Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан


«Креативті адамның қасиеттері» ой-талқысы



Pdf көрінісі
бет65/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

«Креативті адамның қасиеттері» ой-талқысы 
Уақыт: 5 минут 
Материалдары: плакаттар, маркерлер 
Процесі: 
Мұғалім-тренер жүргізеді. 
Ой-талқы қорытындысы – мұндай қасиеттер бәрінің бойында бар, оларды тек дамыту керек! 
 
 
 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
82 
«Ілгіш» жаттығуы 
Уақыт: 10 минут 
Материал: орындық 
Процесі: 
Оқушылар 3-4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді, олар 2 тізім жасауы тиіс. 
1. Ілгішпен істеуге болатын нәрсе. 
2. Ілгішпен істеуге болмайтын нәрсе. 
Бұл қарапайым киім ілгіші. 
5 минут уақыт беріледі, сосын тізімді бәрі оқиды. Одан кейін 2-ші тізімді 1-ші тізімге 
айналдыру жолдарын ойлап табу керек. Бұл жұмысқа қосымша 3-5 минут уақыт беріледі. 
Жаттығудың психологиялық мәні: 
оқушыларды түрлі ерекше идея айтуға ынталандыру. 
«Мүмкін» және «мүмкін емес» ұғымдарының қатысты екенін, олардың жағдайға байланысты 
екенін көрсету. 
Талқылау.
Әр топтың өкілдері қандай «мүмкін емес» ұғымынан мүмкін ұғым жасағанын және 
қалай жасағанын айтады. Егер қандай да бір сөйлем «мүмкін емес» тізімінде қалса, ол немен 
байланысты? Неге оқушылар оны түрлендіре алмады? Сосын оқушылар өмірде мүмкін емес 
болып көрінген нәрсені қалай орындағандарын айтады. 
Бұл тапсырмада еркіндік және тату түрде жарысу атмосферасы маңызды. Идеялар таусылған 
кезде ойынды қорытындылап, оқушылардың ойына келген алуан түрлі идеяларға риза 
екендігіңізді білдіріңіз. Оларға рақмет айтыңыз.
«Назар аударыңдар – ойлау қабілетінің креативтілігі деген осы. Ол әрқайсымызда бар, тек 
өзімізге оны пайдалануға мүмкіндік беру қажет». 
Оқу қызметін қорытындылау 
Уақыт: 5 минут 
Рефлексия
:
Әсерлермен бөлісіңдер: 
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? 
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет