БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
76
Жанжал кезіндегі мінез-құлық стильдері бойынша көріністер
Уақыт: 15 минут
Процесі:
5 шағын топ құрыңыз, әрқайсысына бір-бір стильді бейнелеу тапсырмасын беріңіз. Көрініс
ойлап тауып, оны қою үшін уақыт беріңіз. Мүмкін болса, барлық оқушыларды тартыңыз.
Орындау уақыты – 7-10 минут.
Көріністерді көрсету. Талқылау.
Ешбір себепсіз, «сөзден сөз шығып», жанжалдың пайда болатын кездерін талқылау.
Теориялық блок
Уақыт: 5 минут
Мұғалім-тренерге арналған ақпарат
Конфликтогендер
– жауап ретінде агрессия тудыратын және жанжалдың шиеленісуіне әкеп
соғатын сөздер.
Конфликтоген түрлері:
-
Орынсыз және қорлау мақсатында айтылатын сөгістер.
-
Теріс мағынада жалпылау, «белгі салу».
-
Басқа адамның өзін қалай ұстау керектігі туралы жағымсыз кеңестері, нұсқаулары.
-
Әңгіме тақырыбына қатысы жоқ немесе әңгімелесуші өзгерте алмайтын фактілерді көрсету.
-
Әңгімелесудің шекарасын білмеу, кез келген тақырыптарды қозғау.
-
Орынсыз ирония, сарказм.
-
«Ішіндегісін ақтару» мақсатындағы ұрыс сөздер, қарғыс, қорлайтын сөздер.
Оқу қызметін қорытындылау
Уақыт: 5 минут
Рефлексия
:
Әсерлермен бөлісіңдер:
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер?
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?
Үй тапсырмасы:
Достарыңмен сөйлесіңдер. Жанжал кезінде кім өзін қалай ұстады? Негізі адамдар жанжалға
түскенді ұната ма?
БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
77
28-сабақ
Тақырыбы: Жанжалдар.
Ұғымдар: жанжал, өзін-өзі анықтау, жанжалдан сындарлы шығу жолы.
Сабақтың мақсаты: жанжалды жағдайларда әрекет ету дағдыларын жаттықтыру;
оқушыларды сындарлы шешімдерді іздеуге ынталандыру.
Әдістері: әңгімелесу, жаттығулар, жеке жұмыс, дәптермен жұмыс істеу.
Ресурстар: жаттығулар, жұмыс дәптерлері, плакаттар, маркерлер, жаттығуларға
арналған материалдар.
Достарыңызбен бөлісу: |