Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет74/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

тақырып. Жастықтың оты қайдасың?

М. Жұмабаев. «Мен жастарға сенемін» өлеңі




1—2-сабақ





Сабақ тақырыбы:

Мен Қазақстанның болашағымын.

Білімділік:

Қазақша тілдік тапсырмаларды орындату арқылы қазақ елі жайлы оқушылардың ақпараттық қорын молайту.

Дамытушылық:

Жаңа тақырып бойынша шағын мәтіндерді сипаттау арқылы ақпараттық-танымдық құзіреттілігін дамыту.

Тәрбиелік:

Қазақша сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы оқушылардың бойында достық қарым- қатынасты, толеранттылықты қалыптастыру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты мәтіндерді мәнерлеп оқиды, мәтіндерден бірлігі жарасқан ел жайлы негізгі ақпаратты таба алады.




Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында қысқа мәтіндерді талдау, си- паттау арқылы қазақ елі жайлы толық ақпарат бере алады.




Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды, қарапайым үлгілер арқылы сыныптастарымен тілдеседі.

Жаңа сөздер:

Білектің күші, найзаның ұшы, жанын салу, паш ету, нарық.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, парақшалар , смайликтер.

Оқыту әдістері:

Ә Көрнекілік, сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі,

«Дөңгелек үстел» ойыны, диаграмма, фотоколлаж, жағдаяттық тапсырма, «Шағын

шолу» тәсілі.


Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім оқушыларды «шаттық шеңберіне» тұрғызады, сәлемдеседі, жоқ оқушыларды түгендейді.

Оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрып, мұғаліммен сәлемдеседі. Бір-біріне біріне сәттілік, жақсы тілектер айтады.

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығу- шылығын ояту мақсатында мақсатында Интер- активті тақтадан қазақ елі жайлы бейнебаян көрсетеді. Ой шақыру сұрақтарын қояды:

—Балалар, Қазақстанның болашағы кімдер?



Сұрақтарға жауап береді. Қазақ елі жайлы білгендерін айтады, сипаттайды.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша

жаттығу жүргізеді.





Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Жазы- лым. Оқулықтағы 1, 2-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Жазылым. Суреттер- әңгімелейді, шағын мәтін құрайды.




3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.

Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.



Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, түсінгенін баяндайды.




Ә) Айтылым. Оқулықтағы 4, 5-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға толық әрі қысқа жауап береді, Қазақстанды сипаттап айтады.




4. Сергіту сәті. «Бірлігі жарасқан ел» тақырыбында фотоколлаж дайындатады.

Фотоколлаж дайындатады.




5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. 7-тапсыр- маны орындатады. «Дөңгелек үстел» ойынын ұйымдастырады.

Жазылым. Ойын шартын орындайды.




Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 8-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Мәтін құрайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Жеке жұмыс. Оқулықтағы 9-тапсырманы орын- датады.

Жазылым. Досына ашықхат жазады.

IV. Бекіту

Мұғалім оқулықтағы 10-тапсырманы орындата- ды.

Жағдаяттық тапсырманы орындайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар таратады.

Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет