БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
10
3-сабақ
Тақырыбы: Көшбасшылық.
Ұғымдар: көшбасшы, көшбасшылық, көшбасшылық дағдылары және қасиеттері.
Сабақтың мақсаты: көшбасшылық қасиеттердің маңыздылығын анықтауды үйрену; топта
жұмыс істеуді, бір-бірін естуді және тыңдауды, өз пікірін қорғауды, топтық және жеке
жауапкершілікті сезінуді үйрену.
Әдістері: жаттығулар, әңгімелесу, ой-талқы.
Ресурстар: жаттығулар, жұмыс дәптері, плакаттар, маркерлер.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы
сұрау, позитивпен бөлісу).
Уақыт:
5 минут
«Көшбасшы деген кім?» ой-талқысы
Уақыт: 10 минут
Материалдары: жұмыс дәптері
Процесі:
3-4 шағын топ құрыңыз. Әр шағын топтың міндеті – плакатта «Көшбасшы деген кім?»
тақырыбы бойынша өз көзқарастарын бейнелеу.
Орындау уақыты – 5 минут.
Шағын топтардың плакаттарды көрсетуі.
Әр топқа «көшбасшы» ұғымының бірыңғай анықтамасын жазуды ұсыныңыз. Шежіреші және
модератор ретінде көмектесіңіз.
Теориялық блок
Уақыт: 5 минут
Мұғалімге арналған ақпарат
Осы блокта (Көшбасшылық) біз оқушыларға нақты тұжырымдар бермейміз. Барлық жұмыс әр
топтың өз бетінше ойлануына және өздері үшін түсінікті тұжырым қабылдауына бағытталған.
Төмендегі анықтамалық ақпарат сізге тақырыпты түсіну үшін, сонымен қатар тақырып
бойынша терең білімі бар, бірақ өз көзқарасын міндеттемейтін ақылды тәлімгер ретінде әрекет
ету үшін қажет болады.
Достарыңызбен бөлісу: