Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет60/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт:
5 минут
«Жақсы. Жаман» сергіту сәті 
Уақыт: 10 минут 
Процесі: 
Шеңберге тұру қажет. Бірінші оқушы «... жақсы, себебі...» деп бастап, әлдебір жағдайды 
айтады, келесі оқушы «... жаман, себебі...» деп айтып, оны жоққа шығарады. 
- Көктемде күн шыққаны жақсы, себебі қар еріп, далада серуендеуге болады. 
- Көктемде күн шыққаны жаман, себебі адамдар ыстықтап, өсімдіктер тым жылдам гүлдейді. 
- Адамдардың ғарышта өмір сүрмейтіні жақсы, себебі басқа ғаламшарлар Жерге мүлдем 
ұқсамайды. 
- Адамдардың ғарышта өмір сүрмейтіні жаман, себебі ғылымымыз дамитын еді. 
- «ВКонтакте» желісінде музыка тыңдауға болатыны жақсы, себебі кез келген әнді тауып, 
жүктей аламыз. 
- «ВКонтакте» желісінде музыка тыңдауға болатыны жаман, себебі әншілер ол үшін ақша 
алмайды. 
Сергіту сәтін «Қалай ойлайсыңдар, ойын не үйрете алады?» деп аяқтаңыз. 
Кез келген жағдайдың жақсы және жаман тұстарын табуға болады. Өмірдегі әртүрлі 
оқиғаларға қалай қарайтынымыздан әртүрлі жанжалдар мен түсініспеушіліктер туындауы 
мүмкін. Енді жанжалды жағдайда өзіңді қалай ұстап, сезіну керектігі туралы сөйлесейік. 
Теориялық блок. Жанжалды жағдайдағы мінез-құлық стильдері 
Уақыт:
5 минут 
Материалдары: плакаттар, маркерлер 
1. «
Тасбақа
» (жалтару, аулақ болу). «Тасбақалар» жанжалды болдырмас үшін қашып кетіп, 
сауытына тығылады. Олар өз мақсаттарынан бас тартып, жанжалды туындататын даулы 
мәселелерден де, жанжалға қатысы бар адамдардан да аулақ болады. Олар жанжалды шешу 
пайдасыз іс деп санайды. Олар үшін жанжалмен беттесуден гөрі, одан қашу (физикалық немесе 
психологиялық тұрғыдан) оңайырақ. 
2. «
Акула
» (бәсекелесу, мәжбүрлеу). «Акулалар» қарсыластарын жанжалды шешуге 
мәжбүрлеу арқылы сендіруге тырысады. «Акулалар» үшін ең бастысы – өз мақсаттары, ал 
адамдармен қарым-қатынас олар үшін екінші орында тұрады. Олар өз мақсаттарына қалай да 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
75 
жетуге дайын. Олар басқаларға ұнауға тырыспайды. «Акулалар» жанжалдар біреу жеңген 
кезде шешілетініне сенеді. Олар қарсыластарына кенеттен тап беріп, оларды қорқыту, күш 
көрсету арқылы жеңуге тырысады. 
3. «
Қонжық
» (бейімделу). «Аюлар» үшін бастысы – жақсы қарым-қатынас, ал өз мақсаттары 
олар үшін маңызды емес. Олар бәріне ұнауға тырысады, басқалардың оларды жақсы көріп, 
бағалағанын қалайды. 
4. «
Түлкі
» (ымыраға келу). «Түлкілер» өз мақсаттарын да, адамдармен қарым-қатынастарын да 
аса талғамайды. Олар жанжал кезінде өз талаптарының бір бөлігін құрбан етеді және басқа 
адамды өз мақсаттарының бір бөлігін құрбан етуге көндіреді. Олар екі жаққа да пайда тигізетін 
шешім іздейді. Олар ортақ игілік үшін келісім табу мақсатында өз талаптарының бір бөлігін 
де, қарым-қатынастарын да құрбан етуге дайын. 
5. «
Үкі
» (ынтымақтастық). «Үкілер» мақсаттары мен қарым-қатынастарын өте жоғары 
бағалайды. Олар жанжалды шешілетін мәселе ретінде қарастырады және өз мақсаттары мен өз 
тарапының мақсаттарын қанағаттандыратын шешім іздейді. «Үкілер» жанжалды екі адам 
арасындағы шиеленісті жеңілдету арқылы қарым-қатынастарды жақсарту құралы ретінде 
қабылдайды. «Үкілер» өздерін де, басқасын да қанағаттандыратын шешім табылмайынша 
тынышталмайды. 
Талқылау: 
- Қандай стратегия жақсы? Қалай ойлайсыңдар? 
Төменде қандай стратегияны қашан қолдану керектігі туралы бірнеше нұсқаулар берілген.
Жанжалға түскен қос тарап өз қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын ортақ мүддені тапқан 
кезде ғана ынтымақтастық болуы мүмкін. Бұл алманы бөлісе алмаған екі адамның мысалы 
сияқты. Бірақ іс жүзінде олардың біріне бәліш пісіру үшін алманың жұмсағы, ал екіншісіне – 
компот дайындау үшін оның қабығы керек болды. Қажет нәрсені бірден анықтағанда ешқандай 
жанжал болмас еді.
Ынтымақтастық – жанжалдарды шешудің ең жақсы тәсілі, бірақ өкінішке орай, ол әрдайым 
мүмкін болмайды; біреудің мақсаттарға жетуі екінші адамның жеңілуін білдіретін жағдайлар 
өмірде көп кездеседі (классикалық мысалдар – екі жігіт қызға «таласады» немесе екі спорт 
командасы плей-офф матчын өткізеді). 
Бәсекелестік – ол стратегия, оны келесі екі шарт орындалған кезде қолдану қажет: 
Сен үшін жанжалдасып жатқан адаммен достық қарым-қатынастан гөрі жанжалдың себебі 
маңызды. 
Сен күшіңнің артықшылығына сенімдісің. Ақыр соңында, егер бәсекелестікті бастасаң, саған 
дәл солай жауап беруі мүмкін. 
Бейімделу, керісінше, сен үшін жақсы қарым-қатынасты сақтау жанжал себептерінен гөрі 
маңызды болған немесе жоғары күштің қысымына тап болған кезде пайдалы болады. Жалғыз 
келе жатқан, қаруы жоқ жолаушы пышақ және тапаншамен қаруланған үш зұлым қарақшымен 
бәсекелеспегені жөн. 
Егер жанжалға себепші нәрсені бөліп, дауға қатысқан адамдардың қажеттіліктерін ішінара 
қанағаттандыру мүмкін болса, онда ымыраға келуге болады. Ал егер өз тыныштығың жанжал 
себебінен гөрі қымбат болса және басқа адамдар өз қажеттіліктерін қанағаттандыру 
мақсатында сені жанжалға тартса, онда аулақ болған жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет