«Сурет арқылы тілдесу» жаттығуы
Уақыт: 15 минут
Материалдары: А4 парақтары, маркерлер
Процесі:
А. Оқушылар жұп болып бөлінеді. Әр жұп бір парақ алып, 5 минут бойы сөйлесіп отырады.
Параққа сөз, әріп, сан және т.б. жазуға болмайды, суреттер мен сұлбаларды ғана салу керек.
Сосын оқушылар бір-бірінің айтпақ болғанын әңгімелейді, суреттерден не түсінгендерін
айтады. Содан кейін шеңбер ішінде әсерлермен бөлісу басталады.
В. Әр жұпқа бір парақтан беріледі (жұптардың құрамын өзгерткен жөн). Бірінші оқушы әлдебір
суреттің бір бөлігін салады. Одан кейін екіншісі басқа бөлігін салып, парақты бірінші оқушыға
береді және т.с.с. Жаттығуды орындау уақыты – 2-3 минут. Оқушылар сурет тақырыбы туралы
алдын ала келіспеуі тиіс, сурет салу барысында да сөйлесуге болмайды. Жұптар не салмақ
болғандарын ең соңында айтады, содан кейін шеңбер бойынша нәтижелерді қысқаша
талқылайды.
С. А және B жаттығулары қайталанады, бірақ жұптар бір-біріне арқаларымен қарап отырады,
осылайша мимика, қимыл-қозғалыс және т.б. қолданылмайды.
Жаттығудың психологиялық мәні:
сөйлемей, сурет арқылы қарым-қатынас жасаудың
мүмкіндігі мен шектеулерін көрсету; сонымен қатар басқа да коммуникация арналарын осы
процеске қосу.
Талқылау:
-
Мұндай қарым-қатынас кезінде өзара түсіністікке қол жеткізілді ме?
-
Оқушылар бір-бірін көрген (А және В нұсқалары) және көрмеген (С нұсқасы) кезде нәтиже
қаншалықты өзгерді?
Оқу қызметін қорытындылау
Уақыт: 5 минут
Рефлексия
:
Әсерлермен бөлісіңдер:
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер?
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?
Үй тапсырмасы:
Достарыңнан оларға коммуникация кезінде не кедергі келтіретінін сұраңдар. Олар
қиындықтарды қалай еңсереді?
Достарыңызбен бөлісу: |