1-сабақ (1 сағат) КіріспеТақырыбы:«Математика – ғылымдар патшасы»
2-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Әлемге танымал математиктер»
Әлемге танымал математиктер жайлы мәлімет беру. Қызықты деректермен таныстыру.
3-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Сандар. Сандардың шығу тарихы. Сандар сыры»
Сандар туралы мәлімет. Натурал сандартарихы, сандар мен цифрлар сыры, заңдылық.
4- сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Сандар сыры»
Үлкен сандар. Ұжымдық санау. Көп таңбалы сандармен жаттығу. Разрядтар кестесімен танысу.Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып, есептердің шығару жолдарын үйрену.
5-сабақ (1 сағат) Тақырыбы. «Логикалық тапсырмалар»
Ойлау қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмалар беру.
6- сабақ (1 сағат) Тақырыбы: Зерттеу жұмысы: «Таңғажайып шаршы»
Сіріңкенің көмегімен есептер шығару.
7 -сабақ (2 сағат) Тақырыбы:«Олимпиада есептері»
Бастауыш сынып оқушылары арасында болатын олимпиада есептерін шығаруға үйрету.
8- сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Білгірлер сайысы»
«Бәйге» ойынын ойнату арқылы математикалық ребустар, сөзжұмбақтар шешу.
9, 10-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Жоба жұмысы»
«Ұлы математиктер», «Сандар сыры», «Қызықты геометрия» және т.б. тақырыптарда жоба жұмысын жазу, қорғау.
11-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Геометрияға байланысты логикалық есептер»
Геометрияға байланысты логикалық есептер шығару.
12-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Қызықты пирамида»
Көп таңбалы сандарды салыстыру үшін олардың сәйкес разряд бірліктерін қарастыру. Соған сәйкес тапсырмалар орындау.
13-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Қалаларға саяхат»
Ойын арқылы ұзындық және оның өлшем бірліктері. Соларға байланысты өзара кері есептер құру, шешу.
14-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Математикалық эстафета»
Масса және оның өлшем бірліктері. Ауырлық өлшеуіштерін өмірде пайдалану.