Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан


«Креативті ойлау қабілеті» бөлімі



Pdf көрінісі
бет4/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

«Креативті ойлау қабілеті» бөлімі 
Мақсаты:
оқушылардың ерекше ойлау ниетін ынталандыру. 
Қалаулы нәтиже:
оқушылар креативті ойлаудың қызықты және пайдалы екенін көрнекі 
түрде түсінеді; оқушылар өздерінің креативті қабілеттеріне сенеді; оқушылар күнделікті 
өмірде жан-жақты болуға ынта алады. 
29 
Креативтілік тұлғаның даму әдісі ретінде
креативті адамның қасиеттері. 
Креативті 
ойлау 
қабілеті 

30 
Күнделікті 
жағдайларда 
креативті 
болу 
жолдары; ассоциациялар әдісі. 

31 
Креативті әдістерді қолдану. 

32 
Барлық материал бойынша қорытынды шығару, 
оқушылардың рефлексиясы, оқушыларды өзін-
өзі дамытуға ынталандыру. 
Қорытынды 



БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 

1-сабақ
 
Тақырыбы: Кіріспе сабақ. 
Ұғымдар: Барлық топ мүшелерімен танысу және оларға құрмет білдіру.
Сабақтың мақсаты: бүкіл топ мүшелерімен танысып, достасу; өзін таныстыру және өзі 
туралы айту; топта жайлы атмосфера құру.
Әдістері: әңгімелесу, өзі туралы айту, практикалық жұмыс. 
Ресурстар: жаттығулар, жұмыс дәптері, топтық өсу кестесі. 
 
Сабақтың барысы 
Кіріспе бөлім 
Уақыт: 5 минут 
Курс, сабақтың тақырыптары және сабақта жұмыс істеу нысандары туралы айту. 
Адам аттары туралы ойын: «Қарлы кесек» 
Уақыт: 10 минут
Процесі:
Мұғалім оқушылардан шеңбер бойынша өз аттарын айтуды сұрайды. «Тамаша, енді өз 
атымыздың бірінші әрпіне жақсы сын есім ойлап табайық. Мысалы, менің атым Асылхан, онда 
сын есім «ақылды» болады. Келесі адам менің атым мен сын есімді қайталайды және өзінің 
есімін және оған тиісті сын есімді атайды, үшінші адам менің атымды + сын есімді, екінші 
адамның атын + сын есімді және өзінің атын атайды + сын есімді атайды. Осылайша, 
шеңбердің соңына дейін».
Қарлы кесек қағидаты – ақпарат біртіндеп өседі. Қатысушыларды жігерлендіріңіз, сын 
есімдерді еске түсіруге көмектесіңіз. Маңызды жайт, шеңберді мұғалім-тренер аяқтауы керек, 
яғни барлық қатысушылардың есімдері мен сын есімдерді тағы бір рет айтады. Бұл беделіңізге 
оң әсер етеді және тренингтер мен сабақ арасындағы айырмашылықты көрсетеді. 
Нұсқалары: адам атының бірінші әрпіне келетін қала аты, жеміс, түс, қимыл, т.б. 
 
«Болжам» жасау 
Уақыт: 5 минут 
Материалдары: плакаттар, маркерлер, жұмыс дәптері 
Процесі:
Қатысушылардан мұнда не үшін келгендері және осы сабақтардан не күтетіндері туралы 
ойлануын сұраңыз. 
Қатысушыларға осы факультативке топ ретінде өз мақсаттарын қоя алатындарын айтыңыз. 
Балаларға бірнеше мысал келтіре отырып көмектесіңіз: «жаңа дос табу», «көшбасшылық 
қасиеттерді үйрену» және т.б. 
Енді оқушылар өз идеяларын айтсын, оларды жазып алыңыз. Бұл үшін топқа 5 минут 
берілетінін айтыңыз. 
Оқушылардың жасын естеріне салыңыз. Жасы кіші қатысушылар үшін болжамдар оңайырақ 
болуы мүмкін. Бірақ тұжырымдардың дәлдігі туралы ұмытпаңыз. Сіздің міндетіңіз – 
қатысушылардың ойларын мүмкіндігінше дәл тұжырымдау, сонда соңғы сабақта 
барлықтарыңыз не болатынын нақты түсінесіздер. Мысалы, «бір нәрсені үйрену» тұжырымы 
анық емес. Болжамды айтқан оқушының идеясын нақтылау керек. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет