БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
17
6-сабақ
Тақырыбы: Команда.
Ұғымдар: команда, өзара әрекеттесу, командалық жұмыс.
Сабақтың мақсаты: айналадағы адамдармен өзара түсініктік орнататын бірлескен қызмет
пен әрекет дағдыларын меңгеру; тиімді командалық жұмысты қалыптастыратын
құралдармен жұмыс істеу.
Әдістері: ой-талқы, жаттығулар.
Ресурстар: плакаттар, маркерлер, жаттығулар, теориялық материал.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы
сұрау, позитивпен бөлісу).
Уақыт:
5 минут
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап,
орындау.
Уақыт:
5 минут
«Команда дегеніміз – ол...» ой-талқысы
Уақыт:
10 минут
Материалдары: плакаттар, маркерлер
Процесі:
2 шағын топ құрыңыз. Бір топ команданың анықтамасын, оның белгілерін жазуы керек:
«Команда дегеніміз – ол...» Екінші топ «адамдар тобының» анықтамасын жазуы керек.
Плакат жасау уақыты – 5 минут.
Презентация жасау – 5 минут.
Біз бұл айырмашылықты ұғымдардың өзінде келтіреміз, осылайша оқушылар оларды
үйлесімді жұмыс істеп, процеске толық қатысуды сезінгенде – «команда» ретінде және бұл
сезімдер болмаған кезде – «топ» ретінде ажырататын болады.
Достарыңызбен бөлісу: