Ф. Р. Жандаулетова, Ж. С. Абдимуратов экология және тұРАҚты даму



Pdf көрінісі
бет34/45
Дата07.03.2023
өлшемі1,22 Mb.
#171433
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45
Байланысты:
ЭжТД китап 9
7 Сроп биомедицина, 4 дәріс, Ердаулет
 
 
 
 


76 
7 Тұрақты дамудың бағыты және мәселелері
 
Қазіргі күнде адамзаттың күн өткен сайын өсіп келе жатқан сұрамдарын
биосфера қамтамасыз ете алмайтындығы бойынша қарама қайшылықтар 
болып отыр. Сондықтанда, осы қарама қайшылықты шешу үшін, адамзаттың 
ары қарай өмір сүруін тұрақты дамыту мүмкіндігі қарастырылады. Сол 
арқылы табиғаттың болашақ тіршілігін қамтамасыз ету мүмкіндігін арттыру 
көзделеді. 
Адамзат XX ғасырдың орта шеніне дейін технологияларды игере 
отырып табиғат байлығын тездетіп игерумен айналысты, ал қазіргі күнде 
табиғат қорларының шектеулі екендігі де ойландыра бастады, себебі адам 
санының тез артуы мен сұраныстың көбеюі, азық-түліктің жетісе бермеуі өз 
әсерін білдіре бастады. Қоршаған ортаның нашарлап бара жатқан жайы және 
табиғат байлықтарының шектілігі осы қорларды пайдалануды түбегейлі 
өзгертуді талап ете бастады. Бұлай болмаса аз уакыт аралығында бар қорлар 
таусылып, қоршаған табиғи орта бұзылады. Соның салдары адамдар санының 
күрт азаюына, өндірістік өнімнің азаюына және күрделі әлеуметтік 
проблемаларға алып келіп соқтырады.
Бірақ техникалық прогресті тоқтатуға, сан алуан сұраныстан бас тартуға 
болмайтыны да белгілі. Оған адамзат әлі дайын емес. Оның себебі - әр ел 
әртүрлі дамыған, білім деңгейі де әртүрлі, қоршаған орта жағдайына да көз-
қарастары әртүрлі болып келеді. 
Қоршаған ортаны қорғау және дамыту бойынша тұрақты даму 
анықтамасы 1987 жылы Халық аралық комиссия жасаған «Біздің ортақ 
болашақ» атты баяндамада берілді. Тұрақты даму анықтамасы былай 
қорытындыланды: «
Осы күнгі сұранысты қамти отырып, болашақ 
ұрпақтарды да өз сұранысын қамтамасыз ете алатындай даму
». Оған 1990 
жылы мынадай толықтама жасалды: 
«Тұрақты дамуға талап - табиғи 
қорларды және жүйелерді жеткілікті түрде бұзбай, болашақта да 
экономикалық пайда табатындай сақтау»
. 1992 жылы Бразилияның Рио-
де-Жанейро қаласында жоғарғы деңгейде өткен «Жер планетасы мәселелері» 
атты халықаралық конференцияда «XXI ғасырдың күн тәртібі» деп аталатын 
жоспар қабылданды. 
Тұрақты дамудың негізгі бағыты - адам өмірінің сапасын арттыру. Ол 
үшін адам өмірінің сапалық критерияларын, бағалануын қайта қарап, өзгерту 
керек. Сонымен қатар материалдық емес бағалымдарды енгізу, яғни: 
жеке 
қауіпсіздігін арттыру, білім сапасын арттыру, емдеу сапасын жақсарту, 
адамдардың мәдени деңгейін көтеру, ақпарат алу жолдарын көбейту,
қоршаған ортаға антропогендік зиянды әсерді азайту арқылы адамзатқа 
ыңғайлы қоршаған ортаны жасау. 
Тұрақты даму келесі принциптерге негізделеді: 
- табиғатпен гармонияда болу және баянды өмір сүру құқығын сақтау; 
- дамудың бөліп алынбайтын құрамасы қоршаған ортаны қорғау; 
- жайлы қоршаған ортамен қазіргі және болашақ ұрпақтарды да 


77 
қамтамасыз ету; 
- халықтар арасындағы өмір сүру деңгейіндегі алшақтықты, кедейлер 
мен байлар арасындағы теңсіздікті азайта отырып жою; 
- табиғатты қорғау туралы заңдылықты жетілдіру; 
- тұрақты даму принциптеріне қайшы келетін өндіріс пен сұраныстарды 
жою. 
Тұрақты даму деңгейлері - 
жергілікті, аймақтық, ұлттық, халықаралық 
және кең аумақты
(глобалдық) болуы мүмкін. Тұрақты даму факторлары-
экологиялық, экономикалық және әлеуметтік
тұрғыда қарастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет