Факультеті: «Жалпы медицина» Кафедрасы: «Микробиология, вирусология және иммунология»



бет3/13
Дата10.03.2022
өлшемі424,7 Kb.
#134963
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
stud.kz-87415

Негізгі бөлім:
Иммунотерапея дегеніміз – емдік мақсатта иммундық препараттарды енгізу (АД, ИФН, цитокиндер т.б.).
Иммунопрофилактика – жұқпалы аурулардың алдын-алу үшін иммундық препараттар енгізеді.
Иммундық жүйеге әсер ететін барлық препараттарды – иммунобиологиялық препараттар деп атайды.

Иммунды профилактика мен иммунды емдеу төмендегідей жағдайларда қолданылады:
а) спецификалық иммунитет құру үшін, не иммундық жүйе жұмысының деңгейін көтермелеу үшін;
б) иммундық жүйенің кейбір бөлімдерінің жұмысын тежеу үшін;
в) иммундық жүйенің жұмысы бұзылғанда оны қалпына келтіру үшін;
Иммунды профилактика мен иммунды емдеу медицина тәжірибесінде кең қолданылады: жұқпалы аурудың алдын алу, не емдеу үшін, аллергиялық, имунопатологиялық жағдайларда, онкология саласында, трансплантациологияда, иммундытапшылықтарда т.б. Мысалы, кейбір жағдайда иммунды профилактика, не иммунды емдеу тек қана жалғыз тәсіл болып шығуы мүмкін (қызылша, полимиелит).
Токсинемиялық ауруларды (ботулизм, сіреспе) емдегенде нәтижелі емнің түрі антитоксикалық қан сарысуын, немесе иммундыглобулиндерді қолдану болып табылады.
Онкологиялық ауруларды емдегенде иммундыцитокиндерді қолданудың болашағы өте зор.
Иммунды алдын алудың, иммунды емдеудің негізгі – иммундық жүйеге әсер ету. Ол әсер белсенді және енжарлы, спецификалық, не бейспецификалық болуы мүмкін. Иммунды алдын алуда, иммунды емдеуде иммундық жүйеге реттеп әсер ету үшін иммундыбиологиялық препараттар (ИБП) деп аталатын заттар тобы зерттеліп , жасалып шығарылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет