Сабақтың тақырыбы: «Елім менің Қазақстан»



Дата17.06.2018
өлшемі37,91 Kb.
#42497
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «Елім менің – Қазақстан»
Қарағанды облысы, Теміртау қаласы

«№27 жалпы білім беретін

орта мектебі» КММ

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Каленова Гүлжан Дәулетқызы

Пән: қазақ тілі

Сынып: 4 Б

Сабақтың мақсаты:

БМ: Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану негізінде Қазақ елі, жері туралы толық ақпарат бере білуге машықтандыру.

ТМ: Оқушылардың Қазақ елі, жері туралы ой-өрістерін кеңейту.

ДМ: Тапсырмалар орындау арқылы бірлікке, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ой қозғау» әдісі, «Атом және молекула» ойыны, «Қызықты суреттер» тәсілі, «Қар кесегі» сергіту жаттығуы.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, А4 қағаздар, маркерлер, Қазақстан туралы суреттер.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, дүниетану

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі;

II. Үй жұмысын тексеру;

III. Жаңа сабақ: мақсаты мен барысы;

IV. Сөздікпен жұмыс;

V. Тапсырмалармен жұмыс;

VI. Сабақты бекіту;

VII. Үйге тапсырма беру;

VIII. Қорытындылау, бағалау.

IX. Рефлексия



I. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл-күй қалыптастыру үшін «Шаттық шеңбері» тренингін өткізу. Оқушылар ортаға шығып, шеңбер құрайды. Шеңберде тұрып бір-біріне жақсы тілектерін айтады.



II. Үй жұмысын тексеру: тест сұрақтары бойынша тексеру.

III. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру:

  • тақырыпқа байланысты сөздікті меңгеру;

  • грамматикалық тақырыпты игеру;

  • тақырып бойынша сұхбаттасу.

«Атом және молекула» ойыны бйынша оқушыларды топқа бөлу. Оқушылар сынып ішінде атомдар мен молекулалар сияқты еркін қозғалыста болады. Мұғалімнің басқаруымен әртүрлі сандар айтылады. Сол санға сәйкес әр ойыншы бір-біріне жұп таба білу қажет. Мысалы: 3 деген сан айтылғанда 3 ойыншыдан жиналып тұрып қалу қажет.

«Ой қозғау» әдісі:

– Балалар, біз қандай республикада тұрамыз?

– Қазақстан қандай мемлекет?

– 16-желтоқсан қандай мереке?

Биыл Қазақстан тәуелсіздігіне неше жыл болады?

– Қазақстанның ең алғашқы президенті кім?

– ҚР қандай рәміздерін білесіңдер?

Қызығушылықтарын ояту. Әр топ 1 минут ішінде «Қазақстан» сөзінен қысқа сөздер құрап А4 қағазына жазады. Мысалы: қазақ, ас, сан, т.с.с. Бір минут ішінде көп сөз құрған топ «бонус» ұпай жинайды. Оқушылар сабақ соңында ұпай санына байланысты бағаланады.

IV. Сөздікпен жұмыс: ел – страна

мемлекет – государство

астана – столица

тәуелсіз – независимый

ұлт өкілдері – представители наций

тұңғыш – первый



Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Оларды мәнерлеп оқу, мағыналарын түсіндіру. Аудит жүргізу. Оқушылар жеке, жұппен және өздігінен қайталайды, сөз тіркестерін, сөйлемдерді құрайды.

V. Тапсырмалармен жұмыс:

1. Тыңдалым. Оқылым. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.

Мен Қазақстанда .... . Қазақстан менің - ... . Қазақстанның астанасы - ... ... . Бұл - .... мемлекет. Биыл тәуелсіздігімізге ... жыл болады. Қазақстан республикасының ... президенті – Н.Ә.Назарбаев. Біздің мемлекетімізде .... ұлт өкілдері тұрады.

Мен өз Отанымды ... .

Керекті сөздер: тұрамын, елім, Астана қаласы, тәуелсіз, 25, тұңғыш, көп, жақсы көремін.

Мәтінді оқып, жаңа сөздерді қайталау.
2. Ой толғаныс. Әр топ мәтінде кездескен жаңа сөздерді жазу арқылы кластер құрастырады. Кластерді пайдаланып, «Қазақстан» тақырыбына сөйлемдер құрастырады.

Отан


тәуелсіз 25 жыл


Қазақстан

көп ұлтты мемлекет тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев

Астана рәміздер

елім, жерім

жақсы көремін
3. Сергіту сәті. «Қар кесегі» ойыны. Оқушыларға ақ қағаздар таратылады. Олар осы қағаздарға тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді орыс тілінде жазада. Жазып болған соң қағаздарын мыжып, бір-біріне лақтырып ойнайды. Мұғалім тоқтатқан уақытта, қолдарына түскен қағаздарды ашып, ішіндегі сөздердің аудармасын айтып, сөз тіркесін құру қажет.
4. «Егіздер» стратегиясы бойынша екі бағанда берілген сөздер мен сөз тіркестерін сәйкестендіріп, сөйлемдер құру.

Қазақстан тұрамын

Қазақстанның тұңғыш президенті - көп ұлтты мемлекет

Мен Қазақстанда жақсы көремін

Мен өз Отанымды тәуелсіз мемлекет

Қазақстан Астана қаласы

Қазақстанның астанасы Н.Ә.Назарбаев
VI. Бекіту. Математикалық амалды пайдаланып, сөйлем құрастыр.

Қазақ + станның – ның + тәуелді – ді + сіздерге – ге – дер + мемлекетті – ті.

Мен + Отанымды – ды + жақ + сы + ның – ның + көше – ше + ге – ге + ре + мін.
VII. Үйге тапсырма.

Жаңа сөздерді жаттау. Тақырыпқа байланысты 5 мақал жаттап келу.
VIII. Қорытындылау. Бағалау.

Жиналған «Бонус» ұпайлары бойынша топтар бағаланады.


IX. «Бестен алу бес» рефлексиясы. Оқушыларға ақ қағаздар таратылады. Олар осы қағаздарға өздерінің алақандарын бастырып, әр саусаққа сабақтан алған әсерлерін жазады. Жазып болған соң саусақтарға жазылған сөздерден ортақ қорытынды шығарып, қолдың білезігіне жазады. Содан соң ойларын ортаға салады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет