Ф. Р. Жандаулетова, Ж. С. Абдимуратов экология және тұРАҚты даму



Pdf көрінісі
бет42/45
Дата07.03.2023
өлшемі1,22 Mb.
#171433
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
ЭжТД китап 9

8.1 Мониторинг жүйесін топтастыру 
Экологиялық мониторинг үш сатыдан тұрады: жағдайды бақылау
бағалау және болатын өзгерістерді болжау. Мониторинг объектілеріне 
атмосфера, атмосфералық жауын-шашын, кұрғақ жердің беткі сулары, мұхит 
пен теңіздер, жер асты сулары, криосфера (климаттық жүйені кұрушылар) 
жатады. 
Бақылау объектілері келесі түрлерге бөлінеді: атмосфералық, ауалық, 
гидросфералық (жиынтықты түрде гидрометеоролоиялық), топырақтық, 
климаттық мониторинг, сейсмикалық, ионосферлық, Күн, магнитометриялық, 
биологиялық, өсімдіктер, жануарлар, тұрғындар денсаулығының мониторингі 
және т.б. 


92 
Мониторинг жүйесі факторларға, көздерге және әсер ауқымына 
байланысты да топтастырылады. 
Әсер факторларының 
мониторингі - әртүрлі химиялық ластағыштардың 
(ингредиенттік мониторинг), түрлі-түрлі табиғи және физикалық факторлар 
әсерлерінің (электр магнитті сәулелену, күн радиациясы, шу, діріл) 
мониторингі. 
Ластағыш көздердің мониторингі - 
нүктелі
 
стационарлы көздер 
(зауыттардың мұржалары), жылжымалы (көлік), кеңістік (қалалар, химиялық 
заттар өндірілетін егістік жерлер) көздер. 
Әсер аумағына байланысты мониторинг кеңістік және уақытша 
мониторингтерге бөлінеді. 
Мәліметтерді ортақтастыру сипаттамасына қарай мынадай 
мониторинг жүйелерін кұрайды: 

ғаламдық (биосфералық) -
халықаралық ынтымақтастық негізінде
Жер биосферасындағы әлемдік құбылыстар мен процестерді зерттеу
арқылы назарға ұстап, экстремалды қолайсыз жағдайлардың болуы 
туралы уақытылы ескерту жасап отыру; 

базалық (фондық) - 
жалпыбиосфералық, табиғи кұбылыстарды 
бақылау ; 
- ұ
лттық - 
бip мемлекеттің шегінде арнайы кұрылған органдар арқылы 
жүргізетін мониторинг; 

аймақтық - 
халық, шаруашылығын карқынды игеру барысында ipi-ipi
аудандардың көлемінде кұбылыстар мен процестерді зерттеу арқылы 
бақылау; 

жергілікті (локалды) -
елді мекендерде, өнеркәсіп 
орталықтарында, кәсіпорындарда қоршаған ортаның сапалық өзгеруіне 
бақылау жүргізу; 

импактылық - 
ерекше қауіпті зоналар мен жердегі аймақтық және 
жергілікті антропогендік әсерлердің мониторингі. 
Дүние жүзінің 140 елі қатысатын қоршаған орта мониторингінің ғаламдық 
жүйесі 1970 жылы құрылған. Бұл жүйенің мақсаты: 
- қоршаған ортаның, жай-күйінің халықаралық мониторингі бағалануын 
өткізуді үйлестіру және оған жәрдемдесу; 
- мониторингтің жаңа стансаларын кұруда көмек көрсету; 
- атмосфера мен климаттың жай-күйі, қоршаған орта ластануы 
туралы мәліметтерді жинау және тарату. 
Ғаламдық жүйенің негізгі атқаратын міндетіне геоақпараттық 
жүйелердің технологиялар негізінде жерді пайдалану, климат, 
әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі көптеген мәліметтерді біріктіру 
мен ақпаратты ресурстарды басқару жөнінде кеңестік қызмет көрсету жатады. 
Ғаламдық мониторинг Жердің барлық табиғи жүйесінің қазіргі 
жағдайын бағалауға мүмкіндік бepin отыр. Әлемнің әр аймағында бақылауды 
40-қа жуық кұрлықтағы және 10-ның үстіндегі мұхиттың базалық стансалар 
жүргізеді. Олардың кейбірі биосфералық қорықтарда орналасқан. 


93 
Локалды мониторингі жүзеге асыратындар тұрақты, жылжымалы немесе 
шырақ астындағы тсксеру орындары. Осындай жүйелер көбіне Қазақстанның ipi 
калаларында. Мысалы, Алматы каласында атмосфералық ауаның мониторингі 
6-7 орында жүргізіледі. 
Мониторинг жүйесің колданылатын тәсілдерге 
(физикалық-химиялық
және биологиялық көрсеткіштердің мониторингі, аралық мониторингі)
сүйене отырып топтастыруға да болады. 
Химиялық мониторинг — 
атмосфераның, жауын-шашынның, жер бeтi 
мен жер асты суларының, мухит пен теңіз суларының, топырақтың, түптi 
тұнбалардың, өсімдіктердің, жануарлардың химиялық кұрамдарын (табиғи 
және антропогендік жолмен пайда болған) бақылайтын және химиялық 
ластағыш заттардың таралуын тексеретін жүйе. Химиялық мониторингтің 
негізгі ең басты міндеті қоршаған ортаның өте улы заттектермен нақтылы 
ластану денгейін анықтау. 
Физикалық мониторинг - 
қоршаған ортаға физикалық процестер мен 
құбылыстардың (су тасқыны, жанартау атылыстары, жердің сілкінуі, 
құрғақшылық, топырақ эрозиясы және т. б.) тигізетін әсерін бақылау жүйесі. 
Биологиялық мониторинг - 
биоиндикаторлар көмегімен жүргізілетін 
мониторинг (яғни ортаның өзгеруін, ағзалардың күйі мен жүріс-тұрысына 
карап пішіп-кеседі). 
Экобиохимиялық мониторинг - 
коршаған ортаның екі құрам бөлігін
(химиялық және биологиялық) бақылауға негізделген мониторинг. 
Дистанциялық (аралық) мониторинг - 
зерттейтін объектілерді барлауға 
және тәжірибелік мәліметтерді тіркеп жазып алуға радиометриялық 
кондырғылармен қамтылған ұшқыш аппараттар колданылған авиациялық, 
космостық мониторинг. 
Топтастыру принципіне қарай әртүрлі мониторинг жүйелері бар. 
Олардың ішінде түрлі қажетке ең жарамды болып саналатын қоршаған 
ортаның кешенді экологиялық мониторингі.
Қоршаған ортаның 
кешенді экологиялық мониторингі - 
бұл қоршаған 
табиғи орта объектілерінің ластану деңгейіне баға беруге адам мен басқа да 
тipi ағзалардың денсаулығына зиян тигізетін өте қиын жағдайдың тyyы 
туралы ескертуге арналған бақылау жүйесін ұйымдастыру. Ол жергілікті 
(локалды), аймақты және фондық болып бөлінеді. 
Қоршаған ортаның кешенді экологиялық мониторингі мынадай түрде 
атқарылады: 
- бақылау объектін белгілеу; 
- бақылауға белгіленген объекті тексеру; 
- бақылау объектісіне ақпараттық үлгі құрастыру; 
- өлшеуді жоспарлау; 
- бақылау объектісінің жағдайын бағалау және ақпараттық үлгісін ұқсастыру; 
- бақылаудағы объектідегі жағдайдың өзгеруіне болжам жасау; 
- мәліметтерді қолдануға ыңғайлы түрде дайындап қолданушыларға тапсыру. 


94 
Кешенді экологиялық мониторингтің мақсаты - жинақталып алынған 
мәліметтерді негізге алып қарастыру, яғни олар: 
-
адам тіршілік ететін ортаның және экожүйелердің жағдайын 
сипаттайтын көрсеткіштеріне және функционалдық бүтіндігінің сақталуына 
баға беру, яғни экологиялық нормативтердің сақталуын бағалау; 
-
осы көрсеткіштердің өзгеру себептерін анықтау және олардың 
тигізетін зардабын бағалау, сонымен қатар тіршілік ортаға және экожүйе 
жағдайына талдау жасап, көрсеткіштерді түзетуге қажетті шараларды 
белгілеу; 
-
зиян тигізетін қолайсыз жағдайлардың алдын алатын шаралармен 
қамтамасыз ету. 
Экологиялық мониторинг жүйесі арқылы алынған мәліметтер дұрыс 
қолданылса, табиғатты тиімді пайдаланатын жолдарды тауып іске асыруға 
болады.
Kaзipгi кезде Қазақстанда экомониторингтің бірлестірілген жүйесінің 
жоқтығы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты әртүрлі басқару 
органдардың қызметін бipaз қиындатып отыр.
Адам мен қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздік деңгейін көтepyгe 
су объектілерінің, топырақтың, атмосфералық ауаның, жануарлар мен 
өсімдіктер әлемінің, т, б. объектілердің мониторинг жүйесін дамытуға және 
жақсартуға бағытталған зерттеу жұмыстарының маңызы зор. 
Мониторинг зерттеулерінің негізгі бағытына қоршаған орта
сапасына 
баға беру жатады. Қоршаған орта сапасы - адам организмінің
физиологиялық қажеттілігіне табиғи жағдайдың сәйкестілігі. Ол өмip сүру 
ұзақтығымен, денсаулық өлшемімен және белгіленген тұрғындар тобы 
үшін қалыпты аурулардың
деңгейімен сипатталатын адам өмірінің 
қажеттілігіне сәйкес орта дәрежесі. Көптеген ағзалардың таралу аймағы катаң 
белгіленген
табиғи жағдайлармен шектеледі. Адам кез келген табиғи жағдайда 
өмip сүруге қабілетті.
Сонымен бірлестірілген экологиялық мониторингтің болуы экологиялық 
ережелер мен нормаларды сақтауға бағытталган талаптарды күшейтумен 
катар, белгілі жүйелердің нақтылы қауіпсіздігіне аналитикалық болжам 
жасау арқылы қорғау жүйесін icкe асыруға және экологиялық, кауіп-
қатерлілікті төмендетуге мүмкіндік туғызады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет