Қазақстан республикасының жоғарғы білім және ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы оңтүстік Қазақстан университеті
«Тарих және педогогика» факультеті
«Мектепке дейінгі оқыту және бастауышты оқу әдістемесі мен теориясы» кафедрасы
Эссе
Тақырыбы: “Менің арманымдағы Қазақстан”
Орындаған: Сейдалы Гауһар
Тобы: ТП-20-10-ДТК
Байланыс номері: 87715810056
Электрондық поштасы:
2022-2023
Барлығымыз өмір бойы бір дүниені армандаймыз. Әлдебіреу үйдегі жайлылықты армандаса, біреу жаңа көлікті, енді біреу әлемдегі тыныштықты армандайды. Яғни адамның қиялы мен арманында шек жоқ. Бүгінгі менің арманым мен армандаған ел туралы және өз елімді қиялымдағы бейнеме айналдыруым үшін нені және қалай өзгертуім керек деген сауалға жауап беремін. Менің арманымдағы Қазақстан қандай? Бұл өте ауқымды терең сұрақ, әрі әр адам бұл сұраққа өзінше жауап береді. Алайда барлығымыздың жауабымыздың бір ұқсастығы болады, себебі арманның көпшілігі адамға шын мәнінде не жетіспейтіндігін білдіреді. Демек әрқайсымыздың жауабымызда болашақтағы Қазақстаннан не қалайтындығымызды білдіреді. Жоғарыдағы сұраққа өз жауабымды айта өтсем менің арманымдағы Қазақстан, болашағынан үлкен үміт күттіретін, әрі дәл қазіргі сәтте мақтан тұтатындай ел болғанын қалаймын. Еліміздің басым жақтарын одан әрмен дамытып, кем - кетік тұстарын түзесек, жетілдірсек әрқайсымызда мақтан ететін елге айналады емес пе?
Қазақстан елі тәуелсіздігін алғалы 30 жылдан асып келеді, осы жылдар аралығында түрлі өтпелі кезеңдерден өттік, енді етек жеңімізді жиып жаһандану заманында көш соңына қалмай, іргетасы берік, жаңа идеялары мен озық технологиялары бар, білім сапасыда жоғары, рухани құндылықтарымызды да жоғалтпайтындай дамыған ел қатарынан көрінуіміз керек. Ал қазіргі Қазақстанның жағдайы қандай? Аталған сөздерге сай келемізбе? Әлихан Бөкейханов бастаған алаш арыстарымыздың ұлты үшін, тілі үшін, азаттығы үшін атылып бара жатып айтқан соңғы сөздері “Жігіттер мойымаңдар, кеуделеріңді тік ұстаңдар, Сендер ұлт үшін, ұлттың азаттығы үшін атылып барасыңдар. Біз күткен таң ерте ме, кеш пе атады” Бабаларымыз күткен ақ таңымыз тәуелсіздігімізді алдық, енді кезекте еліміздің гүлденуі үшін әрекет жасаумыз керек.
Сөзімді қорытындылай келе мен армандаған Қазақстанның экономикасы шикізаттық бағытынан арылып, әртараптандыру, индустрияландыру жолына түскен, ана тілімізде еркін, таза сөлей білетін жастары бар, жалқаулыққа салынбай жаңа идеялары мен тың серпіліс жасай білетін халқы бар, халқы мелекетіне деген қорқынышын жеңген, мемлекеті өз азаматтарына адал, “бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарған” менің арманымдағы кемел Қазақстан! Бұл арман тек арман ғана болып қоймай бірлесе ұлт болашағы үшін, кемел Қазақстан үшін бір үйдің баласындай әрекет етуміз керек!
Достарыңызбен бөлісу: |