Иммунобиологиялық препараттар – иммундық жүйеге әсер ету мақсатында қолданылатын барлық препараттарды атайды. Оларға табиғаты мен шығу тегі әртүрлі заттар жатады.
Иммундыбиологиялық препараттар күрделі құрамнан тұрып бірінен бірі тегімен , шығарылу тәсілімен, қолдану бағытымен ажыратылады. Бірақ, иммундық жүйе арқылы әсер етуі олрдың ортақ қасиеті болып саналады.
ИБП-лардың әсер ететін факторлары антиген, антидене, микроб жасушалары, не олардың ыдыраған заттары, биологиялық белсенді иммундыцитокиндерге ұқсаған заттар болып келеді. Аталған факторларға әсер ету сапасын үдету үшін ИБП-ға басқадай заттар қосылуы мүмкін (стабилизаторлар, адъюванттар, консерваттар, витаминдер, адаптогендар).
ИБП-лар параентералды, пероралды (ауыз қуысы арқылы), аэрозолды және де басқадай тәсілдер арқылы қолданылады. Соған сәйкес олар әртүрлі формаларда, қолдану шарты және өлшемі көрсетіліп дайындалады.