БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
20
Шеңбер – командаға жақсы адамгершілік қарым-қатынас сақтауға көмектеседі.
Зигзаг – командадағы адамдарға шығармашыл болуға және жаңа идеялар табуға көмектеседі.
Жазуға берілген уақыт – 5 минут.
5 минуттан кейін қатысушылардан өздерінің шағын топтарымен сағат тілімен жылжуды
сұраңыз: шаршылар үшбұрыш салынған плакатқа, үшбұрыштар шеңбер салынған плакатқа,
шеңберлер зигзаг салынған плакатқа, зигзагтар шаршы салынған плакатқа жылжысын.
Міндеттерің – сыныптастарыңның не жазғанын мұқият оқып шығу, егер тақырып бойынша
қосатын нәрсе бар болса, қосуға болады. Бұл үшін сендерге 3 минут беріледі.
Уақыт өткеннен кейін шағын топтарды сағат тілімен тағы бір рет жылжытыңыз, плакаттарды
тағы бір рет оқып, өз ойларын қосуды сұраңыз (егер идеялар болса). Уақыты – 2 минут.
Уақыт өткеннен кейін шағын топтарды сағат тілімен тағы бір рет жылжытыңыз, плакаттарды
тағы бір рет оқып, өз ойларын қосуды сұраңыз (егер идеялар болса). Уақыты – 2 минут.
Шағын топтарды тағы бір рет жылжытыңыз, оларды бастапқы плакаттарына қайтарыңыз.
Қатысушыларға басқалары не жазғанын оқуға уақыт беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: