Ф. Р. Жандаулетова, Ж. С. Абдимуратов экология және тұРАҚты даму


Еліміздің тұрақты дамуына маңызды экологиялық мәселелері



Pdf көрінісі
бет35/45
Дата07.03.2023
өлшемі1,22 Mb.
#171433
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45
Байланысты:
ЭжТД китап 9
7 Сроп биомедицина, 4 дәріс, Ердаулет
7.1 Еліміздің тұрақты дамуына маңызды экологиялық мәселелері 
 
Қазақстанда мұнай мен газ өнеркәсібі, түсті және қара металл өндіру, 
химия өнеркәсіптерінің жұмыс істеуі және басқада өндіріс орындары 
қоршаған ортаға және экологиялық жүйеге антропогендік әсер етуде. Ол жыл 
өткен сайын қатты сезіле бастады, яғни экожүйе бұзылып, жойылу алдында 
тұр.
Қазақстанда 
экодинамиканың 
келесі 
әлеуметтік 
экологиялық 
мәселелерін талдап қарастыруға болады. Олар: таза су, теңіздер, көлдер мен 
өзендер, ауылшаруашылығы мен ормандар, атмосфералық ауа бассейні, 
қалдықтар, энергетика, транспорт, радиоактивті қалдықтар, жердің шөлге 
айналуы, биотүрлердің азаюы, табиғи апаттар, техногендік зілзалалар және 
т.б. Осыларға қысқаша тоқталып өтейік 
Әрқайсысының жағдайы мынандай мәселелерге алып келіп отыр: 
Таза су
– жоғары маңызды мәселе. Қазақстанда су қоры өте аз. 
Мәселенің ең қиыны су сапасы мен ауылды мекендердегі таза су тапшылығы 
болып отыр. Суды ең көп қолданатын ірі қалалар мен ірі өндіріс орындары. 
Таза су тапшылығы санитарлық - гигиеналық жағдайдың нашарлауына алып 
келеді. Суды ең көп қолданатын сала ауылшаруашылық. Шешімін табу керек 
мәселелерге ірі қалаларды сумен қамтамассыз ету, трансшекаралық мәселелер 
мен оларды шешу мәселелері жатады. 
Теңіздер, көлдер мен өзендер.
Балықтар қорының азаюы мен теңіз 
айналасындағы қоршаған ортаны қорғау мәселелері сақталып отыр. Алдыңғы 
қатардағы мәселеге Каспий теңізі жағалауындағы ластану жағдайы мен оған 
антропогендік әсерлердің ұлғаюы жатады. Арал теңізінің жағдайы тек қана 
Қазақстан үшін ғана емес, шекаралас елдер үшін де толғандыратын мәселеге 
жатады және осы елдердің де қатысуымен шешілуі қажет. Теңіз бен көлдердің 
балық 
қорын пайдалану мен оны сақтау экономикалық сараптамадан өткізуді 
талап етуде. Барлық өзендер суының ластануы ластаушы өндірістерге 
экономикалық және нарықтық тежеу құралдарын қолдануды талап етіп отыр. 
Ауылшаруашылығы мен ормандар.
Азық түлік шығару жерді 
құнарлануды қажет етеді, бірақ көп жағдайда тыңайтқышты қолданудан астық 
өнімінің артуы байқалмайды. Жыртатын жерлерде эррозия процестері жүруде 
және онымен күрес барлық шаруашылықтарды бірдей және жиі жүргізілмей 


78 
отыр. Тағы бір мәселе ол ормандардың өртке жиі ұшырауы мен ағаштарды 
заңды және заңсыз кесудің үлкен дәрежеде жүргізілуі де болып отыр. 
Сексеуілді көп мөлшерде шауып алуы шөл аумағының ұлғаюына алып келіп 
отыр. 
 Энергетика.
Ел экономикасы артуымен бірге энергияға деген сұраныс 
жылдан жылға өсіп келеді. Ал энергияны өндіру қайта толмайтын қорларды 
жағу арқылы алынып келеді. Бірінші мәселе осы қорлардың азаюы, ал 
екіншісі қоршаған ортаға тигізіп отырған зияны. Бұл мәселелерді шешудің 
бірден бір тиімді жолы дәстүрлі емес (күн, жел, су) энергия көздерін 
пайдалануды енгізу және энергияны аз мөлшерде пайдаланатын 
құрылғыларды тұрмыста және өнеркәсіпте қолдану. Қазақстан уран қоры мен 
оны өндіру бойынша әлемде көш басында тұр, соған қарамастан елде әлі 
жұмыс істеп энергия шығаратын бір де бір атом электр стансасы жоқ. Егер 
жоспарланып отырған АЭС салынса және олардың саны мен сапасын 
болашақта арттырсақ, онда Қазақстан электр энергиясымен өзін өзі толық 
қамтамасыз етіп қана қоймай, оны экспортқа шығарушы елге айналады.
Транспорт.
Қазақстан елді мекендерінде және қалаларда транспорт түрі 
мен саны күрт көбейіп отыр. Соның әсерінен атмосфераға шығатын улы және 
зиянды заттар мөлшері артып отыр. Тарнспорт қолданатын жанар май сапасы 
да жақсармай отыр. Осы мәселерді шешу жолдары – жанар май сапасын 
арттыру, экономды және шағын транспорттарды шығарып пайдалану, кейбір 
жанар майды көп мөлшерде жағатын автотранспорттан бас тарту болып 
табылады. 
Атмосфера.
Ең басты мәселе ауаға шығарылып жатқан зиянды 
заттардың мөлшерін күрт азайту жолдарын қарастыру, барлық сүзгіш 
әдістерді жүзеге асырып, өнеркәсіп орындарында пайдалану. Бұл мәселе 
барлық елдерге тән. 
Қалдықтар.
Өнеркәсіп 
орындарының 
қалдықтарымен 
қатар 
муниципалдық қалдықтарда көп мөлшерде шығарылуда. Қалдықтар қауіпті, 
уландырғыш, радиоактивті және аралас болып бөлінеді. Қалдықтар 
мәселесінің шешілу жолдары – қалдықсыз өндіріс санын арттыру, 
қалдықтарды өңдеуші зауыдтарды көптеп салу, қалдықтар полигондарын 
жабдықтау, қалдықты аз шығарушы текхнологияларды қолдану. 
Қазақстандағы 
саяси 
ахуал 
бүкіл 
әлемге 
тұрақтылықтың, 
конфессияаралық келісімнің, еліміздің барлық азаматтарының мүддесінде 
демократия мен қоғамдық институттарды дамытудың бірегей үлгісін танытып 
отыр. Қазақстанның тұрақты саяси дамуы әлемдік қоғамдастық үшін 
теңгерімді бастамалардың көзі ретінде еліміздің қалыптасуында маңызды рөл 
атқара алады және атқаруға тиіс. 
Осы орайда Қазақстан өзінің дамуында еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне 
қатер төндіретін біршама кедергілерге кезігуде. Қазақстан Республикасының 
қазіргі уақытқа дейінгі экономикалық өсуіне негізінен әлемдік нарықтағы 
шикізат бағасының өсуі мен табиғи ресурстардың елеулі бөлігін тұтыну 
есебінен қол жетіп отыр. Табиғи капиталдың барынша ысырап болуы мен 


79 
құлдырауы орын алуда. Ішкі жалпы өнімнің өсуі қоршаған ортаға 
қалдықтардың көп шығарылуымен болуда. Қазіргі бағалау бойынша, ел 
аумағының 75%-на жуығы экологиялық тұрақсыздықтың жоғары тәуекеліне 
ұшыраған. Шөлейттену мәселесі өткір қойылып отыр. «Тарихи ластанулар», 
қалдықтарды жинаушылар, тұрақты және жылжымалы көздерден бөлінетін 
улы заттар қалдықтарының өсуі табиғи ортаның жай-күйі мен халықтың 
денсаулығына қатер төндіреді. 
Ел экономикасының тұрақтылығына төнетін ықтимал қатерлер шикізат 
секторына елеулі тәуелділік, жекелеген салалардың Дүниежүзілік сауда 
ұйымына (ДСҰ ) кіруге дайындық деңгейінің төмендігі, сыртқы қарыздың 
өсуі, «көлеңке экономика» проблемалары болып табылады. 
Қазақстан өңірлерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайларында 
айтарлықтай алшақтық бар. Демографиялық жағдай мен халықтың 
денсаулығының жай-күйінде проблемалар бар, әзірге оның құқықтық, 
экономикалық, экологиялық сауаттылық деңгейінің жеткіліксіздігі орын 
алуда. Бұл кедергілерді еңсеру Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға 
көшу жолындағы басты кезеңдік міндеті болуға тиіс. 
Экономикалық өсім процесінде экологиялық талаптарды арттыру, 
қоршаған ортаға антропогендік қысымды азайту қажет. Ол үшін 2024 жылға 
қарай экологиялық тұрақтылық индексін ең кем дегенде, қазіргі ең жақсы 
көрсеткіш - 88 балға дейін жеткізу қажет. Сол арқылы өмір сүру сапасының 
көрсеткіштерін ең жоғары әлемдік көрсеткіштерге жақындатып, айтарлықтай 
жақсарту қамтамасыз етілетін болады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет