|
|
бет | 81/90 | Дата | 15.12.2019 | өлшемі | 0,72 Mb. | | #53614 |
| Байланысты: 7 cынып мұғалім кітабы3—4-сабақ
Сабақ тақырыбы:
|
ЕXPO: өнертапқыштар бәсекесі.
|
Білімділік:
|
Қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы ЕХРО көрмесі туралы толық ақпарат беруге үйрету.
|
Дамытушылық:
|
Қазақ тіліндегі сипаттау мәтіндері арқылы оқушының қатысымдық біліктілігін дамыту.
|
Тәрбиелік:
|
Қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетіне құрылған қарапайым сөйлемдер негізінде отансүйгіштікке тәрбиелеу.
|
Сілтеме:
|
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
|
Жетістік критерийлері:
|
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша ЕХРО туралы ақпарат бере алады, оның ерекшелігін таныстыра алады.
|
|
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде қарапайым сөйлемдер арқылы ЕХРО көрмесін сипаттай алады.
|
|
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен ЕХРО көрмесі тура- лы қазақша мәтін құрайды, қарапайым үлгілер арқылы сыныптастарымен сөйлеседі.
|
Жаңа сөздер:
|
Көрме, нарық, бәсекелестік.
|
Сабақта қолданы- латын материалдар:
|
Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, кестелер, тақырыпқа қатысты суреттер, смайликтер.
|
Оқыту әдістері:
|
Сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, ассоциаграмма, жұптық жұмыс, диалог, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы.
|
Дереккөздері:
|
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
|
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
|
Мұғалім оқушыларды «шаттық шеңберіне» тұрғызады, сәлемдеседі, жоқ оқушыларды түгендейді.
|
Оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрып, мұғаліммен сәлемдеседі. Бір-біріне біріне сәттілік, жақсы тілектер айтады.
|
Өткен сабақты тексеру
|
Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
|
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
|
І. Қызығушы- лықты ояту
|
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығу- шылығын ояту мақсатында «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, «ЕХРО» сөзіне ассоциаграмма құрғызады.
|
Ассоциаграмма құрады.
|
ІІ. Мағынаны тану
|
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
|
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздер- ді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
|
|
2. Мәтіналды жұмыс. А) Жазылым.
Оқулықтағы 1, 2-тапсырманы орындатады.
|
Жазылым. Қанатты сөздерді көшіріп жазады, етістіктердің райларын анықтайды, көп нүктенің орнына одағайларды жазады.
|
|
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.
Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.
|
Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды.
|
|
Ә) Айтылым. Оқулықтағы 4-тапсырманы орын- датады.
|
Айтылым. Мәтін бойынша ақпараттың дұрыс/дұрыс еместігін тексереді.
|
|
Б) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 6-тапсыр- маны орындатады.
|
Оқылым. Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.
|
|
4. Сергіту сәті. «ЕХРО» тақырыбында фото- коллаж дайындатады.
|
Фотоколлаж дайындайды.
|
|
5. Мәтінсоңы жұмыс. Айтылым. Оқулық тағы 7-тапсырманы орындатады.
|
Айтылым. Диалогті толықтырады.
|
ІІІ. Ой толғаныс
|
Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.
|
Айтылым. Тапсырманың шартын орын- дайды.
|
IV. Бекіту
|
«Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.
|
Сөйлемдерді оқиды, талдайды.
|
V. Бағалау
|
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.
|
«Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.
|
VI. Үйге тапсырма
|
Оқулықтағы 5-тапсырманы орындау.
|
|
VII. Рефлексия
|
Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.
|
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы білдіреді.
|
тақырып. Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|