|
|
бет | 71/90 | Дата | 15.12.2019 | өлшемі | 0,72 Mb. | | #53614 |
| Байланысты: 7 cынып мұғалім кітабы7—8-сабақ
Сабақ тақырыбы:
|
Наурыз бен ақпан.
|
Білімділік:
|
Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы наурыз мейрамы туралы жан-жақты ақпарат беру.
|
Дамытушылық:
|
Түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы тақырыпқа қатысты атауларды меңгерту.
|
Тәрбиелік:
|
Тілдік коммуникация барысында рухани құндылықтар мен көне жәдігерлерді құрмет- теуге тәрбиелеу.
|
Сілтеме:
|
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
|
Жетістік критерий- лері:
|
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты мәтіндерді мәнерлеп оқиды, мәтіндерден тақырыпқа қатысты негізгі ақпаратты таба алады.
|
|
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында мәтіндерді талдау, сипаттау арқылы наурыз бен ақпан жайлы ақпарат бере алады.
|
|
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): жаңа тақырып аясында шағын мәтін құрай алады, сыныптастарымен сұхбаттасады.
|
Жаңа сөздер:
|
Араз, бақ, атақ.
|
Сабақта қолданы- латын материалдар:
|
Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, тақырыпқа қатысты су- реттер, сызба, альбомдар мен буклеттер, түрлі-түсті қарындаштар мен фломастерлер, маркерлер, парақшалар.
|
Оқыту әдістері:
|
Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, «Сөйлемді аяқта!» ойыны, синквейн, жағдаяттық тапсырма, диалог, Венн диаграммасы, «Шағын шолу» тәсілі.
|
Дереккөздері:
|
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
|
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
|
Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің не- гізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.
|
Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смай- лик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т. б.) салады.
|
Өткен сабақты тексеру
|
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшілік- терді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
|
Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.
|
І. Қызығушы- лықты ояту
|
Оқушыларды жаңа сабаққа кіргізу мақсат- ында Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты слайдтар көрсетеді, ой шақыру сұрақтарын
қояды: — Балалар, ақпан, наурыз айлары жайлы
не білесіңдер? Олар несімен ерекшеленеді?
|
Сұрақтарға жауап береді.
|
ІІ. Мағынаны тану
|
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактив-
ті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды,
оқушыларға қайталатады.
|
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауыз-
ша жаттығу жүргізеді.
|
|
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Айтылым. Оқулықтағы 1, 3-тапсырманы орын-
датады.
|
Айтылым. «Сөйлемді аяқта!» ойынының шартын орындайды, диа- логті жалғастырады.
|
|
Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орында- тады.
|
Жазылым. 5 сөйлем құрап жазады.
|
|
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.
|
Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, мәнерлеп оқиды.
|
|
Ә) Жазылым. Оқулықтағы 5-тапсырманы орында- тады.
|
Жазылым. Мәтіндегі қою қаріппен жазылған сөздердің мағынасын аудармасымен бірге дәптеріне жазып алады.
|
|
Б) Айтылым. Оқулықтағы 6, 8 –тапсырманы орын- датады.
|
Айтылым. Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіріп, сөз тіркесін құрайды, екі өлеңнің мазмұнын Венн диаграммасына түсіреді.
|
|
4. Сергіту сәті. Оқулықтағы 7-тапсырма- ны орындатады. Оқушыларға түрлі-түсті
қарындаштар мен фломастерлер, маркерлер тара-
тады, тапсырманың шартын түсіндіреді.
|
Сынып төрт топқа бірігеді, өлеңді оқиды, сюжеттерді бірігіп талдайды, әр топ өлең сюжетіне сурет салады, сипаттайды.
|
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
|
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Айтылым.
Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.
|
Жазылым. Айтылым. «Мен ақын болсам...» тақырыбында өзі жырла- ғысы келетін жыл мезгілінің суретін салады, оқшау сөздің түрлерін қатыстырып айтады.
|
ІІІ. Ой толғаныс
|
Оқулықтағы 11-тапсырманы орындатады.
|
Жазылым. Айтылым. Жағдаяттық тапсырманы орындайды.
|
IV. Бекіту
|
А)Оқулықтағы 12-тапсырманы орындатады.
|
Синквейн дайындайды.
|
|
Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.
|
Сөйлемдерді оқиды, талдайды.
|
V. Бағалау
|
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.
|
Оқушыларға аты-жөндері жазылған өзара бағалау парағын береді. Әр аттың тұсына өз бағаларын қояды.
|
VI. Үйге тапсырма
|
Оқулықтағы 10 -тапсырманы орындау.
|
|
VII. Рефлексия
|
Күн шапақтары салынған А4 парағын таратады.
|
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін күн шапақтарына жазып, тақтаға іледі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|