бет 78/90 Дата 15.12.2019 өлшемі 0,72 Mb. #53614
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы 9—10-сабақ
Сабақ тақырыбы:
Н. Ә. Назарбаев: «Мен жастарға сенемін».
Білімділік:
Қазақ тіліндегі нақты хабарламалар арқылы Елбасымыздың жастарға айтқан өнегелі сөздері жайлы ақпарат беру.
Дамытушылық:
Оқушыларды әдеби тіл нормасын сақтау, дұрыс ой қорытуға дағдыландыру.
Тәрбиелік:
Қазақша сипаттау мәтіндері негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерийлері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): Елбасымыздың жастарға айтқан өнегелі сөздері жайында айтады, сұрақтарға жауап береді.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырып аясында қойылған сұрақтарға жауап береді, сыныптастарымен пікр алмасады, өз ойын айтады.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырыпқа қатысты қосымша мәліметтер бе- реді, сұхбат құрады.
Жаңа сөздер:
Бағыттау, маңызды, қалыптасу , нығату, көркейту, талғампаз, табанды.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелі материалдар, тақырыпқа қатысты бу- клеттер , альбомдар, Елбасымыздың Назарбаев Университетіндегі «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты Интерактивті дәрісінің үнтаспасы, желімқағаздар.
Оқыту әдістері:
Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Ыстық алақан» тренингі, диалог, диаграмма, фотоколлаж,
«Кубизим» әдісі, синквейн , диалог, «Жеке әңгіме» техникасы.
к
Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Ыстық алақан» тренингін өткізеді.
Оқушылар сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.
Өткен сабақты тексеру
Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
І. Қызығушы- лықты ояту
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығу- шылығын ояту мақсатында Интерактивті тақтадан Елбасымыздың Назарбаев Универ- ситетіндегі «Қазақстан білім қоғамы жолын- да» атты интерактивті дәрісін тыңдатады.
Интерактивті дәрісті тыңдайды, өз ойла- рын айтады.
ІІ. Мағынаны тану
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша
жаттығу жүргізеді.
2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым.
Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.
Ә) Оқылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орын- датады.
Оқылым. Мәтінді оқиды, Елбасымыздың жастарға қандай міндеттер жүктейтінін түсінеді, диаграммаға түсіреді.
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орында- тады.
Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, тақырып қояды, түсініп оқиды.
Ә) Жазылым. Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Мәтіннен сан есімдерді таба- ды, сөйлем құрайды.
Б) Айтылым. Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады.
Айтылым. «Мен –елімнің болашағымын» тақырыбы бойынша қосымша мәлімет жинайды , диаграмма толтырады.
4. Сергіту сәті. «Қазақстанның болашағы — жастар» тақырыбында фотоколлаж дайында- тады.
Фотоколлаж дайындайды.
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Айты- лым. Оқулықтағы 6, 7, 9-тапсырманы орында- тады.
Жазылым. Айтылым. «Кубизим» әдісін қолдана отырып, жастар туралы жазады, сөйлемдерге үш нұсқада сұрақ қояды, диалог құрады.
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
ІІІ. Ой толғаныс
Жеке жұмыс. Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.
Жазылым. «Мен елімнің болашағымын» тақырыбына синквейн дайындайды.
IV. Бекіту
Оқулықтағы 11-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Қазіргі жастарға мінездеме жазады.
V. Бағалау
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылар- дың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.
«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.
VI. Үйге тапсырма
Оқулықтағы 10-тапсырманы орындау.
VII. Рефлексия
Мұғалім тақтаға бүгінгі сабақтың өтілу бары- сын сипаттайтын суреттер іледі.
Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына желімқағаз
дарды жапсырады.
Достарыңызбен бөлісу: