Ғалымда ежелгі адамдарды


Савроматтар БҚО мекендеген соң олардың есерткіші сол жерден табылды



бет10/10
Дата22.03.2022
өлшемі47,35 Kb.
#136522
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
-1905150657 2

Савроматтар БҚО мекендеген соң олардың есерткіші сол жерден табылды. Целинный I ескрткіші-Орал өңірінен табылды.Ол жерде 100 ден астам топырақ обалар барЗерттеушілер бұл ескерткішті б.з.б 6 ғасырға жатқызады. Сытас қорымы-ең жақсы зерттелген қорымдардың бірі.Ол жерден 3 сармат жауынгері және сүйек қасықтар табылды. Бесоба қорымы-Абыз әйел табылды.Оның басы оңтүстік батысқа қаратылған.Қасқыр бейнесі бар 3 аяқты құрбандыққа арналған табақ табылды. Аралтөбе ескерткіші-Атырау облысы Жылыой ауданынан табылды.Ол жерден қоғамда қолбасшылықпен абыздықты қатар атқарған адаммен оның әйелі жерленген.Оған дәлел қару-жарағы мен абыз асатаяғы.Обалардың ішкі құрылымы ағаштан жасалды.Жерлеу орындары мүлік теңсіздігінің болғанын дәлелдейді. Үстіртте Бәйте,Терең секілді ескерткіштер зерттелді.
Кәсібі Сарматтар көшпелі мал шаруашылығымен айналысты және жылқы мен қойды өсірді.Қосымша кәсіп аңшылықпен айналысты.Торсық,саба сияқты ыдыстар теріден жасады.Өздері шыны ыдыс жасамай,Шығыс елдерінен алдырғызды. Отқа табынды.
Саясаты
Сармат құрамында дай,апарн,гиркан,дах секілді тайпалар өмір сүрді.Сол кездегі Каспийдің атауы Гиркан болған.б.з.б 248-247 ж дай,апарн тайпасы Парфияны жаулап алды.Дай тайпасына Арсақ/Аршак басшылық етті.Дах тайпасы Арал-Каспий аралығы,одан төмен өмір сүрді.
Сарматтар б.з.б 2 ғасырда Қара теңіз жеріндегі скифтерге билігін жүргізді.Олар Алдыңғы Азиямен Солтүстік Кавказға жорық жүргізді.Б.з.б 4 ғасырда Қара теңіздің жағалауындағы Ғұндар ғана тойтарыс бере алды. Сармат-савромат тайпасының б.з.б 3-2 ғасырда халық саны 20000 болды,ал б.з.б 2-1 ғасырда 10000 болды.Халық санының күр азайуына қатты қуаңшылық әсер етті.
&10Сақтар(б.з.б1 мыңжылдық )
Б.з.б 1 мыңжылдықта Сақтар Қазақстан мен Орта Азия ,Шығыс Түркістан жерін мекендеген тайпа.Бұл жерде өмір сүрген сақ тайпаларының ерекшелігі-бас сүйегі шағын,беті едәуір жалпақ,көзі ұйалы,қабақ сүйегі шығыңқы,кеңсірігі дөңестеу болып келуі.Сақтар туралы деректерді грек,иран,рим,парсы деректерінен ала аламыз.Бехистун жазбаларында –Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым –деген парсы патшасы Дарийдің сөзі жазылған.Парсы деректерінде сақ сөзі құдіретті еркектер деген мағынаны білдіреді және оларды сақ-тиграхауда(Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерін мекендеген шошақ бөріктілер),сақ-парадарайа(теңіздің арғы жағын мекендеген сақтар),сақ-хауомоваргалар(сақ-парадарайалардың оңтүстігін мекендеген,хауома сусынын дайындаушылыр) болып 3-ке бөлген. Гректер сақтар туралы –Әлемдегі ең әділ, ең шыншыл халық .Дұшпанға-қатал,досқа-адал,-деп есептеді.Сақтар туралы Геродот,б.з.б 64-б.з 24 ж өмір сүрген географ Страбон,Ктесий,Ксенофонд сынды грек данышпандары жазды.Тарих атасы Герадот олардыкиімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас,құдайлардың арасынан күнге табынады және оған жылқыны құрбандыққа шалады ,ағаш үйлерде өмір сүреді деп,б.з.б 5 ғасырдың 40-30 жж жазылған Тарих атты еңбегінде жазып кетті.Сақтарға массагет деген атауды берді.Ал Страбон болса сақтарды ақ көңіл және уәдеге берік,садақпен,қылышпен және қола балталармен қаруланған,сауыт киген деп жазды.Сақ елінде күміс жоқ бірақ мыспен алтын көп кездесетінін жазды.Страбон скифтерді Каспий теңізінен бастап дайлар деп атады.Грек авторы Ктесий сақ әйелдері туралы-ержүрек келеді,соғыс қауіпі төнгенде ерлеріне көмектеседі, -деполардың ержүрек екендігін айтты.Парсы елінде болған Ксенофонд ат жарысқа сақ жігітінің қатысып мәреге бірінші келуі жайында және олардың тәрбиелілігін жазды.Грек авторлары сақтарға Азиялық скифтер деген атау берді. Рим тарихшылары Цицерон,Помпей Трог сақ туралы деректер қалдырған.Иран жазбаларында сақ сөзінің мағынасы-жүйрік атты турлар.Солт және Шығыс Қазақстанда олардың манголоидтық белгілері басым болған.

Сақтардың қоғамдық құрылысы
Сақтар әскери демократиялық бағытты ұстанған.Башсы лауазымы-патша,патшайым.Одан кейін тайпа көсемі.Олар сақ қоғамындағы тайпалармен рулар арасындағы кикілжіңдерді шешкен.Абыздардың ерекшелігі олар ақ түсті киім киген,қолдарына жайпақ тостаған және бастарына ерекше бас киім киген.Жауынгерлер ді үнді-иран тілінде ратайштар,арбада тұрғандар деп атады .Олар қызыл және сары-қызыл түсті киім киді.Егіншілер мен малшыларды сақ қоғамында сегізаяқтылар деп атады және олар сары,көк түсті киімдерді киді.


Сақтардың шаруашылығы мен мәдениеті
Олар мал шаруашылығымен айналысты. Жылқы,сиыр,қой,түйе ұстап,малдың етімен,сүтімен қоректеніп,терісін,жүнін күнделікті тұрмысқа пайдаланған.Сақтар өмірінде жылқы асырау маңызды болған.Жүйрік жарау аттарды атақты сарбаздары мінген.Көсемдері қайтыс болғанда аттарын бірге жерлеген.Қазақстанның батыс ен оңтүстігінде түйе өсірген.Жылқы мен қойдан басқа тебіндеп жайылуға ыңғайы жоқ ірі қара малды аз пайдаланған. Сақ мәдениеті темір дәуірінде тараған.Сақ ескерткіштеріне-ОҚО жеріндегі Түгіскен,Ұйғарақ,Қызылорда обл 300км жердегі б.з.б 4-б.з 13 ғ жататын Шірік-Рабат қаласы,Бәбіш-Молда,Баланты,Есік қорымы жатады.Шірік-Рабат қалашығынан дуалының қалыңдығы 4,5 м болатын су каналдары,сақ жауынгерлерінің қару-жарағы мен сауыт сайманы табылды.Ол апасиактардың астанасы болған.Қала 42 гектарды алып жатыр,3 бөліктен тұрады-шахристан,күзет мұнарасы бар цитадел, __________ .Бәбіш-Молда қаласынан қыш күйдіреті пеш,қол диірмені табылды.Б.з.б 8 ғасырда аңдық стиль пайда болды.Бұл стиль Монғолиядан бастап Дунайға дейін таралды.Аң стилінің негізі тотемизммен байланыстырылды.Осы стильмен қоса полихромдық стиль дамыды.
Сақтардың сыртқы саясаты
Сақтар парсы және грек-македон елдерімен тәуелсіздік үшін күресті.Сақтардың парсы елімен соғысы жайлы грек-рим зерттеушілері Геродот,Помпей Трог,Полиэн дерек қалдырды.Парсы патшасы Кир мемлекетінің көлемін көбейту мақсатымен б.з.б 530 жылы сақ жеріне басып кірді.Оларға қарсы б.з.б 570-520 жылы өмір сүрген сақ патшайымы Томирис шабуыл бастады.Помпей Трог Томирис туралы- әйелде болса қоқыныш жоқ ,-деп жазды.Кир сақтарға қарсы құпия жоспарын құрастырады.Осы жоспары іске асып,Томиристің баласы Спаргаписті/Спаргапты тұтқынға алып кетеді.Ақырында Спаргап өз өзіне қол жұмсайды.Келесі күні екі жақтың арасында аласапыран ұрыс болып,сақтар жеңіп,Кир сол жерде қаза табады.11 жыл қткен соң Iдарий б.з.б 518 жылы басып кіреді.Бұл соғыста да олар жеңіледі.Полиэн сол соғыста сақ малшысы Шырақтың ерлігі жайында суреттейді.Б.з.б 4 ғасырда сақ жеріне тағы да қауіп төнеді.Александр Македонский Орта Азияға басып кіріп,Маракандты/Самарқандты жаулап алып,Сырдария өңіріне аттанады.Бірақ оның сақ жеріне жоығы сәтсіз аяқталады.Бұл туралы Ариян көп дерек жазып кетті.Сақтар б.з.б 3-3 ғасырда Қытай,Үндістан,Перия секілді мемлекеттермен сауда байланысын жүргізеді.


& 7 Үйсіндер

& 8 Қаңлылар

& 9 Үйсіндер

& 10 Сарматтар




































































































Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет