Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан


«Қарым-қатынасқа не кедергі келтіруі мүмкін?» ой-талқысы (тренер бір плакатқа



Pdf көрінісі
бет23/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

«Қарым-қатынасқа не кедергі келтіруі мүмкін?» ой-талқысы (тренер бір плакатқа 
жазады) 
Оқу қызметін қорытындылау 
Уақыт: 5 минут 
Рефлексия
:
Әсерлермен бөлісіңдер: 
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? 
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде? 
 
Үй тапсырмасы: 
Ақпаратты беру процесіне нақты не кедергі келтіреді? 
 
 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
28 
11-сабақ 
Тақырыбы: Коммуникация.
Ұғымдар: коммуникациялар, қарым-қатынас, ақпарат алмасу, S-M-R коммуникациялар үлгісі. 
Сабақтың мақсаты: S-M-R ақпаратты беру/алу үлгісімен танысу және оны меңгеру
коммуникациядағы кедергілерді анықтау. 
Әдістері: жаттығулар, ой-талқы, шағын дәріс. 
Ресурстар: S-M-R коммуникациялар үлгісі, плакаттар, жаттығулар, маркерлер. 
Сабақтың барысы 
«Дауыс бойынша топтасу» сергіту сәті 
Уақыт: 10 минут 
Материалдары: жаттығуға арналған карточкалар 
Процесі: 
Мұғалім оқушыларға алдын ала дайындалған карточкалар таратады, онда дауыс шығаратын 
жануарлардың аттары жазылған (ит, мысық, сиыр, әтеш және т.б.) Әр жануардың аты 2-3 
карточкаға (поститке) жазылады. Оқушылар карточкаларын ешкімге көрсетпей оқиды, одан 
кейін көздерін жұмады. Мұғалім-тренер тапсырма береді: «Көздеріңді ашпай, жануарлар тобы 
болып жиналыңдар. Сөйлесуге болмайды, тек жануарлар сияқты дыбыстау керек». 
 
Жаттығудың психологиялық мәні:
мұқият болу, әлеуметтік қабылдау қабілетін жаттықтыру. 
Талқылау. 
Әсерлермен қысқаша бөлісіңіздер. 
«Адамдарға байланысу не үшін керек?» ой-талқысы 
Уақыт: 10 минут 
Материалдары: плакаттар, маркерлер 
Процесі: 
Оқушылар ұсынатын идеялардың тізімін жасаңыз. Содан кейін сыныппен талқылаңыз. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет