Ф. Р. Жандаулетова, Ж. С. Абдимуратов экология және тұРАҚты даму


 Ақаба суларды тазалаудың механикалық әдісі



Pdf көрінісі
бет31/45
Дата07.03.2023
өлшемі1,22 Mb.
#171433
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45
Байланысты:
ЭжТД китап 9
7 Сроп биомедицина, 4 дәріс, Ердаулет
6.3 Ақаба суларды тазалаудың механикалық әдісі 
 
Тұрмыстық ақаба суларды тазалау механикалық, биологиялық және 
химиялық әдістермен жүзеге асады. Өндірістік ақаба суларды физика-
химиялық және химиялық әдістермен тазартады, олардың ішінде жиі 
қолданылатыны - бейтараптандыру, экстракция және эвапарация әдістері.
Механикалық тазалауда
ақаба судағы ірі және ұсақ түйірлі бөлшектер 
түрінде кездесетін ластағыштар жойылады. Ақаба сулардағы қоқыстар 
(қағаздар, сүйек-саяқтар, түрлі өндірістік қалдықтар) өздігінен тұндырылады, 
ал қалқып шығатын заттектерді тұндырғыш, сүзгіш, құмұстағыш арқылы 
өткізіп, немесе әртүрлі конструкциялық техника құралдарын (торларды, 
електерді, гидроциклондарды, т.б.) қолданып тазалау қарастырылған. Ал 
беттік ластағыштарды – мұнайұстағыш, май мен шайыраулағыш жабдықтар 
мен материалдарды пайдалану арқылы жояды. Соңғы кезде ақаба суды май 
тәрізді заттардан тазалауға жиі пайдаланылып жүрген материалға май 
сіңіргіштік қабілеті жоғары 
пенополиуретан
жатады. 
Ақаба судың улылығын азайтуға тұндырғыштар немесе тұндырғыш 
шұңқырлар пайдаланылады (11 сурет). Қолдану мақсатына қарай 
тұндырғыштар бірінші реттік және екінші реттік болып бөлінеді. 
Құрылымына байланысты олар горизонталдық, вертикалық, радикалдық және 
диагоналдық болып сараланады.
Вертикалдық және диагоналдық тұндырғыштар тәулікте өнімділігі 10-15 
мың текше метрге дейінгі, ал горизонталдық 10-15 мың текше метр, 
радиалдық тұндырғыштар тәуліктік өнімділігі 20 мың текше метрден астам 
тазарту стансасында қолданылады.


68 
Коммуналдық 
шаруашылықтан 
шыққан 
сұйық 
қалдықтарда 
механикалық әдісті қолдану арқылы ерімейтін қоспалардың 60% мөлшерін 
тазалауға болады, ал кейбір өндірістік ақаба сулар бұл әдіспен 95 % дейін 
тазаланады.
11 сурет - Ақаба суды тазартуға арналған тұндырғыштар 
Механикалық тазалау құрылымдарының сұлбасы 12-суретте көрсетілген.
12 сурет - Механикалық тазалау құрылымдарының сұлбасы 
Ақаба суды механикалық тазалауға арналған ғимараттар
. Керегелерді 
ақаба су құрамындағы ірі ластағыштарды ұстау (шүберектер, қағаз, жеміс 
қалдықтары және т.б.) үшін қолданады. Керегені ақаба суды тазарту бекетіне 
әкелетін каналдағы судың қозғалыс жолына көлденең орнатады. Керегемен 
ұсталынған ластардың мөлшері саңылауларының еніне байланысты. Тік 
бұрышты өзекті кереге тастанды заттарды неғұрлым көп ұстайды және 
саңылаулар енін тазарту ғимараттарына дейін 16 мм деп қабылданады. 
Шығару
Тұндырғыштар 
(септiктер)
Хлоротор
Контактiлi 
резервуар
Балшықтану 
алаңы


69 
Ұсталынған ластағыштардың мөлшері қолмен тазалау кезінде 5 л - 4 л құраса, 
ал механикалық тазарту кезінде жылына бір адамға 6 л - 5 л болады. 
Керегенің саңылауларынан өтетін су жылдамдығы 0,8 м/сек аспауы 
керек, яғни ірі ластағыштар бірге ағып кетпеуі қажет. Егер керегедегі 
ластағыштардың мөлшері тәулігіне 0,1 м
3
асатын болса, онда керегені үздіксіз 
тазалап отыру қажет және ластағыштардың механизациялық жолмен 
жойылуын қарастыру қажет. Керегеден алынатын ластағыштар ұсақтағышқа 
беріледі және сол жерден төгінді ағынына жіберіледі.
Құмұстағыштар
өнімділігі тәулігіне 100 м
3
болатын тазарту 
ғимараттарында қабылданады және де бір немесе екі құмұстағыш міндетті 
түрде жұмыс істеп тұруы керек. Құмұстағыштар өлшемі 250 мкм болатын 
механикалық қоспаларды бөліп алуға арналған. Құмұстағыштың жұмыс істеу 
принципі сұйықтық ағынындағы қатты заттардың қозғалу жылдамдығының 
өзгеруіне негізделген. Құмұстағыштарда сұйықтық жатық немесе айналмалы
бағытта қозғалады, ал тік тұндырғыштарда су тік жоғары қозғалады. 
Өнімділігі жоғары құмұстағыштар күрделі болып келеді және тік бұрышты 
пішінінде және екі немесе бірнеше секциядан тұрады. Құмұстағыштың кіре 
берісінде ірі механикалық қоспаларды ұстау үшін тор орналастырады. 
Құстағышпен жұмыс істеу кезінде олардың түбінде әртүрлі қоспалар тұнады 
және оларды үнемі алып тастап отыру керек. 
 
Құмұстағыштар түрін (жатық, тангенциалды, аэрацияланатын) тазарту 
ғимараттардың өнімділігін ескере отырып, ақаба суды тазалау сұлбасына, 
олардың тұнбасының өңделуіне, қалқымалы заттардың сипатына байланысты 
таңдайды.
Тұндырғыштар
– гравитация әсерінен төгінді судан қатты дисперсті 
қоспалардың ажырауы үшін қолданылады. Олар келесі түрлерге бөлінеді: тік, 
радиалды, айналушы жинағыш-бөлгіш қондырғысы бар, жұқа қабатты 
блоктармен жабдықталған жатық, түссіздендіргіш.
Мұнай транспортты өнеркәсіптер (мұнай базалы, мұнай өңдеуші 
бекеттер) мұнайды және мұнай өнімдерін жинау үшін әртүрлі 
тұндырғыштармен жабдықтайды. Ол үшін әдетте стандартты және темір 
бетонды резервуарларды қолданады, олар ақаба суды тазартудың 
технологиялық сұлбасына тәуелсіз резервуар-тұндырғыш, резервуар-
жинағыш режимінде жұмыс жасай алады. Ақаба суды қосымша тазарту үшін 
қосымша тұндырушы тоғандарды қолданады, яғни тереңдігі 4 м және алаңы 
төгінді судың өткізу қабілетіне байланысты болып келетін суаттар. Әдетте 
мұндай тоғандар бірнеше секциядан тұрады және әрқайсысы суды шығару, 
кіргізу қондырғыларымен жабдықталған.
Ақаба судағы қалқымалы заттардан механикалық тазарту үшін 
гидроциклондар 
қолданылады. Гидроциклондарды пайдаланып, сыртқа тепкіш 
күш көмегімен ақаба суларды өте ірі дисперсиялық қоспалардан тазалауға 
болады. Көбіне бұл қондырғылар тығыздығы 1,2 г/см
3
жоғары ағындыларды 
ірілігі 
0,15 
мм 
үстіндегі 
бөлшектерден 
тазалауға 
бағытталған. 
Гидроциклондарды ақаба суды тазалау процесінде, әк сүтімен байытуда, 


70 
құмды мұнай өнімдерінен, органикалық заттардан шаюда кеңінен 
қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет