Ф. Р. Жандаулетова, Ж. С. Абдимуратов экология және тұРАҚты даму



Pdf көрінісі
бет26/45
Дата07.03.2023
өлшемі1,22 Mb.
#171433
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45
Байланысты:
ЭжТД китап 9
7 Сроп биомедицина, 4 дәріс, Ердаулет
 -
 
пайдаланылған, техникалық шарттар бойынша ары қарай 
қолдану мүмкiн емес немесе техника - экономикалық көрсеткіштер бойынша 
жарамсыз сулар

Ластанған, құрамында еритін және ерімейтін қоспалары бар төгінді 
суларды елді-мекеннен шет жерге шығарып, су көздеріне ағызады. Оның 
алдында суларды табиғи су көзіне зиянды әсер етпейтіндей және су көзіндегі 
судың сапасы санитарлық нормадан аспайтындай етіп тазарту керек. Табиғи 
су көзіне тазартылмаған немесе жақсы тазартылмаған ақаба суларды ағызу 
судың сапасын нашарлатады (түсін, дәмін, иісін), оттектің мөлшерін азайтады, 
ал ақаба судың құрамындағы зиянды және улы заттар су көзінің фаунасы мен 
флорасына кері әсер етеді. Ақаба сулардың ластанулары 
минералды, 
органикалық 
және
 бактериялық
болып бөлінеді. 
Минералды ластануларға
құм, балшықты бөлшектер, тұздар, сілтілер 
мен қоқыстар және басқа өндірістік төгінді сулардағы құрамы әртүрлі заттар 
кіреді.
Органикалық ластанулар
өсімдік пен жануарлар салдарынан болады. 
Өсімдік текті ластануларға жемiстер мен көкөнiстердiң қалдығы, өсiмдiк 
майы, гумин заттары және т.б.жатады. 
Бактериялық ластануларға
тірі микроорганизмдер жатады - 
ашытқылық және көгерген саңырауқұлақтар, майда су өсiмдiктерi және 
әртүрлi бактериялар. Тұрмыстық төгінді су бактерияларының ішінде зиянсыз 
(сапрофитті) және ауру тудырғыш (патогенді), әсіресе ішек ауруларын (іш 
сүзегі, тырысқақ) қоздыратын бактериялар кездеседі. 
Ластану мен ластағыштардың өндірістік ақаба су құрамындағы мөлшері 
әртүрлі болады, ол технологиялық процеске, шикізатты өңдеу түріне, су 
шығынының меншікті нормасына және т.б. байланысты болады. Кейбiр 
өндiрiстiк ақаба суларда қышқылдар, бояулар, улы заттар (циан, мышьяк, 
ауыр металдар тұздары) кездеседі. 


58 
Өндірістік кәсіпорындарды қайтадан сумен қамтамасыз етуде ақаба 
сулардың бір бөлігі тазартылғаннан кейін және салқындатылғаннан кейін 
қайтадан пайдаланылады. Өндiрiстiк ақаба сулар ауысымның iшiнде 
бiрқалыпты және бiрқалыпсыз түсіп отыруы мүмкін. Сондай-ақ жоғары 
концентрациялы улағыш ақаба сулардың аса көп мөлшерде түсулері болуы 
мүмкiн.
Өндiрiстiк төгінді суларды ағызу кәсіпорынның технологиялық 
процесіне байланысты анықталады. Сонымен бiрге ақаба сулар қасиеттерiнiң 
жеке көрсеткiштерi тәулік iшiнде өзгеріске ұшырап отырады.
Ақаба сулар үш түрге бөлiнедi:
 
 
өндiрiстiк, тұрмыстық
атмосфералық.
Өндірістік
 
ақаба сулар - технологиялық процесте пайдаланылған сулар. 
Олар екі негізгі категориядан тұрады: ластанған және ластанбаған. Ластанған 
төгінді сулар минералды, органикалық, бактериялық, биологиялық 
қоспалардан тұрады. 
Тұрмыстық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет