” т. б.) пікір де көбінеес айтылмай, тек ойға алынып отырады. Пікір грамматикада сөйлем делінеді. Пікір де ұғым сияқты теіс тілдік материал негізінде, тілдік терминдер мен сөйлемдердің негізінде ғана туып, өмір сүре алады. Пікір мен сөйлем бір-бірімен тығыз байланысты. Өйткені бұл екеуінің негізгі мүшелерінің мазмұны біреу. Пікірлердің түрлері кеп. Оны логика ғылымы жан-жақты қарастырады. Бұлар да шындықтағы әр түрлі нәрселер, олардың түрлі қасиеттері, сондай-ақ нәрселердің арасындағы түрлі байланыстар бейнеленеді. Төменгі сынып оқушыларын дүрыс пікір айта білуге тәрбиелеу зор педагогикалық мәні бар іс. Сөйлеудің грамматикалық формаларын меңгеру балалардың пікір қабілетін өсіре түседі. Бірінші сыныптағылардың пікірлері келісімді болып келеді. Өйткені ол құбылысты жан-жағынан қарастырмайды. Мәселен, “Асан бүгін неге сабаққа келмей қалды?” деп мүғалім кезекшіден сүрайтын болса, “ауырып қалды” деп бірден жауап береді. Ал екінші сынып оқушылары жорамалды пікірлер айтуға талаптанады. Мәселен, сабаққа келмеген Асан жөнінде олар: “мүмкін ол ауырып қалған шығар”, “не үйықтап қалған, болуы мүмкін”, “сабағын оқымады ма екен, кім білсін?” деп түрлі жорамалдар жасайды. Бірақ олар өз пікірлерін дәлелдеп жатуды мақсат етпейді. Өйткені мүндай қабілет тек үшінші, төртінші сынып оқушыларында ғана қалыптаса бастайды. Бүған оқушыларда білім көлемінің өсуі және оның жүйелене түсуі үлкен себеп болады. Осы жастағы балалар өз пікірлерін жап-жақсы дәлелдей алады, түрлі нәрсенің себебін тауып қана қоймай, оған тиісті жауапты өзінше бере алатын болады. Математика сабағында мәселе есептерді шығару, грамматикада сөйлемдердің күрделі түрлерін меңгеру — олардың пікірлерін дамытады. Әрине, төменгі сынып оқушыларының пікірлері шындықтағы заттардың объективтік байланыстарын жан-жақты көрсете алмайтыны белгілі. Мәселен, олардың “жылқы — жануар”, “гүл-өсімдік” деген пікірлері негізінде дүрыс; болғанмен, осы үғымдардың мәнін жеткілікті көрсете алмайды.
(ойлаудың күрделі формаларының бірі — ой
қорытындылары). Ой қорытындылары дегеніміз бірнеше пікірлерден зкаңа бір пікір шыгару тәсілі. Қорытынды шыгару ушін оны белгілі твртіпке бір-бірімен байланыстыруымыз қажет. Қатар тұрган кездейсоқ пікірлерден қорытынды шықпайды. Мәселен, “Барлық дельфиндер — жануар”, “Барлық металдар электр өткізеді” деген екі пікірдің арасында ешбір логикалық байланыс жоқ. Сондықтан бұл екеуінен үшінші жаңа бір пікірдің тууы мүмкін емес.
Ой қорытындыларының үш түрі болады. Біріншісі — дедукциялық, екіншісі — индукциялық, ал ушіншісі — аналогиялық ой қорытындысы деп аталады. Дедукция дегеніміз жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Мәселен, біз тірі организмдер оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды, ал балық тірі организмнің бірі десек, олай болса, балық оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды деген қорытындыға келеміз.
Индукция — жекеден жалпыга қарай жасалатын ой қорытындысы, мәселен, оттегі болмаған ауада өсімдік өсе алмайды, сондай-ақ, оттегі жоқ ауада жануарлар да, адам да тіршілік ете алмайды десек, осы айтылғандардан жалпылап оттегі жоқ ауада “барлық тірі организмдер тіршілік ете алмайды!” деген қорытындыға келеміз. Индукцияда жеке жағдайлардан жалпы ереже, фактілерден қорытындылар жасалады. Мәселен, Д.И.Менделеев химия элементтерінің периодтық заңын индукция тәсілімен ашқан. Анализ бен синтез операциялары бір-бірімен қандай тығыз байланысты болса, индукция мен дедукция да сондай байланыста болады.
Аналогия дегеніміз — үқсастық бойынша ой қоры-тындыларын жасау. Мәселен, И. Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын тапқанда, ой қорытындысының осы түріне сүйенген. Ол жер үстіндегі денелердің қозғалуы, өсіресе, қүлауы мен аспан денелерінің қозғалуы арасындағы үқсастықты түсіндіруде аналогияны келтірді. Аналогия осындай ғылыми гипотезаның бастамасында елеулі рөль атқарады.
Ұғымдар мен пікірдердің біртіндеп қалыптасуы, соған сәйкес Шығармашылықтардың дамуына мүмкіндік туғшады. Өйткені, ойлаудың формалары бір-бірімен байланыса дамып отырады. Бірінші, екінші сыныптағылар ой қорытындыларын тікелей байқауға сүйеніп жасайды. Ал үшінші, төртінші сынып оқушылары жеке құбылыстардың себеп-салдар байланыстарын байқай келіп, одан жалпы қорытындылар жасап отырады. Тәжірибе үстінде құбылыстарды тікелей байқап көру индукциялық ой қорытындыларын жасауға жағдай туғызса, жалпы заңдар, ережелер мен принциптерді меңгеру дедукциялық ой қорытындыларының пайда болуына қолайлы әсер етеді. Дедукциялық ой қорытындысында бала өзі білетін нақтылы фактілерді, байланыстарды, қатынастарды сол жалпы заңдылықтарға негіздей ұғуға тырысады. Мәселен, ұрықтың ішінде дәні болатындықтан, помидорды да ұрық-түқымдас өсімдікке жатқызу оқушының дедукциялық ой қорытындысын жасай алатындығын жақсы дәлелдейді.