Иммунопрафилактикалық препараттардың түрлері: 1. Шығу тегі микробтық емдік және профилактикалық препараттар (вакциналар, бактериофагтар, эубиотиктер, анатоксиндер).
2. Емдік иммундық препараттар: иммуноглобулиндер, цитокининдер.
3. Диагностикалық иммундық препараттар (антисывороткалар) және диагностикалық бактериофагтар және аллергендер.
4. Иммуномодуляторлар – шығу тегі табиғи биостимуляторлар және синтетикалық препараттар.
Иммунопрафилактикалық препараттар 2 түрлі әсер көрсетеді: 1. Белсенді әсер – препараттар иммундық реакцияны индуцирлейді. Мұндай әсерді өлі, әлсіретілген және тірі микроорганизмдер және олардың метаболиттері негізінде алынған вакциналар көрсетеді.
2.Пассивті әсер – иммунокомпонентті клеткалардың эффекторлық өнімдері көрсетеді. Lg, цитокининдер және т.б. иммунобиологиялық препараттар.
Вакцинация. 1796 ж. Э.Дженнер сиыр оспасының екпесі – вакцинация (латын тілінен vaccinum – сиырдікі) табиғи оспаның алдын алуда нәтижелі деген болатын. Содан бері арнайы белсенді иммунитет жасаудағы қолданылатын дәрі-дәрмектер вакцина деп аталады.
Вакцина (лат. vacca — сиыр vaccіnus — сиырдікі) — микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т.б.) алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар. Азиялық көшпелілер ежелгі дәуірден-ақ адам мен малға шешекті, ешкіге кебенекті, сиырға алаөкпені егу арқылы оларды қатерлі аурулардан сақтандырып отырған.
«Вакцина» термині Дженнердің сиыр оспасымен классикалық жұмысы бір жылдығында Л.Пастер енгізген болатын. «Вакцина» термині барлық антигендерге қолданылады.
Вакцинаға бактериядан, вирустан және басқа микроорганизмдерден немесе өмір барысындағы қалдықтардан алынатын препараттар жатады. Оларды негізгі екі топқа бөлуге болады: белсенсіз вакциналар және тірі вакцина.