БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
7
Топтық өсу кестесі
Уақыт: 5 минут
Материалдары: жұмыс дәптері
Процесі:
Оқушыларға топтағы сезімдері жұмыс барысында өзгеруі мүмкін екенін айтыңыз. Жеке
топтық өсу кестесін толтыруды ұсыныңыз, осылайша жылдың соңына қарай бір жыл бойы
топтарында не болғанын, өзара қарым-қатынастары қалай өзгергенін талдай алады. Бұл
олардың жеке пікірі.
Дәл қазір топта өздерін қалай сезінетіндерін түсініп, __ бетіндегі (№ алдын ала қараңыз)
кестедегі бірінші бағанды толтыруды ұсыныңыз.
Топтың әрбір қатысушысы бағандарды өз бетінше толтырады.
Сұрақтарға шын жүректен жауап беруді сұраңыз, өйткені олардың жауаптарын ешкім
көрмейді.
Оқу қызметін қорытындылау
Уақыт: 5 минут
Рефлексия
:
Әсерлермен бөлісіңдер:
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер?
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?
Үй тапсырмасы:
Топ мүшелеріне жақын болу үшін олардан не туралы сұрағыларың келетінін ойлаңдар.
БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
8
«Көшбасшылық» бөлімі
Мақсаты:
оқушыларға өмірдегі көшбасшылық қасиеттердің маңыздылығын көрсету.
Қалаулы нәтиже:
оқушылар көшбасшылық – бұл дағдылар жиынтығы және өзін-өзі
жетілдіруге деген ұмтылыс екенін біледі; оқушылар өздерінің негізгі көшбасшылық
дағдыларын дамытқылары келеді; оқушылар әрқайсысы көшбасшы бола алатынына сенімді;
оқушылар тренингтік оқытуға оң көзқараспен қарайды.
2-сабақ
Тақырыбы: Көшбасшылық.
Ұғымдар: көшбасшы, көшбасшылық, өзін-өзі тану.
Сабақтың мақсаты: жеке көшбасшылық қасиеттерді анықтау; басқа адамдардың
қасиеттерін сыйлауды және қабылдауды үйрену; заманауи көшбасшылықтың
көпқырлылығын түсіну; көшбасшының мінез-құлық үлгісінің принциптерін, көшбасшының
қасиеттерін анықтау.
Әдістері: жаттығулар, әңгімелесу.
Ресурстар: жаттығулар, жұмыс дәптері.
Достарыңызбен бөлісу: