Жетісу жеріне б.з.б 2 ғасырда Орталық Азиядан келіп қоныстанды.Үйсін жайлы дерек көздерін негізінен қытай деректерінен аламыз.Қытай жазбаларында Үйсін атауы б.з.б 2 ғ бастап кездеседі.Үйсіндерді ат жақты,аққұбаша,сары шашты деп суреттейді,табиғатын жерлері тегіс,жаңбырлы әрі суық деп сипаттайды және Үйсіндер жайлы қытай тарихшысы Цымы-Цянь Трихи жазбалар еңбегінде олардың өмірі мен тұрмысы жайында жазған.Үйсіндер Жетісу жерін мекендеген.Астанасы-Қызыл-Аңғар(Чигучен,Чигу ).Ол Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауында орналасқан.Оларды Усунго,Синго көшпелі мемлекет деп атаған. Үйсіндердің сыртқы саясаты Үйсіндердің солтүстік батысындағы көршісі-қаңлылар, ал шығысындағы-ғұндар.Үйсін мемлекеті б.з.б 2-1 ғасырда қытайлармен дипломатиялық және туыстық қатынас жасаған.Қытай елімен сауда байланысын жақсартқан.Үйсін гуньмосы қытай патшайымына б.з.б 107 жылы үйленген және Қытай патшасы көп сылық талап етіп, гуньмо оларға 1000 жылқы тарту еткен. Үйсіндердің кәсібі
Үйсіндердің қоғамдық құрылысы Үйсін билеушісі:гуньмо, күнби Тайпа көсемі:бек Қытай деректері бойынша үйсіндер саны 630 мың болған және Үйсін гуньмосының 30 мың атты әскері болған.Әскер басылар мен басқада билік басындағы адамдардың алтыннан,мыстан жасалған мөрлері болдыүОлардан кішірек лауазымды адамдарда да болды бірақ,олардікі саздан немесе тастан күйдірілген болды. Үйсіндердің кәсібі
Жартылай ,тебінді мал шаруашылығы.Жылқы,қой,түйе,ешкі,сиыр асырады.
Темір,тері өңдеумен,тігіншілікпен,қыш ыдыс жасаумен және зергерлік іспен айналысты
Суармалы Арпа,бидай өсірді
Тәлімді
Үйсін қысаулары Ақтас- Кеген өзенінің алқабында табылды.Бұл егіншіліктің болғанын дәлелдейді және ол жерден көптеген зергерлік бұйымдар табылды. Қарғалы шатқалы-бұл жерден тәті –диадема табылды және бұны жасаған ұстаның өмір сүрген мерзімі- б.з.б 1-2 ғ.Үйсін қалалары Шу мен Кеген бойында табылды.Қыстаулары Мойынқұм мен Балқаш өңірінде орналасты.Мүлік теңсіздігінің болғанын жерлеу орынды дәлелдейді.Мәйіттің басы батысқа қаратылды.
&7Қаңлылар(б.з.б III-б.з Vғасыр) Қаңлы –ерте заманнан бері Қазақстан жерін мекендеп келе жатқан ірі тайпалардың бірі.Ең негізгі атамекені Сырдария өзенінің орта ағысы болған.Қаңлы жайында қытай дерек көзінен көп біле аламыз.Цыма-Цянь қаңлылардың өмірі мен тұрмысын сипаттады.Цянь хоньшу дерегінде тайпаның пайда болған уақыты,шекарасы,басқа да маңызды мәселелер айтылады.Үндә эпосы Махабхаратада қаңлы сөзінің мағынасы-қарулы,жақсы,жайсаң ұлықтар дегенді білдіреді.Қаңлы елінің астанасы- Түркістан маңындағы Битянь қаласы .Қытай деректерінде олардың жазғы және қысқы астанасы болған делінеді.Саяхатшы Плоно Карпин қаңлыларды қыпшақша сөйлейтінін атқан.Қаңлылар өнерге жақын болған. Қоғамдық құрылысы Қаңлы билеушісінің титулы- хан.Оның 3 орынбасары-уәзірлері болған.Мемлекет 5 иелікке бөлінді.Әр бөлік өзінің орталық қаласының атымен аталған. Әр иелікті кіші хандар басқарды.Билік мұрагерлік жолмен беріліп отырды. Сыртқы саясаты Қаңлы тайпалық бірлестігінің тереториясы-Оңтүстік Қазақстан.Солтүстігіндегі көршісі-сармат,алан, ал оңтүстігіндегі көршісі-үйсін болған.Қаңлылар Кавказ бен Қара теңізге баратын ұлы жібек жолын өз бақылауында ұстап отырған.Қытай,Қушан,Рим сияқты елдермен экономикалық,саяси,мәдени байланыс жасаған.Қаңлылар Қытайға қарсы сқғыста ғұндарға көмек көрсеткен.Сармат,Алан тайпалары қаңлыларға тәуелді болған.Жалпы қаңлылардың саны-600мың,ал жауынгер саны-120 мың болған. Мәдениеті Қауыншы мәдениеті:Ташкент төңірегіндегі көгалды аймаққа дейін тараған.Қауыншы мәдәниетіне өлген адамды киімімен жерлеу тән.Бұл үрдіс б.з 1 мың жылдықтың басына жатқызылады.Мәйіттің жанына күнделікті қолданған заттарын бірге қоса жерлеген.Қауыншы мәдениетіне жататын Шардараға жақын жерде Ақтөбе деген қоныс зерттелді.Ол Сырдарияныңсол жақ жағалауында орналасқан.Қала 3 дуалмен,өзен жағы қазылған ормен қоршалған.Орталығының биіктігі 20м,ал қабырғасы 6м .Бұл жерден құмыралар,жебелер,керамикалық бұйымдар,пышақтар және қызыл шыны мен тастан көз салынған алтын қаптырма табылды. Отырар-Қаратау мәдениеті:Сырдың орта ағысы мен Қаратау,Талас бойына дейін тараған.Маңызды орталығы-Отырар алқабы.Осы маңда Арыстың сол жағалауында ,100 км болатын аумақта 20 әр түрлі төбе жатыр.Олардың ер ірісі-Көк-Мардан.Қазба жұмыстары кезінде Пұшық-Мардан қаласы маңынан Қостөбе қонысы зерттелді.Мардан қорымында б.з 3-4 ғ соғылған 1300 дей қытай теңгесі табылды. Жетіасар мәдениеті:Қуаңдария мен Жаңадария аңғарларына дейін таралған.Мәдениет б.з.б 1 мыңжылдықта Аралдың шығыс жағында өркендеген.Бұл жерде 150астам қала орындары мен обалардан тұрады.Ерекшелігі-барлық қалалар мықты қорғаныс қамалымен бекітіліп ,ішіне үйлер салынған.Құрылысты салуға күйдірілген кірпіш және шикі кесек пайдаланылған.Сондықтан да орта ғасырлық қала құрылысы осы тайпадан бастау алған делінеді.