Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет76/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

5—6-сабақ





Сабақ тақырыбы:

Мағжан — ұлы ақын.

Білімділік:

Тілдік коммуникация негізінде ұлы ақын жайлы ақпарат беру.

Дамытушылық:

Қазақша сөйлеу тілін жетілдіру арқылы оқушының сөйлеу әдебін қалыптастыру.

Тәрбиелік:

Шағын мәтіндер арқылы оқушылардың қазақша кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қарапайым тілдік үлгілер арқылы М. Жұмабаев жөнінде ақпарат бере алады.




Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырыпқа қатысты сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы жазушының шығармашылығын сипаттайды.




Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): мәтіндегі сан есімдерді ажырата алады, жа- зушы жайлы мәтін құрайды.

Жаңа сөздер:

Сауат ашу, үлгерім, шынайы, сыршыл.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, М. Жұмабаевтың суреті, А4 парағы, маркерлер, элек- тронды оқулық, плакат, үлестірмелі материалдар, парақшалар.

Оқыту әдістері:

Ә Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, диалог, диаграмма, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік, Білгеннің пайдасы (Балалар әдебиетінен электронды кітапхана).

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.

Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т. б.) салады.




Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығу- шылығын ояту мақсатында мақсатында электронды оқулықтан М. Жұмабаевтың шығармаларынан үзінді оқып береді, Ин- терактивті тақтадан ақынға байланысты дайындаған слайдтарды көрсетеді. Ой шақыру сұрақтарын қояды: — Балалар,

М. Жұмабаев жайында не білесіңдер? Қандай

шығармаларын оқыдыңдар?


Шығармаларды тың

дайды, сұрақтарға жауап береді.



ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша

жаттығу жүргізеді.





2. Мәтіналды жұмыс. А) Оқылым.

Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.



Оқылым. Суретке қарайды, қазіргі жас тар не істейтінін оқиды.




Ә) Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Суреттер

ді пайдаланып, жауап береді.






Б) Жазылым. Оқулықтағы 3, 4-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Сөздерге топтау сан есімнің жалғауларын жалғап жазады, сөйлемдер құрастырады, диаграмманы толтырады.




3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Оқулықтағы 5-тапсырманы орында- тады.

Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, түсініп оқиды.




Ә) Оқылым. Оқулықтағы 6-тапсырманы орын- датады.

Оқылым. Мәтінге сүйеніп, ақпараттың дұрыстығын тексереді, түсіндіреді.




4. Сергіту сәті. Күнделікті сергіту жаттығуын жасатады.

Сергіту жаттығуын жасайды.




5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым.

Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.



Жазылым. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жазады.

ІІІ. Ой толғаныс

Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Диалог құрады.

IV. Бекіту

Жеке жұмыс. Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Сөйлем құрап жазады.




«Есте сақта» айдарымен берілген сөз тіркест- ерін оқытып, талдатады.

Берілген сөз тіркестерін, талдайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушы- лардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 7-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Күн шапақтары салынған парақ таратады.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін күн шапақтарына жазып, тақтаға іледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет