БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
35
13-сабақ
Тақырыбы: Коммуникация.
Ұғым: белсенді тыңдау техникасы.
Сабақтың мақсаты: белсенді тыңдау техникасымен танысу; ұсынылған тәсілдер мен
техникаларды қолданып жаттығу.
Әдістері: әңгімелесу, жаттығулар, практикалық тапсырмалар.
Ресурстар: жаттығулар, теориялық материал.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы
сұрау, позитивпен бөлісу).
Уақыт:
5 минут
«Көліктер» сергіту сәті
Уақыт: 5 минут
Процесі:
Оқушылар көлік жүргізгендей қолдарын алға созып, сыныпта «Би-бип» деп жүреді. Мұғалім
кез келген санды дауыстап айтады. Ол сан оқушылардың санынан аспауы тиіс. Оны естігеннен
кейін оқушылар топтарға бірігіп жиналады. Топтағы адам саны мұғалім айтқан санға сәйкес
келуі тиіс. Мұғалім де топқа қосылады. Кім де кім үлгермесе
немесе жалғыз қалса, сол
жүргізуші болады.
Теориялық материал. Белсенді тыңдау техникасы
Уақыт:
10 минут
Сұхбаттастың сөзін елемеу де, оған аса көп мән беру де дұрыс емес.
Вербалды емес белгілер:
-
«көзбе-көз» байланысы – әр адам өз сөздеріне жауап ретінде
қызығушылықты көргісі
келеді;
-
дене қимылдары – ашық және жабық дене тұрыстарын кейін талдаймыз;
-
дыбыстық қоспалар (м-м-м, ы-ы-ы, а-а-а, иә, хм...) –
баяндаушыны бөлмей,
әңгімеге
қатысып, жанашырлық білдіруге болады;
-
ойларымыз бен сезімдеріміз – кез келген адамға
көрінетін ең негізгі нәрсе,
оған қарап,
диалогтың қаншалықты шынайы екенін білуге болады, сондықтан ішкі көңіл-күй сезіледі.
Вербалды белгілер:
-
«Жаңғырық» тәсілі – сөйлеушінің мәлімдемесінен бір немесе екі негізгі сөзді қайталау;
-
«Айна» тәсілі – сөйлеушінің ойын оның сөзімен қайталау;
-
«Парафраза» тәсілі – сөйлеушінің ойын өз сөзіңмен, болымды түрде қайталау;
-
«Қорытындылау» тәсілі – сөйлеушінің ойын қысқаша және жалпыланған түрде жаңғырту;
-
«Ынталандыру» тәсілі – сөйлеушіні ашықтық пен сенім үшін ынталандыру: «Мұны маған
айтқаның үшін рақмет», «Пікіріңді білу мен үшін өте маңызды», «Мен
бұл туралы
ойланамын».
Достарыңызбен бөлісу: