: «Олар – мұсылмандарды өлтіріп, пұтқа табынушыларға жүгінетіндер», - деген нәрсе орын алады ма деп қорқамын. Дәл осы туралы діни бидғаттардың жақтаушыларынан болған кейбір топтар сипатталатын сенімді хадисте айтылады.19
Әрине, толық бас тарту өлтіруге алып келеді. Егер адам өзінің мұсылман бауырынан толығымен бас тартса, онда ол оны өлтіру - егер қазір болмаса да, соңырақ - рұқсат етілген деп санайды. Сондықтан да адамдарды осындай ұрынып-соғылған мінез-құлықтан сақтандыру қажет. Сүннетті жақтаушылардың арасында келіспеушіліктер орын алуы мүмкін екенін, олардың кейбіреулерінде манхаждағы қателіктері бар екендігін, бірақ олар қасақана жасалған болып табылмай, ижтихадқа қатысты екенін білу қажет. Сүннеттің кейбір жақтаушыларында сондай-ақ өрескел қателіктер де бар, бірақ олар көп емес әрі олар ауыр діни бидғаттарға жатпайды. Осыдан шыға келе, біз олар жіберген қателіктерді түзетуіміз қажет, әрі осы орайда оларға деген құрметімізді, оларға деген сүйіспеншілігімізді, әрі олар хақ болған нәрселерде олармен жақындығымызды сақтауымыз қажет, егер олар Сүннеттің жақтаушылары болса». «Шарх китаб мужмәл иътиқад әхль әс-сунна уәл-жәма’а» («Әһль әс-Сунна уәл-жама’аның сенімі» кітабының қысқартылған нұсқасына жаслған түсіндірме) аудиотаспасы, 2-бөлім.
Ал Аллаһ барлық нәрсе туралы жақсырақ біледі!
Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және оның барлық сахабаларына Аллаһтың игілігі болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |