Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет68/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

Оқу қызметін қорытындылау 
Уақыт: 5 минут 
Рефлексия
Неғұрлым көп оқысаң, бақыласаң, саяхаттасаң, яғни әлемді әр түрлі тәсілдермен танысаң, ой-
өрісің де соғұрлым кең болады.
Ой-өрісің неғұрлым кең болса, қажет жағдайда соғұрлым көп идеялар пайда болады. 
Креативті шешімдер табуға көмектесетін құралдар бар.
Үй тапсырмасы: 
Үйде жақындарыңмен осы жаттығуды қайталап көріңдер. Оларды креативтілікті дамыту 
құралы ретінде әртүрлі жастағы адамдармен орындауға болады. 
 
 
 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
86 
31-сабақ 
 
Тақырыбы: Креативті ойлау дағдыларын дамыту.
Ұғымдар: креативтілік және тиімділік. 
Сабақтың мақсаты: оқушыларды креативті ойлау қабілетін дамыту дағдылары бойынша 
жаттықтыру. 
Әдістері: жаттығулар, әңгімелесу. 
Ресурстар: жаттығулар, жаттығуларға арналған материалдар. 
Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт:
5 минут
Сергіту сәті 
Уақыт: 5 минут 
Процесі: 
Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Мұғалім «Алыптар!» деп айтқанда бәрі тұрады, ал 
«Ергежейлілер!» деп айтқанда бәрі отыруы тиіс. Тренер оқушыларды шатастырмақ болып, 
«Алыптар!» деп айтқанда өзі отыра қалады. 
«Драматикалық этюд» жаттығуы 
Уақыт: 15 минут 
Материалдары: тапсырмалар жазылған карточкалар 
Процесі: 
Оқушылар 5-6 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Әр топқа 8-10 сөзден тұратын карточка 
беріледі, сөздердің бір-бірімен логикалық байланысы жоқ (мысалы, қағаз, аю, асфальт, аспан, 
қорап, орамал). Әр топтың міндеті – осы сөздерді байланыстыратын бір сюжет құру, немесе 
осы сюжет бойынша драматикалық этюд көрсету. Дайындалуға 7 минут, қойылым көрсетуге 
3-5 минут беріледі. 
 
Жаттығудың психологиялық мәні:
ассоциацияларды айту, түрлі фрагменттерді бірыңғай 
сюжетке біріктіру дағдылары, сонымен қатар экспрессия мен командалық жұмыс дағдылары 
жаттығады. 
Талқылау: 
оқушылар осы жаттығу қандай білік пен дағдыларды дамытатыны жайлы айтсын, 
оларды қолдану мүмкін болатын өмірлік жағдайларға мысал келтірсін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет