Практикалық сабақ мазмұны: Әдебиет оқулықтары мен оқу құралдары. Олардың педагогикалық психология, оқыту әдістемесі ғылымдарының соңғы жетістіктеріне сай жетілдіріп, толықтырылып отыратыны. Оқулыққа енгізілген шығармалардың оқушының жас ерекшелігіне, оқырмандық қызығушылығына сәйкестендірілуінің маңызы. Оқулықтың мазмұны мен ғылыми аппараты.
№4 практикалық сабақ. Тақырыбы: Көркем шығарманы оқыту.
Практикалық сабақ мазмұны: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің негізгі бағыт-бағдарын, мазмұнын айқындайтын ресми құжат, «Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы» (РБК, 1997, Аламты) «Тұжырымдамада» бүгінгі өмір талабына сай, педагогикалық ғылымдағы жетістіктерге негізделген әдебиет пәнінің мақсат міндеті. Көркем туындыны талдаудың педагогикалық принциптері. Талдаудың түрлері. Көркем мәтінді толық тұтас алып талдау, образ бойынша талдау өзіндік ерекшелігі, проблемалық талдау әдебиеттің қоғамдық-әлеуметтік мәнін ашу, көркем ойлауға бағытталған бейнелік-образдың табиғатын түсіндіру. Салыстырмалы талдау.
№ 5 практикалық сабақ. Тақырыбы: Лириканы оқыту
Дәріс мазмұны: Лириканы оқыту әдістемесі шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына, эстетикалық- көркемдік қуатына сай белгіленетіні; Мәнерлеп оқытудың лириканы оқып-үйренудегі қызметі. Лириканың табиғаты, сипаты, түрлері.
№6 практикалық сабақ. Тақырыбы: Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері
Дәріс мазмұны: Әдебиет теориясынан берілетін ұғымдар; көркем шығарманы танытудың құралы, жазушының сөз қолданыс шеберлігін айқындайтын, әдеби-теориялық ұғымдарды меңгерудің әдіс-тәсілдері. Әдебиет теориясын оқытуға қатысты еңбектерге шолу;
№7 практикалық сабақ. Тақырыбы: Мұхтар Әуезов. «Біржан сал Абай ауылында» («Абай жолы» романынан үзінді) (3 сағат, 6-сынып)
Достарыңызбен бөлісу: |