Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет58/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт:
5 минут
«Итерушілер» жаттығу-сергіту сәті 
Уақыт: 5 минут 
Процесі: 
Оқушылар жұп болып бөлінеді және бір-бірінен шамамен 1 м арақашықтықта тұрады. 
Әрқайсысы бір аяғымен тұрып, екіншісін бүгеді. Оқушылар қолдарын созып, алақандарын бір-
біріне қаратып, бір-бірін итере бастайды. Қарсы тұрған оқушының екінші аяғын түсірту 
және/немесе орнынан қозғалту үшін тепе-теңдігін бұзу керек. Әр минут сайын мұғалімнің 
нұсқауы бойынша жұптар ауысады. Ойынның жалпы ұзақтығы 3-4 минут. Қыз-қыз, ұл-ұл 
жұптар ғана емес, қыз-ұл жұптар да күш сынасып көрсін. 
Жаттығудың психологиялық мәні:
ойын манипуляция мәнін көрсетеді. Онда күресу немесе 
ептілікті көрсету емес, ең алдымен серіктеске алаяқтық қолданып әсер ету маңызды. Өз 
мақсатын көрсетпей, оны аяқ астынан іске асырған оқушы жеңеді. Осы жаттығудан жанжалдар 
туралы тақырыпты айтып бастауға болады. 
«Жанжалды жағдайлар» ой-талқысы 
Уақыт: 15 минут 
Материалдары: плакаттар, маркерлер 
Процесі: 
3 шағын топ құрыңыз. Тапсырма – плакаттарға оқушылардың өмірінде болған жанжалды 
жағдайлардың мысалдарын жазу. Бірінші топ – үйдегі, отбасыдағы жанжалды жағдайларды 
жазады. Екінші топ – достарымен, құрдастарымен болған жанжалды жағдайларды жазады. 
Үшінші топ – мектептегі жанжалды жағдайларды жазады. 
Жазуға берілген уақыт – 5 минут. 
Соңында презентация және талқылау болады. 
Оқушылармен бірге «жанжалды жағдай» ұғымының бірыңғай анықтамасын тұжырымдаңыз. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
72 
Теориялық материал 
Уақыт: 10 минут 
Мұғалім-тренерге арналған ақпарат: 
Жанжал дегеніміз не? 
Бәріміз дерлік жанжалды жағдайға тап болып, оны қандай да бір жолмен шешкен шығармыз. 
Жанжал
– бұл қақтығыс (лат. сonflictus – қақтығыс), осылайша пікірлер, күштер, 
қызығушылықтар, әуестіктер, талаптар соқтығысуы мүмкін. Тізімді қалағанымызша 
жалғастыруға болады, өйткені адам сезімдерінің көріністері көп қырлы және адамды жанжалға 
итермелейтін себептер де әртүрлі. Қалай болғанда да, жанжалдар өмірімізде үлкен орын алады. 
Жанжалдың себебі неде?
Ішкі жанжалдың себептері: оқуға, өз міндеттеріне деген көзқарас, оқу орнын өзгерту, 
бастықтың ескертулері, мұғалімнің талаптары, отбасыдағы түсініспеушілік, билік үшін күрес, 
қызғаныш және басқа да көптеген себептер.
Сыртқы, топ арасындағы жанжалдың себептері: көзқарастардың сәйкес келмеуі, бәсекелестік, 
нәтижеге қол жеткізудегі әртүрлі мақсаттар және басқалардың осы мақсаттарды қабылдамауы. 
Жанжал – ол қайғылы жағдай емес
, керісінше, сынып ұжымы, отбасы, оқу орны болсын, 
адамдар қауымдастығында пайда болатын табиғи процесс. Егер жанжал шындықты анықтау 
жолында шектен шықпаса, ол көбінесе жағдайды шешудің оңтайлы жолын табуға көмектеседі. 
Мұндай даулар тіпті жеке тұлғаның өсуіне, ұжымды біріктіруге және қарым-қатынасты 
нығайтуға ынталандырады.
Бірақ қарым-қатынас мінсіз бола бермейді. Пікірлер, бағалар, көзқарастар, мақсаттар сәйкес 
келмей, нәтижелер қанағаттандырмаса, жетістікке жету әдістері ұнамаса, онда «ұшқыннан 
жалын шығады»: жанжалдар, айыптаулар, қорлау, дау-дамай басталады.
Нәтижесінде жаман, жайсыз көңіл-күй, күйзеліс, жындану, ыңғайсыздық пайда болады. 
Досыңды, сыныптасыңды, ата-анаңды ренжітіп аласың.
Зерттеушілердің пікірінше, жанжалға қатысқан адамның ақыл-ой белсенділігі 70%-ға 
төмендейді. Мұның маңыздылығы осында. 
Біз осы тренингтен үйренетін ең маңызды нәрсе. Жанжалды жағдайлар кез келген жерде, кез 
келген уақытта, кез келген адаммен туындауы мүмкін. Жанжалды жағдайды шешуге 
болатындығын түсіну өте маңызды. Біз мұны бірге зерттейтін боламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет