бұл практикалық сабақта студенттер Басқару ғылымдарының әдістерін және міндеттерін қарастырады, сондай-ақ қажетті білік - дағдыларын қалыптастыру, өздігінен жұмыс жасай алу,

Есеп беру формасы: трек-схема, ауызша.
7 практикалық сабақ

Тақырыбы: ҚР мектепке дейінгі тәрбиелеу жүйесін қалыпқа келтіру.

Мақсаты: Мектепке дейінгі мекеме жөнінде тұжырымдамалар, білім беру бағдарламаларымен таныстыру, білімдерін тереңдету.

Негізгі сұрақтар:

  1. Мектепке дейінгі мекеме жөнінде орта білімді дамыту тұжырымдамалары.

  2. Мектепке дейінгі мекемеде тәрбиелеу, білім беру бағдарламалары /балама бағдарлама/.

  3. Мектепке дейінгі мекемеде білім беру іс-әрекетінің әлеуметтік бағыты.

  4. Мектепке дейінгі мекемеде оқу-тәрбие үрдісін басқарудың демократиялау негізгі шарттары.

  5. Мектепке дейінгі мекеме жетекшісінің ұжымды басқарудағы басты міндеттері.

  6. Мектепке дейінгі мекеменің басқару әдістері.

  7. Балама бағдарламалар.

  8. Педагогикалық ынтымақтастық оқу-тәрбие үрдісін басқарудың негізгі шарттары.

Тапсырма: Мектепке дейінгі мекемеде тәрбиелеу, білім беру бағдарламаларын айқындау, жүйлеу.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау:

Бұл практикалық сабақта студенттер мектепке дейінгі барлық тұжырымдамалар, бағдарламаларды жүйелеп, салыстырып мазмұнымен танысып оларға сипаттама береді.



Есеп беру формасы: трек-схема, ауызша.
8-9 практикалық сабақ

Тақырыбы: Мектепке дейінгі ұйым қаржысы.

Мақсаты: Мектепке дейінгі мекемені мемлекеттік тұрғыда және де мектепке дейінгі мекемені қаржыландырудың жаңа көздерін қарастыру. Мектепке дейінгі мекеменің жылдық жоспар мазмұнымен таныстыру.

Негізгі сұрақтар:

  1. Мектепке дейінгі мекемені мемлекеттік тұрғыда қаржыландыру.

  2. Мектепке дейінгі мекемені қаржыландырудың жаңа көздерінің пайда болуы.

  3. Мектепке дейінгі мекемеде білім беру, тәрбиелеу жүйесіндегі жаңаша көзқарас.

  4. Мектепке дейінгі мекеменің экономикалық әлеуметтік даму жоспары.

  5. Мектепке дейінгі мекеменің жылдық жоспары.

  6. Жылдық жоспардың негізгі бөлімдері және әр бөлімнің мазмұны.

  7. Балабақшаның жылдық жоспары /үлгі ретінде/.

Тапсырма: Барлық сұрақтарды қарастырып,толық мағлұмат беру.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Студенттер тақырыпты қарастыру барысында тұтас мектепке дейінгі үдерістің маңызын, мектепке дейінгі мекеменің даму жоспарын қарастырады.

Есеп беру формасы: трек-схема, ауызша
10 практикалық сабақ

Тақырыбы: Штаттар және штаттық кестелер.

Мақсаты: Мектепке дейінгі мекемелер еңбек ұжымының құқықтық ережелерімен таныстыру.



Негізгі сұрақтар:

        1. Еңбек құқығының мәні мен оның құрылымы.

        2. Еңбек құқығын дамыту және міндеттері.

        3. Штаттар және штаттық кесте.

        4. Мектепке дейінгі мекемелер еңбек ұжымының құқықтық ережелері.

        5. Мектепке дейінгі мекемедегі қоғамдық жұмыстың түрлері.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Студенттер мектепке дейінгі мекемеде еңбек атқаратын қызметкерлердің құқығы мен міндеттерін, жауапкершіліктерін, жұмыс кестелерімен танысп, толығырақ мәлімет алып ашып көрсету.

Есеп беру формасы: трек-схема, ауызша.
11-12 практикалық сабақ

Тақырыбы: Мектепке дейінгі ұйым жұмысын жоспарлау.

Мақсаты: Мектепке дейінгі мекеме жұмысын жоспарлау түрлерімен таныстыру.

Негізгі сұрақтар:

  1. Жоспарлау – мектепке дейінгі мекемені басқарудың маңызды қызметі.

  2. Мектепке дейінгі мекеме жұмысын жоспалаудың ұстанымдары.

  3. Мекеме жұмысының жылдық жоспары.

  4. Балабақшаның әр жастағы топтарының тәрбиелік-білімділік жұмысын жоспарлау.

Тапсырма: өз қалауын бойынша бір жас тобына тәрбиелік-білімділік жоспар құру.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Студенттер тақырыпты қарастыру барысында берілген негізгі сұрақтарды қарастырып, мазмұнын ашып көрсету керек.

Есеп беру формасы: бір жоспар үлгісі, ауызша.
13-14 практикалық сабақ

Тақырыбы: Мектепке дейінгі басқару органдарының құрылымы. Мектепке дейінгі ұйымның материалдық техникалық базасы.

Мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбие басқармасының әдістемелік зерттеушілік қабілеті мен біліктілігін дамытудың мазмұнын, шарттары мен механизмін қарастыру.

Негізгі сұрақтар:

  1. ҚР білім министрлігінің міндеті, жұмыс мазмұны.

  2. ҚР білім министрлігінің ұйымдық – құқықтық құрылымы.

  3. Мектепке дейінгі тәрбие басқармасының әдістемелік және ғылыми зерттеу жұмысына басшылық жасау.

  4. Мектепке дейінгі тәрбиені облыстық, қалалық, аудандық білім беру бөлімдерінің басшылығы.

  5. Мектепке дейінгі ұйымның материалдық техникалық базасы.

Тапсырма: Барлық сұрақтарды қарастырып,толық мағлұмат беру.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Студенттер тақырыпты қарастыру барысында мектепке дейінгі тәрбие басқармасының әдістемелік зерттеушілік мәдениетінің мәнін, құрылымы және қызметін, негіздерін қарастырады.

Есеп беру формасы: ауызша баяндау.
15 практикалық сабақ

Тақырыбы: Мектепке дейінгі ұйым жұмысының сапа мониторингі.

Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымның жұмыс сапа мониторингі. Негізгі сұрақтар:

  1. Мектепке дейінгі мекемелердегі педагогикалық еңбектің сапасы.

  2. Нарықтық экономика кезеңінде мектепке дейінгі мекемелер экономикалық мақсат-маңызының негізі.

  3. ҚР Білім туралы Заңы, Мектепке дейінгі мекемелер туралы ереже.

  4. Нарықтық экономикалық кезеңінде ата-аналармен жүргізілетін жұмыс.

  5. Мектепке дейінгі білімнің мемлекеттік стандарты.

  6. Мектепке дейінгі мекемелердің базалық оқу жоспары.

Тапсырма: Барлық сұрақтарды қарастырып, ауызша баяндау.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Студенттер тақырыпты қарастыру барысында мектептегі білім мазмұнын іріктеу өлшемдерінің дидактикалық жүйесі және негізгі қагидаларын, білім мазмұнының негізгі компоненттерін анықтайды.

Есеп беру формасы: ауызша баяндау
Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер

      1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы. 30.08.95.

      2. Қазақстан Республикасындағы Білім туралы қаңы. Заң актілерінің жиынтығы.-Алматы: ЮРИСТ, 2007.-192 б.

      3. Қазақстан Республикасы 2011-2020 жылдардағы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. 7.12.2010ж. №1118.Астана. Акорда.

      4. 2010-2014 жж «Балапан» мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқытуды қамтамасыз ету бағдарламасы. Астана, 2010.

      5. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер. ҚР Білім және ғылым министрлігі, Астана.2009.

      6. Балаларды міндетті мектепалды даярлығы тұжырымдамасы.//Қазақстан мұғалімі.-29.12.19.99 – 6 б.

      7. Типовые правила о порядке деятельности дошкольных организаций в РК от 11.12.04 №1553;

      8. Постановление Правительства РК от 11 ноября 2004 года №1880, определяющее порядок деятельности дошкольных мини-центров с полным и неполным днем пребывания;

      9. Бондаренко А.К., Л.В.Шкатула., -Заведующий дошкольным учреждением.-М., 1984.

      10. Белая К.Ю. инновационная деятельность в ДОУ. М., 2005.

      11. Голицина Н.С. Организация и проведение тематичемкого контроля в дошкольном образовательном учреждении.-М., 2006.

Қосымша әдебиеттер

      1. Зверева О.Л. Родительские собрания в ДОУ./О.Л.Зверева, Т.В.Кротова.-М., 2000.

      2. Методист детского сада./Под.ред.Буре Р.С.-М., 1994.

      3. Организация работы методиста детского сада. Спец курс

      4. /Рос.Акад.Образов.-М., 1994.

      5. Методические указания к Программе воспитания и обу­чения детей старшего дошкольного возраста «Бiз мектепке барамыз. Астана, 2011.

      6. «Балбөбек» бағдарламасы. –Алматы, 1999.

      7. Программа развития и воспитания дошкольников в детском саду и семье. –Алматы, 1997.

      8. Рылеева Е.В., Барсукова Л.С. Управление качеством социального развития воспитанников дошкольного образовательного учреждения.-М, 2004.

      9. Типовые правила об организации деятельности дошкольных мини-центров с полгым и неполным днем пребывания детей –МОН РК – Астана 2006.

Интернет-ресурстар

1. http://planetadetstva.net/vospitatelam/pedsovet/sajt-dlya-vospitatelej-detskogo-sada-planeta-detstva.html

2. http://dohcolonoc.ru/

3. http://vospitateljam.ru/


Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Ахметова Г., Исаева З., Әлқожаева Н. Педагогика:А:2012 ж.

  2. Ахметова, Г.К. Педагогика А– 2006

  3. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Алматы-2013.

  4. Бабаев,С.Б. Педагогика: жалпы негіздері жғне тғрбие теориясы - 2011

  5. Берикханова А.Е. Педагогикалық мамандыққа кіріспе: кәсіби құзіретті ұстаздарды даярлау негіздері: оқу құралы / / - 2009

  6. Дүйсембекова,Ш, Педагогика : дәрістер курсы Семей - 2012

  7. Қоянбаев. Педагогика. Алматы 2002 ж.

  8. ҚР «Білім туралы» заңы. Астана. - 20011.

  9. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру. Алматы, 2013.

  10. Мижериков В.А. Ермоленко М.Н. Введение в педагогическую
    деятельность: Уч. пос. для студентов пед. уч. зав. - М. 2012. - 268 с.

  11. Педагогика: Қазақша және орысша түсіндірме терминологиялық сөздік //Ғыл.жетекш. жасаған және жалпы ред. Басқарған проф. Ш.К.Беркімбаева, проф А.Қ. Құсаинов. - Алматы; 2012. - 248 бет.

  12. Сейталиев, Қ. Педагогиканың жалпы негіздері :оқу құрал А - 2014

  13. Губашева, С. Отарбай А.Тәрбие жұмысының әдістемесі :оқулық А - 2011

  14. Тұлғалық педагогика. Педагогикалық теория негіздері :монография / - 2011

Қосымша әдебиет

  1. Әбенбаев С.Ш. Сынып жетекшісі Алматы, 2003.

  2. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы. Алматы.: Дарын, 2004ж.

  3. Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. 1-2 том.-Алматы, 2010.- 400 б.

  4. Бахишева С.М. Педагогикалық жобалау: теориясы мен технологиясы. Оқулық.- Алматы, 2010

  5. Бордовская Н.В., Реан А.А. Педагогика: учебное пособие. -СПб., 2007. - 304с.

  6. Дүйсембекова Ш.Д. Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері. Семей 2004.

  7. Дүйсембекова, Ш Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі Семей - 2006

  8. Жексенбаева У.Б. Компетентностно ориентированное образо­вание в современной школе: учебно-методическое пособие. Алматы,2009-190с.

  9. Казанцев Е., Вараксин В.Н. Психолого-педагогический практикум. –Изд. Феникс, 2012.- 288 с.

  10. Қожахметов К. Сынып жетекшісі Алматы, 2001.

  11. Құсайынов А.Қ. Салыстырмалы педагогика әдіснамасы мен әдістері.- Алматы, 2008

  12. Педагогика: Оқулық/Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы.-Алматы: Print-S. 2005- 430 б.

  13. Таубаева Ш.Т. Государственные образовательные стандарты
    высшего профессионального образования: методология, теория и
    технология проектирования в компетентностном формате /Білім
    элемінде. В мире образования. №1-3, 2006.с 19-28.

  14. Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері :оқытушыларға, студенттерге көмекші құрал /Ш.Дүйсембекова / - 2003

  15. Тәрбие хрестоматиясы: V-XI сынып жетекшiлерi мен оқушыларына арналған /Қалиев, С. – 2001

  16. Хмель Теория и технология реализации целостного
    педагогического процесса: Уч.пособие.- Алматы, 2002.- 90с.

  17. Шалгинбаева, К.К., Хайруллин, Г.Т., Хмель, Н.Д. ж.т.Педагогика :Оқулық А-2005

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет