Ойлау формалары Ойлау ой операцияларымен қоса ой формаларынан да түрады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Үгым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі касиеттері бейнеленеді. (Мәселен, мектеп, оқушы, мүғалім т. б. әр текті ұғымдар). Ұғымдар арқылы адам танымының үзақ процесінің нәтижесі қорытылады. “Адамның ұғымдары қозғалмайды емес, қайта мәңгі қозғалып түрады, бірі екіншісіне қүйылып отырады, мүнысыз олар нағыз өмірді көрсетпейтін болады”.
Ұғымдар дара жөне жалпы болып бөлінеді. Мәселен, “Шымкент қаласы”, “Ғ. Мүратбаев” дара ұғым болса, “кітап”, “адам”, “жүлдыз” т. б. жалпы угым болады. Кейде жинақтаушы ұғым да болуы мүмкін. Мәселен, “жиналыс” (студенттер жиналысы), “кітапхана” (балалар кітапханасы) т. б. Бала мектепке келгесін ғылыми ұғымдарды меңгере бастайды, оның білім, дағдыларының түсуі ғылыми ұғымдардың негізін меңгере білуге қолайлы жағдай туғызады. Әрбір ұғымда белгілі мазмұн болғандықтан, ол ұғымды бірден меңгеру оңай емес. Бұл үшін ойлау тәсілін меңгере білу қажет. Мәселен, “Ана тілі” сабағында мүғалім үй жануарлары мен жабайы аңдар түралы түсіндіргенде, олардың бір-бірінің негізгі өзгешеліктерін көрсетумен қатар, үқсастықтарына баса назар аудартады. Осының нәтижесінде балада “жабайы аңдар”, “үй жануарлары” дейтін бөлек ұғым пайда болады. Баланың логикасын дамыту, ұғымдарын өсіру — науқандық жүмыс емес. Ол әрбір сабақ үстінде, мектептегі барлық тәлім-төрбие процесінің барысында үдайы жүргізілетін жүмыс. Мұнда оқушылардың оғаш ерекшелігі де ескеріледі. Мәселені екінші сынып оқудыларына сөз таптарын түсіндіргенде, мүғалім зат есімдердің септелуін олардың классификациясын, математика сабағында “бөлінгіш”, “бөлгіш” сияқты ұғымдарды бірінен-бірі олардың өзіндік белгілеріне қарай ажыратқызса, бала ұғымының қалыптасуы ойдағыдай жүріп отырады. Кез келген ұғым — жалпылай алудың нөтижесі. Бастауыш сынып оқушылары құбылыстардың сырттай үқсастықтарына көбірек мән беретіндіктен, жалпылау көбінесе олардың сыртқы белгілеріне жасалады. Мәселен, оқушыларға “күн”, “өсімдік”, “жануар” ұғымдарын түсіндіргенде, “күн жарқырайды” немесе “жылытады”, “өсімдік өседі”, “шөпті мал жейді”, “сиыр — үй жануары”, “ол сүт береді”, “қүс үшады, сайрайды” т. б. деп келеді де аталған нәрселердің тек сыртқы белгілерін келтіріп, оның ішкі мәніне бармайды. Бала өзі көрмеген нәрселерді жалпылауға келгенде қиналады. Мәселен, төменгі,сынып оқушылары китті көбінесе балық деп санайды. Өйткені киттің суда жүзетіндігі, сыртқы түрі балыққа үқсас екендігі рас. Мүғалім киттің ауамен дем алатынын, балаларын сүтпен қоректендіретінін айтып түсіндіргенде де бала оны балықтың бір түріне жатады деп ойлайды.
Төртінші сыныптағылардың жалпылауларымен заттың ішкі мәнін, оның негізгі ерекшелігін, байланыстарын бейнелей алушылықты байқауға болады. Мәселен, олар су, ауа, металл т. б. денелердің қысым үлғаюшылық секілді жалпы белгілеріне қарап, бұларды “өлі табиғат” ұғымына, ал өсімдіктерді өсіп отыратындығына байланысты “тірі табиғат” ұғымына жатқызады.
Бір зерттеуде төменгі сынып оқушылары “қүс”, “балық” ұғымдарының мәнді және мәнсіз белгілерін қалайша ажырата алатындығы тексерілген.
Оқушылардың заттар мен құбылыстардың мәнді белгілерін ажырата алуы сыныбы жоғарылаған сайын арта түсетінін, олардың зат туралы белгілі ұғымы бірте-бірте қалыптасып отыратындығын байқатады. Егер бірінші сынып оқушысы “қүс” ұғымының мәнді белгісін бар болғаны 26 пайызға көрсете алса, төртінші сыньш оқушысы 87 пайызға (түгелге жуық деуге болады) жеткізген, сөйтіп, төртінші сынып оқушысында “құс”) ұғым қалыптасқан деуге болады. «Құсы обалық» үгашдіа|йл балаға (бұрыннан-да таныс нәрселер. Сондықтанда оқушылар мүмкіндігінше (қай сынып оқушылары болсын) осы ұғымдардың негізгі, мәнді белгілерін білуге үмтылады. Таблицадағы цифрлар бойынша оқушыларда ұғымның мәнсіз белгісіне нақты көңіл белу біртіндеп азая түсетіндігін көрсетеді. Мөселен, төртінші сыныптағылар осы ұғымның мәнсіз, екінші қатардағы белгілерінен тек 11 пайызын ғана атап өткен. Төртінші сыныптағылар заггардың жалпы белгілерімен қатар жеке белгілерін де жақсы ажырата алады. Осы сыныптағылар арыстанды сүт қоректілер тобына жатқызғанда оның басты белгісі — жыртқыш аң екенін көрсетіп береді.
Ұғымда заттардың өзіндік қасиеттері ғана көрінбейді, олардың бір-бірімен байланыстары мен қарым-қатынастары (себеп-салдарлық, кеңістік пен уақыттық, функционалдық т. б.) бейнеленіп отырады. Мәселен, жоғары-төмен, жақын-алыс, көп-аз секілді жеке, нақтылы заттардың өзара байланысын оқушылар қиналмай үғады. Бірінші, екінші сынып оқушыларына заттың кеңістікке қалайша орналасқандығы жайлы ұғымдарды меңгеру қиынырақ соғады. Өйткені бұл оқушылар кеңістіктің негізгі өлшемі — үзындық екенін бірден ажыратпайды. Мәселен, “метр” ұғымын көбінесе “бұл сызғыш” деп заттың түрімен шатастырады. Балаға түрлі өлшемдер туралы ұғымдарды (метр, километр) меңгертуді тәжірибемен (балалардың өздеріне өлшетіп үйрету) үштастырып отырған абзал. Мәселен, бала үзынды-қысқалы заттардың түрлі бөліктерін көзімен көріп, қолымен үстап, бұлардың белгілі түрқы бар екенін аңғарады. Үшінші, төртінші сынып оқушыларының кеңістік жөнГндегі ұғымдары жоспар, масштаб, шартты белгілер сияқты ұғымдармен толыға түседі.
Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пікірлерден көрінеді. Пікір — бұл бір зат туралы мақүлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлаудың формасы. Мөселен, “Астана — Қазақстан Республикасының орталығы десек, бұл шындыққа сай ақиқат пікір болады да, ал “Атом — заттың бөлінбейтін және өзгермейтін әрбір пікірде үш белім болады. Олар: бастауыш, баяэдауыш жөие бяйланыс. Мәселен, жоғарыды келтіргне №10 – пікірде: «Аяматы» яогакадвщ бастауыш. Қазақстан республикасының орталығы”: логикалық баяндауыш. Байланыс сөздер (“деп”, “дегеніміз”,”айтамыз