Ф. Р. Жандаулетова, Ж. С. Абдимуратов экология және тұРАҚты даму


Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының актуалды



Pdf көрінісі
бет43/45
Дата07.03.2023
өлшемі1,22 Mb.
#171433
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
ЭжТД китап 9

8.2 Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының актуалды 
экологиялық мәселелері 
 
Қазақстанда мұнай мен газ өнеркәсібі, түсті және қара металл өндіру, 
химия өнеркәсіптерінің жұмыс істеуі және т.б. өндірістер қоршаған орта мен 
экожүйеге антропогендік әсер етуде және жыл сайын зардаптары мен зияны 
қазіргі кезде қатты сезіле бастады. Экожүйе бұзылды немесе тіптен жойылу 
алдында тұр. Қазақстанда экодинамиканың келесі әлеуметтік экологиялық 
мәселелерін талдап қарастыруға болады. Олар таза су, теңіздер, көлдер мен 


95 
өзендер, ауылшаруашылығы мен ормандар, атмосфера, қалдықтар
энергетика, транспорт, радиоактивті қалдықтар, жердің шөлге айналуы, 
биотүрлердің азаюы, табиғи апаттар, техногендік зіл залалар. 
Әрқайсысының жағдайы мынандай мәселелерге алып келіп отыр: 
Таза су
– жоғары приоритеттік мәселе. Қазақстанда су қоры өте аз. 
Мәселенің ең қиыны су сапасы мен ауылды мекендердегі таза су тапшылығы 
болып отыр. Суды ең көп қолданатын ірі қалалар мен ірі өндіріс орындары. 
Таза су тапшылығы санитарлық– гигиеналық жағдайдың нашарлауына алып 
келеді. Суды ең көп қолданатын сала ауылшаруашылығы. Шешімін табу керек 
мәселелерге ірі қалаларды сумен қамтамасыз ету, трансшекаралық мәселелер 
мен оларды шешу мәселелері жатады. 
Теңіздер, көлдер мен өзендер.
Балықтар қорының азаюы мен теңіз 
айналасындағы қоршаған ортаны қорғау мәселелері сақталып отыр. Алдыңғы 
қатардағы мәселеге Каспий теңізі жағалауындағы ластану жағдайы мен оған 
антропогендік әсерлердің ұлғаюы жатады. Арал теңізінің жайы тек қана 
Қазақстан үшін ғана емес, шекаралас елдер үшін де толғандыратын мәселеге 
жатады және осы елдердің де қатысуымен шешілуі қажет. Теңіз бен көлдердің 
балық қорын пайдалану мен оны сақтау экономикалық сараптамадан өткізуді 
талап етуде. Барлық өзендер суының ластануы ластаушы өндірістерге 
экономикалық және нарықтық тежеу құралдарын қолдануды талап етіп отыр. 
Ауылшаруашылығы мен ормандар.
Азық түлік шығару жерді 
құнарлануды қажет етеді, бірақ көп жағдайда тыңайтқышты қолданудан астық 
өнімінің артуы байқалмайды. Жыртатын жерлерде эррозия процестері жүруде 
және онымен күрес барлық шаруашылықтарды бірдей және жиі жүргізілмей 
отыр. Тағы бір мәселе ол ормандардың өртке жиі ұшырауы мен ағаштарды 
заңды және заңсыз кесудің үлкен дәрежеде жүргізілуі де болып отыр. 
Сексеуілді көп мөлшерде шауып алуы шөл аумағының ұлғаюына алып келіп 
отыр. 
 Энергетика.
Ел экономикасы артыумен бірге энергияға деген сұраныс 
жылдан жылға өсіп келеді. Ал энергияны өндіру қайта толмайтын қорларды 
жағу арқылы алынып келеді. Бірінші мәселе осы қорлардың азаюы, ал 
екіншісі қоршаған ортаға тигізіп отырған зияны. Бұл мәселелерді шешудің 
бірден бір тиімді жолы дәстүрлі емес (күн, жел, су) энергия көздерін 
пайдалануды енгізу және энергияны аз мөлшерде пайдаланатын 
құрылғыларды тұрмыста және өнеркәсіпте қолдану. Қазақстан уран қоры мен 
оны өндіру бойынша әлемде көш басында тұр, соған қарамастан елде әлі 
жұмыс істеп энергия шығаратын бір де бір атом электр стансасы жоқ. Егер 
жоспарланып отырған АЭС салынса және олардың саны мен сапасын 
болашақта арттырсақ, онда Қазақстан электр энергиясымен өзін өзі толық 
қамтамасыз етіп қана қоймай, оны экспортқа шығарушы елге айналады.
Транспорт.
Қазақстан елді мекендерінде және қалаларда транспорт түрі 
мен саны күрт көбейіп отыр. Соның әсерінен атмосфераға шығатын улы және 
зиянды заттар мөлшері артып отыр. Тарнспорт қолданатын жанар май сапасы 
да жақсармай отыр. Осы мәселерді шешу жолдары – жанар май сапасын 


96 
арттыру, экономды және шағын транспорттарды шығарып пайдалану, кейбір 
жанар майды көп мөлшерде жағатын автотранспорттан бас тарту болып 
табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет