9-сабақ
Тақырыбы: Коммуникация.
Ұғымдар: коммуникация, байланыс, ақпарат алмасу.
Сабақтың мақсаты: тоқсанның тақырыптарымен танысу; «коммуникация» ұғымын, оның
заманауи әлемдегі маңыздылығын анықтау.
Әдістері: әңгімелесу, жаттығулар.
Ресурстар: жаттығулар, «Болжамдар» плакаты», плакаттар, маркерлер, сурет үлгілері,
жұмыс дәптерлері.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы
сұрау, позитивпен бөлісу).
Уақыт:
5 минут
«Бір-бірін таныстыру» жаттығуы
Уақыт: 10 минут
Процесі:
Оқушылар жұптарға бөлініп, өздері туралы кезепен-кезек айтады. Айту жоспарын мұғалім
хабарлағаны жөн.
-
Сабақтардан не күтемін?
-
Адамдардың бойында маған ұнайтын және ұнамайтын қасиеттер.
-
Менің қызығушылықтарым.
-
Бос уақытта айналысатын сүйікті ісім.
-
Менің арманым.
Тапсырманы орындау уақыты – 6-10 минут. Одан кейін бәрі шеңберге тұрып, алған
ақпараттың негізінде серіктесі туралы қысқаша айтып береді (1,5-1 минут).
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Уақыт:
5 минут
«Адамдардың байланысында үш қате болады: біріншісі – орынсыз сөйлеуге ұмтылу; екіншісі
– ұялшақтық, қажет кезде сөйлемеу; үшіншісі – тыңдаушыға қарамай сөйлеу». Конфуций
Біз бастайтын жаңа тақырып «Коммуникация» деп аталады.
Коммуникация дегеніміз не? (Оқушылардың жауап нұсқалары). Иә, дұрыс айтасыңдар.
Коммуникация – ол ақпарат алмасу. Ол әртүрлі болады. Біз ең алдымен үйдегі
жақындарымызмен, мектептегі достарымызмен және дүкендегі бейтаныс адамдармен күн
сайын жасайтын коммуникацияларды қарастырамыз. Мұның бәрі байланыс түрлері.
Байланыс – адамдар арасындағы байланысу нысаны, өзара әрекеттесу, бірге жасалатын әрекет.
«Байланысу» сөзі бірлесуді, біреумен бірге болуды, дос болуды, бөлісуді, біреуге қатысу
үлесін беруді білдіреді.
БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
24
Достарыңызбен бөлісу: |