«Көшбасшыны көрсет» жаттығуы
Уақыт: 10 минут
Процесі:
Оқушылар екі шағын топқа бөлінуі қажет. Тренер бір көшбасшыны тағайындайды. Екінші
шағын топ оның кім екенін білуі үшін, осы көшбасшыны іс-әрекеттерімен бейнелеп көрсету
керек. Дайындыққа берілген уақыт – 5 минут.
Нұсқалары:
Футбол командасының көшбасшысы.
Сыныптағы көшбасшы.
Шахмат құрамасының көшбасшысы.
Музыкалық топтың көшбасшысы.
Ірі компанияның көшбасшысы.
Әскери бөлімшенің көшбасшысы.
БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
12
«Көшбасшылық зымыраны» атты жеке жұмыс
Уақыт: 10 минут
Материалдары: жұмыс дәптері
Процесі:
Оқушылардан жұмыс дәптерлеріне сурет салуларын сұраңыз. Ол көшбасшының қасиеттері
мен сипаттамаларын бейнелеуі тиіс.
Оқу қызметін қорытындылау
Уақыт: 5 минут
Рефлексия
:
Әсерлермен бөлісіңдер:
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер?
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?
Үй тапсырмасы:
Жұмыс дәптерлеріңдегі жұмысты аяқтаңдар.
БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
13
4-сабақ
Тақырыбы: Көшбасшылық.
Ұғымдар: көшбасшы, көшбасшылық, көшбасшылық дағдылары және қасиеттері.
Сабақтың мақсаты: көшбасшының өз қызметіне және айналасындағы адамдарға
жауапкершілігін түсіну.
Әдістері: жаттығулар, әңгімелесу.
Ресурстар: әрбір оқушыға арналған А3 парақтары (А1 парағының жартысы), қалам,
қарындаштар, фломастерлер, поститтер, екі коллаж үлгісі және қатысушыларға арналған
материалдар.
Достарыңызбен бөлісу: |