БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
78
«Айырмашылықтар айсбергі» жаттығуы
Уақыт: 10 минут
Материалдары: плакат, поститтер, маркерлер, қаламдар
Процесі:
Оқушылар плакатқа айсбер салады, оның жартысы су астында, жартысы су үстінде болады.
Одан кейін мұғалім «бәріміз әртүрліміз, бір-бірімізден ерекшеленеміз, бұл айырмашылықтар
да түрліше қабылданады» деп айтады. Кейбірі адамның сыртқы айырмашылықтарына (сырт
келбеті, денесі, киімі және т.б.) қарап, оны талқылайды, мазақтайды; ал басқалары адамның
ішкі айырмашылықтарын байқайды (мінезін, ұстанымын, жан дүниесін және т.б.)
Топ адамдардың айырмашылықтарын жазуы тиіс (кез келген адамның) Мұғалім әрқайсысын
поститке
жазып алып, топтан ол поститті қайда жабыстыру керектігін айтады: бұл ретте
айсберг – ол адам, үстіңгі бөлігі – адамның сыртқы келбеті, ал төменгі бөлігі – адамның жеке
ерекшеліктері, көзге көрінбейтін айырмашылықтары.
Жаттығуды жабу кезінде әрқайсымыз бұл айырмашылықтарды
қалай қабылдайтынымыз
жайлы сөйлесуге болады. Бір жағынан олар объективті, екінші жағынан олар көзге көрінбейді.
Адамдарда «шыдамсыздық» сезімі неліктен пайда болып, онымен қалай күресуге болатынын
талқылауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: