Ғалымдардың бойкот жариялаушылар және Сүннетті жақтайтын мұсылмандарды бидғаттарда айыптайтындар туралы айтқан сөздері мен пәтуалары


Қазіргі заман ғалымдарының мұсылмандарды бойкот жасауды және бидғаттарда айыптауды өздерінің діні мен жолы етіп алған адамдар туралы айтқан сөздері



бет4/10
Дата04.10.2020
өлшемі225 Kb.
#63999
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қазіргі заман ғалымдарының мұсылмандарды бойкот жасауды және бидғаттарда айыптауды өздерінің діні мен жолы етіп алған адамдар туралы айтқан сөздері

Құрметті шейх ‘Абдуль-Азиз ибн Баз, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, былай деген: «Біздің кезімізде өзін шариғи білімдерге ие болуға және игілікке шақыруға телитін көптеген адамдар танымал уағыз айтушылардан болған өздерінің бауырларының ар-намысы туралы жаман сөздер айтатын құбылыс кең етек алды. Өздерінің әңгімелерінде олар ислам білімдеріне ұмтылатын және қазіргі заман уағыздаушыларының ар-намысына тиіседі. Олар осыны құпия түрде өздерінің жиналыстарында жасайды, және тіпті, мүмкін, өздерінің әңгімелесулерін таспаларға (кассеталарға) жазып, оларды халыққа таратады. Ал кейде олар осыны мешіттердегі көптің алдында айтылатын лекцияларда жасайды. Бұл жол көп жағдайда Аллаһ және Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйырған нәрселерге қайшы келеді. Мыналар - сондай қарама-қайшылықтардың кейбіреулері ғана:



Біріншіден, мұсылмандардың құқықтары тапталады, әсіресе шариғи білім ізденетін және уағыздаушылар қатарына жататын мұсылмандардың. Ал олар адамдардың (діни) сауатын ашуда, оларды насихаттауда, олардың сенімдері мен манхажын түзетуде өте үлкен күш жұмсауда ғой. Олар сондай-ақ сабақтар, лекциялар құрастыруда және пайдалы кітаптар жазуда ыждағаттылық жасауда.

Екіншіден, мұсылмандардың біртұтастығы қақ жарылуда және олардың қатарлары бөлінуде. Ал енді мұсылмандар басқалардай емес, алауыздық пен бөлінушіліктен қашқақтап, біртұтас болуға мұқтаж ғой? Ал олардың арасында не орын алып жатқандығы жайындағы көптеген әңгімелер мен өсек-аяңдар оларға тән сипат болып табылатын болды. Әрі олар күйе жағатын уағыздаушылар әһлю-Сунна уәл-жама’аға қатысты ғой, және өздерінің бидғаттарға, ырым-жырымдарға қарсы күресімен, өздерінің бидғаттар мен ырымшылдыққа шақыратын адамдармен ымырасыз күрес жүргізуімен, олардың жоспарлары мен бұзық көзқарастарын әшкерелеуімен белгілі.

Біз тосқауылда жасырынып тұрған кәпірлерден, екіжүзділерден, бидғаттар мен адасушылықтардың жақтаушыларынан болған дұшпандарға ғана пайда келтіретін мұндай іс-әрекеттерден7 ешқандай пайда көріп тұрған жоқпыз.

Үшіншіден, мұндай іс-әрекет өздерінің жеке мүдделерін қуған секуляристтерге (қоғамды діннің ықпалынан арылтуға ұмтылатындар), «батысшылдарға» және басқа да құдайсыздарға көмек көрсетеді. Олар өздерінің мұсылман уағызшыларына деген шабуылдарымен, оларға жала жабумен және олардың таспалары мен кітаптарына қарсы шағыстырушылықтарымен танылып үлгерді. Асығыстық танытатын мұсылмандар шариғи білім алушылардан, уағызшылардан және басқа да адамдардан болған өздерінің бауырларына қарсы өздерінің дұшпандарына көмектесуі ислам бауырластығына тән нәрсе емес.

Төртіншіден, мұндай іс-әрекет барлық адамдардың және жеке тұлғалардың жүректерінің қараюына ықпал етеді, өтірік пен жалған өсек-аяңдардың таралуына әкеледі, көптеген өсектер мен ғайбаттардың себебіне айналады, адамдардың нәпсілерінің әлсіздігінен жауыздықтың есіктерін айқара ашады. Мұндай іс-әрекетпен айналысушылар зиянға лайық емес мүміндерге зиян тигізуге ұмтылып, күмәндар тарату үшін және бүліктер туғызу үшін ыждағатты түрде жұмыс жасауда.

Бесіншіден, олардың айтып жүрген нәрселерінің көбі негізсіз. Олар шайтан өздеріне әшекейлеп көрсеткен және солар арқылы оларды адасушылыққа салған күмәндар мен жорамалдардан басқа еш нәрсе емес. Ал Аллаһ Тағала: «Әй, мүміндер! Күмәнның көбінен сақтаныңдар. Өйткені, күмәнның кейбірі күнә» («Хужжурат» сүресі, 12 аят), - деп айтқан ғой. Мүмін адам өзінің діндес бауырының сөздері туралы ең жақсы пайым жасауы қажет. Мысалы, кейбір салиқалы саләфтар: «Бауырыңның сөздерінің астарынан жақсы нәрсе түсінуге болатындай болса, оларда бір жаман нәрсе бар деп ойлама», - деп айтатын.

Алтыншыдан, кейбір ғалымдардың және шариғи білім ізденушілердің ижтихад рұқсат етілген мәселелерге қатысты ижтихадында қателіктер ақтару. Алайда ижтихад жасаушы, егер ол ижтихад жасауға құқықты адамдардың қатарына жатса, өзінің қателігі туралы сұралмайды және ол үшін қатты сөгіске алынбайды. Егер біреу-міреу қандай да бір мәселе бойынша оған қайшы келсе, онда ол ақиқатқа ең қысқа жолмен жетуге ұмтылып және шайтанның азғыруларына және оның мүміндер арасында араздықтың отын лаулатуына тосқауыл қойып, ол кісімен жақсырақ нәрсемен пікіталас жүргізгені абзалырақ болады. Ал егер бұл оңай болмаса әрі біреу-міреу (мужтахидтің пікірінің Шариғатқа) қайшы келуін көпшіліктің алдында түсіндіру қажет деп есептесе, мұны ең жақсы сөздермен және өте көркем (сыпайы) түрде жасауға тиіс. (Мужтахидтің) ақиқатқа қайшы келетін пікірі туралы айтқан кезде шабуыл жасауға, балағаттап-қорлауға, шектен шығушылыққа салынуға, немесе одан бет бұруға, тура сол сияқты нақты адамдардың ар-намысына тиісуге, оларды қандай да бір жаман ниеттілікте айыптауға, немесе рұқсат етілгеннен көбірек сөйлеуге болмайды. Мұндай істер туралы Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Пәлен және пәлен нәрселерді айтып жүрген адамдарға не болған?», - деп айтатын.8

Шейх әл-Албанидің, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, кейбір жас кісілерге насихат берген сөздері: «Қарашы, бауырым... Мен саған және, біздің ойымызша, тура жолдан ауытқыған жастарға, ал Аллаһ бұны жақсырақ біледі, игі насихат беремін... Бір-біріңе сын айтып, уақытты жоғалтпаңдар және: «Пәленше былай деді, ал түгенше былай деді», - демеңдер. Өйткені, біріншіден, білімге мұның ешқандай қатысы жоқ, ал, екіншіден, бұл іс жүректерде ашу-ыза мен өшпенділік туғызады.



Білім – міне сендерге не қажет. Тек білім ғана «Адамдар бұл адамды оның көп қателері үшін әділ түрде сынға алып отыр ма?» және «Біз оны бидғаттардың жақтаушысы немесе бидғат жасаушы деп атауға құқықтымыз ба?» деген сұрақтарға жауап бере алады... Бұған тереңдей беру бізге не үшін қажет? Мен мұны істеу керек деп кеңес бермеймін, өйткені бүгін біз Құран мен Сүннет шақыруының немесе біз оны саләфи дағуаты деп атайтын шақырудың жақтаушылары үшін сынаққа айналған бытыраңқылықтан зардап шегудеміз. Бұл бөлінушіліктің басты себебі, ал - Аллаһ бұл туралы жақсырақ біледі - бұл жамандыққа үндейтін - нәпсі және ол мүлде фиқхтың кейбір мәселелеріндегі келіспеушіліктер емес.

Бұл – менің сендерге насихатым. Менен: «Сіз пәленше туралы не деп ойлайсыз?», - деп жиі сұрайды және мен сұраушының сұрап жатқан адамының не қайтпас жақтаушысы, не, керісінше, оған қарсы пиғылдағы адам екенін түсінемін. Ол туралы сұрақ қойылып және «ол тура жолдан ауытқыған» деп айтылып жатқан адам бізге баяғыдан таныс болған бауырлардың қатарына жататын болып шығатын кездер де болады. Ал біз сұрақ қоюшыға: «Сен пәленше мен пәленшені не істейсің? Аллаһ Тағала саған бұйырғандай тура жолмен жүре бер. Білім ала бер және ол саған кейіннен салиқалы адамды салиқалы еместен және қателесетін адамды дұрыс істейтіннен ажыратуға көмектеседі. Бауырың «қателескені» үшін деп айтпай-ақ қояйық, бір яки бір-екі немесе одан көбірек мәселелерде ақиқаттан азғантай ауытқығаны үшін оған қатысты ыза мен кегіңді ішіңе сақтама», - дейміз».

«Біз хадис білгірлері болып табылатын имамдардың ол туралы хауариж, муржи және т.с.с. деп айтылатын адамнан хадистер қабыл ететінін көрудеміз, бұл көзқарастардың барлығы кемшіліктер мен адасушылықтар болып табылатындығына қарамастан. Алайда хадистанушыларда өздері ұстанатын өлшеуіштері бар. Бір іс-әрекеттің жеңіл болуы себепті олар бір жаман амалдың салмағымен тұтас барлық жақсы амалдардан, ал екі немесе үш жаман қылықтардың жақсылықтардың ішіндегі ең ұлығы «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, әрі Мухаммад – Оның құлы әрі елшісі» деген куәлік болып табылатын барлық жақсы істерден ауыр салмақ басуына жол бермейді». Қз.: «Сильсиләт әл-худа уән-нур» (№784).

Шейх әл-Әлбани діндегі жаңалықтарды құптайтын адамға қандай анықтама беруге болатындығына қатысты сөз ете отырып, былай деді: «Абу Хурайра (Аллаһ оған разы болсын) туралы дерек (асар) «Егер ғалым қандай да бір діни бидғатқа түссе, ол мүлде бидғаттың жақтаушысы болып табылмайды, әрі қандай да бір ғалым тыйым салынған нәрсеге түссе, мысалы, өз ижтихадына сүйеніп, белгілі бір тыйым салынған нәрсенің рұқсат етілгендігін айтса, онда ол мүлде күнә жасамайды» деп пайымдауға мүмкіндік беретін мысалдардың қатарына жатады ма? Мен бұған былай деп жауап беремін. Абу Хурайра (Аллаһ оған разы болсын) туралы оның жұма күні жұма намазынан бұрын адамдарға уағыз-насихат айту үшін келетіні туралы баяндалатын бұл дерек ғалымның діни бидғат істеуін көрсететін, бірақ ол осыдан бидғаттың жақтаушысына айналғандығын мүлде білдірмейтін қолайлы мысал болып табылады. Жан-жақты жауап беруге көшуден бұрын мен мынаны айтқым келеді: ең алдымен діни жаңалықтардың (бидғаттардың) жақтаушысы болып дінге жаңалықтар (бидғаттар) енгізу оның әдетіне айналған кісі табылады. Ал қандай да бір діни жаңалық жасап жатқан біреуді – егер ол осыны шындығында да өзінің құмарлықтарынан емес, ижтихадына сүйеніп істеген болса – бидғаттардың жақтаушысы деп атауға болмайды. Түсініктірек болу үшін мынандай мысал келтіруге болады. Әділетсіз билеуші (әмір) кейде әділетті шешімдер шығарады, бірақ ол туралы: «Ол әділетті (билеуші)», - деп айтылмайды, тура сол сияқты әділетті билеуші де кейде әділетсіз шешімдер шығарады да, ол туралы да: «Ол әділетсіз (билеуші)», - деп айтылмайды. Мұны ислам фиқхының «Адам туралы онда не басым: жақсылық па, әлде жамандық па – соған қарап үкім шығарылады» деген ереже растайды. Егер біз осы ережені түсінсек, онда кімнің іс жүзінде діни бидғаттардың жақтаушысы екендігін білеміз. Сондықтан да біреуді діни бидғаттардың жақтаушысы деп айтудан бұрын біз екі шарт келтіреміз: біріншіден, ол мужтахид болмауы керек, яғни мұндай адам шындығында да өзінің құмарлығына ілеседі, ал, екіншіден, бұл оның әдеті және салты болуға тиіс9». Қз.: «Сильсиләт әл-худа уән-нур» (№785).

Басқа бір жерде шейх әл-Әлбани былай деп айтқан: «Егер мұсылман адам ғалымдардың немесе уағызшылардың біреуі қателескен қандай да бір істі көрсе, онда оған қателесушіге осы туралы ескертуі және ықыласты түрде кеңес беруі міндетті болады. Егер қате шектелген жерде орын алған болса, онда ол тура тура сол жерде, мұны көптің алдында және баршаға естілетіндей етпей, айту қажет, әрі осы орайда ең жақсы және күшті дәлелдерді келтіру қажет. Ал егер қателік баршаға белгілі және мәлім болса, онда оған көптің алдында нұсқаудың және түсіндірудің оқасы жоқ. Алайда Аллаһ Тағала айтқанындай: «Раббыңның жолына даналықпен және игі насихаттаумен шақыр, әрі олармен ең көркем түрде айтыс» («ән-Нәхл» сүресі, 125-аят).

Жоғарыда аталған жағдайда сөз жастардың ұмтылысымен және олардың эмоцияларымен байланысты қателікке нұсқау туралы болып тұрған жоқ, өйткені мұндай қателік білімге және түсіндіруге сүйеніп тұрған жоқ екендігін осы жерде атап кету қаже. Жоқ, бұл жерде шариғи дәйекке, түсіндіру мен дәлелге негізделетін қателікке нұсқау меңзелуде, ал бұл - осындай жұмсақ және дана түрде - тек өз білімдері мен дінге шақыруында (дағуатында) Құранға, Сүннетке және осы үмметтің салиқалы саләфтарының жолына негізделген бірегей сөзді ұстанатын ықыласты ғалымдардың және шын жүректен кеңес беретін шариғи ғылымдарды оқитын студенттердің арасында ғана орынға ие». Қз.: «Фиқх әл-Уақи`» кітабы (49-50-беттер).

Шейх әл-Әлбани, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, сондай-ақ былай деп жазады: «Кейде өз сұхбаттарымның барысында мен белгілі адамдар туралы бір нәрселер айтамын немесе өзімнің дінге деген қызғанышымнан және оның заң-ережелерінің сақталуы жөнінде қам жегенімнен, әрі осы орайда кімге болсын қарсы айдап салуға, оған қатысты ашу-ыза оятуға ұмтылмай айтатын сөздер мен сөйлемдерді қолданамын». «Пәтуалар жинағының» қолжазба нұсқасы («Мәжму әл-Фатауа», 1/5), әл-Мағрауидің «Әхль әл-ифқ уа-ль-бухтан әс-садун ән әс-Сунна уа-ль-Қуръан» кітабынан алынған дәйексөз.

Осы нәрселер бізбен, яғни мұсылмандардың бүліктердің қараңғылықтары шырмаған ұрпақтарымен орын алып жатқанында таң қалатын еш нәрсе жоқ. Сонымен бірге осындай, тіпті бұдан да салмақты нәрселер Елшімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және кейбір сахабалармен де орын алған болатын. Мысалы, сахабалардың бірі Елшіге (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһ пен сенің қалағандарың», - деп айтқан кезде, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сен не, мені Аллаһқа теңестіріп тұрсың ба?!», - деп жауап берді.10 Немесе басқа бір хадисті еске алайық. Уағыздаушылардың бірі: «Кім Аллаһқа және Оның Елшісіне бағынған болса, сол хақ жолға түсті, ал кім оларға мойынсұнбаса, сол одан шығып кетті», - деп айтқан кезде, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Сен адамдар үшін нашар уағыздаушысың!», - деп жауап берді.11

Біздің кезімізде біз жаңылыс айтылған сөздер мен айқын емес сөйлемдерді ақтаратын, әрі осы орайда біздің айқын, шынайы және бекітілген сөздерімізден ауытқитын адамдармен сыналудамыз. Олар мұны мүмін бауырлардың арасында бүлік тарату үшін немесе мүміндер мен кейбір билеушілер арасына бүлік егу үшін жасайды. Сондықтан да біз көп аудиожазбаларымызды зерттеп шығып, біздің ойымызша осы санатқа түсіп кететін өзіміздің кейбір сөздерімізді түзетуді жөн көрдік. Десе де осы туралы үнсіз қалу дұрысырақ болар еді. Осыдан соң жер бетін басып жүрген бұзақылар ызадан жарылуға дайын еді. Дәл солар сияқты адамдар туралы Аллаһ Тағала былай деді: «Ал кім қателік немесе күнә жасап, сонысында жазықсызды айыптаса, сол өзіне жала мен айқын күнәның жүгінің ауыртпалығын жүктеп алды» ("ән-Ниса" сүресі, 112-аят).

Біздің Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: “Уа, тілдерімен иман келтіріп, бірақ жүректерімен иман келтірмегендер! Мұсылмандардың артынан жаман сөз айтпаңдар әрі олардың әлсіз жерлерін (әуретін) іздеп-ақтармаңдар! Ақиқатында, кім олардың әлсіз жерлерін ақтара бастаса, оның әлсіз жерін Аллаһ ақтарады! Ал кімнің әлсіз жерін Аллаһ ақтарса, ол оны өзінің үйінде масқара қылады!» Бұл хадисті имам Абу Дауд өзінің «әс-Сунан» атты хадистер жинағында «Мінез-құлық ережелері» атты тарауында келтірген.

Шейх Ибн Усаймин (Аллаһ оны рахым етсін) былай деген: “Саләфия – бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабаларының манһажына ілесу, өйткені олар біздің саләфтарымыз және алдынғы буындарымыз. Оларға ілесу – міне осы - саләфия. Алайда саләфия арқылы белгілі бір адамды айрықша белгілеп алып, ал содан соң мұсылмандардың ішінен оған қайшы келетін адамды, тіпті ол ақиқаттың үстінде болса да, адасушылықта айыптай отырып, саләфияны белгілі бір манһаж ретінде таңдап алу – саләфияны хизбия манһажы ретінде таңдап алу (болып табылады). Ал бұның саләфияға қайшы келетініне ешқандай күмән жоқ. Саләфтардың барлығы Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінің төңірегінде бірігуге шақыратын және өздеріне қате түсінудің (тауильдің) негізінде қайшы келетіндерді, тек егер бұл ақида мәселелеріне қатысты болмаса, адасушылықта айыптамайтын. Олар өздеріне ақидада қайшы келетінді адасқан деп есептейтін. Ал өзге діни мәселелерге қатысты олар жеңілдік жасайтын. Алайда біздің кезімізде саләфияға ілесетін кейбір замандастарымыз өздеріне қайшы келетін әрбір адамды адасушылықта айыптайтын болды, тіпті егер ақиқат олардың жағында болмаса да! Ал олардың кейбіреулері саләфияны хизбия манһажына айналдырды, бұл өздерін Исламға жатқызатын әртүрлі партиялармен орын алып жатқанындай. Сөгуге қажет және мақұлдауға болмайтын нәрсе – осы. Мұндайларға: «Салиқалы саләфтардың мазхабына қараңдар, олар қандай амал жасады. Олардың ижтихад жасау орынды болып табылатын келіспеушіліктер мәселесіне қалайша қарағандарына назар бұрыңыздар. Бұдан қалса, олар тіпті қарапайым емес мәселелерде де келіспеушілікте болған, мысалы, кейбіреулері Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһты көргендігін айтқан тұсында, олардың басқаларының оның Аллаһты көргенін теріске шығарған сөздері. Олардың кейбіреулері: «Қиямет күні Таразыға амалдар қойылып өлшенеді», - десе, басқалары: «Амалдар жазылған кітаптар өлшенеді», - деп айтатын. Сондай-ақ олардың фиқх мәселесінде, неке, міндеттіліктер, сауда-саттық мәселелерінде т.б. жиі келіспеушілікке түскендерін көруге болады және соған қарамастан, олар бір-бірін адасушылықта айыптамайтын!», - деп айтуға болады. Сондықтан да саләфияны өздерімен келіспегендерді адасушылықта айыптау құқығын өзіне меншікті етіп алған белгілі сектаға (хизбияға) айналдыру орынсыз, әрі мұндай адамдардың саләфиямен ортақ еш нәрсесі жоқ! Шынайы саләфияға қатысты айтар болсақ, бұл – өзара жұмсақтық пен мейірімділік көрсетіп, ақидада, сөздерде, амалдарда, бауырластықта, келісімде саләфтардың манһажына ілесу, бұл туралы Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бір-біріне деген сүйіспеншілігінде, мейірімділігінде және жанашырлығында мүміндер бір дене сияқты. Оның бір мүшесіне ауру жетсе, бүкіл дене бұған мазасыздықпен және қызумен жауап береді»12, - деп айтқанындай. Нағыз саләфия дегеніміз – осы!» «Лиқа әл-баб әл-мафтух», № 1322-сұрақ.

Бірде шейх Ибн Усайминге (Аллаһ оны рахым етсін) мынандай сұрақ қойылған еді13: «Саид Кутбтың «Құранның панасында» атты кітабы туралы сіздің пікіріңіз қандай, өйткені онда пантеизм (уахда әл-уужуд) идеялары бар екендігі белгілі ғой?» Шейх былай деп жауап берді: «Бұл кітапта пантеизм идеялары бар екендігі туралы мәлімдеме салмақты (мәлімдеме), өйткені егер осы бекем түрде анық болса, онда сөз үлкен күпірлікке қатысты болады. Алайда осындай мәлімдемені алға тартқан адамға біз: «Осы кітапта пантеизм туралы айтылады деген өзіңнің сөздеріңе айқын дәлел келтір!», - деп айтамыз. Қалай болғанда да мен бұл кітапты оқымадым. Алайда мен оған біздің құрметті шейхтарымыз тарапынан жасалған кейбір ескертпелерді оқып шықтым. Кітаптың авторына келер болсақ, онда, біз мұны кейбір бауырларымыздан естігеніміздей, ол бірқатар нәрселерде қателескен болса да, оның жақсы зерттеулері бар. Ханбали ғалымдарының қатарынан және Ибн әл-Қайимнің шәкірттерінен болған Ибн Ражжаб (Аллаһ оны рахым етсін) өзінің «Фиқх ережелері» атты (“әл-Қауаид әл-Фиқхия”) кітабында былай деп жазады: “Аллаһ тек Өзінің Кітабын ғана қатесіз етуді қалады, сондықтан да адамның азғантай қателіктерін, ол басқа мәселелердің көбінде хақ болғандығын назарға алған күйде, кешірген адам әділеттілік жасайды. Қателесуден аман болған бірде-бір жан бар ма? Әрбір адам қателеседі, ал қателесушілердің ең жақсылары – бұл ақиқатқа оралатын тәубе етушілер. Кітапта қателіктер де, дұрыс нәрселер де болады, сондықтан да біз дұрыс болғанын қабылдаймыз да, қателерін тәрк етеміз”».

Кейін шейх Ибн Усайминнен Саид Кутбтың «әл-Ихлас» сүресіне жасаған тәпсірі туралы сұрады. Ол бұл кітапты оқымағандығын қайталап айтты да, ол онымен танысуы үшін оны оған беруді сұрады, содан соң былай деді: «Қалай болғанда да біз айқын болмайынша пікір айтпаймыз. Бұл өте салмақты мәселе. Мен сіздерге мынаны айтқым келеді. Егер қандай да бір танымал ғалымнан дұрыс та, өтірік те деп санауға болатын қандай да бір айтылған сөз жеткізілсе, онда мен оның сөздерін ең жақсы үлгіде түсінемін».14

Шейхқа: «Тіпті ақида мәселесінде де ме?», - деп сұрақ қойылды. Шейх: «Ақида және басқа мәселелерде де», - деп жауап берді де, содан соң былай деп жалғастырды: «Адам өзінің мұсылман үмметіне насихат етуімен танымал болса, біз мұндай адамның мәртебесін назарға алып, оның сөздерін ең жақсы үлгіде түсінеміз. Осы жағдайды пайдаланып мен бүгінгі күні ғалымдардың қателіктерінен сан алуан рет көбірек болған жақсылықтарын жоққа шығаруға ұмтылып, олардың қателіктерін ақтаратын, содан соң оларды баршаға естілетіндей етіп мәлімдейтін адамдар пайда болғандығын айтқым келеді, Аллаһ бізді де, оларды да тура жолға салсын. Мұндай тәсіл қате болып табылады».

Кейін шейх Усайминге «Ақида (сенім) мәселелерінде әртүрлі пікір ұстануға рұқсат етіледі ме?» деген сұрақ қойылды. Ол: «Ақидада, басқа мәселелердегідей ғалымдарда қателіктер орын алуы мүмкін. Мұсылмандардың алғашқы және соңғы буындарынан болған ғалымдар Тозақтың оты туралы: ол мәңгі ме, әлде жоқ па деген мәселеде пікірі әртүрлі болғаны сіздерге мәлім емес пе? Сондай-ақ олар Тозақтың үстінен орнатылатын көпір (әс-Сырат) туралы: ол басқа да жолдар секілді жол (тариқ) болады ма, әлде тар өткел болады ма деген мәселеде де әртүрлі пікірде болған. Бұл мәселе бойынша келіспеушіліктер бар. Немесе, мысалы, Қиямет Күні амалдар таразыға тартылады ма, амал жасаушы ма, әлде амалдар жазылған кітаптар ма? Бұл мәселе бойынша да келіспеушіліктер бар. Немесе Елші (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өңінде Раббысын көрді ме, әлде жоқ па? Дене қабірде болған кезде оған рух қайта оралады ма, әрі жазаға дене мен рух тартылады ма, әлде жазаға тек рух қана тартылады ма? Ал бұл мәселелер ақидаға қатысты ғой!»



Кейін шейхтан Аллаһтың сипаттары туралы сұрады. Бұған ол былай деп жауап берді: «Мен сіздермен Аллаһтың есімдері мен сипаттарына қатысты ережемен бөліскім келеді: кім Аллаһтың сипаттарын жоққа шығарса, оларды толығымен теріске шығарса, сол Құранға өтірік жапсырған болады, тіпті мұндай адам күпірлікке қарсы болса да. Немесе ол надандығы, бұрыс түсінуі, немесе кенеттен түскен, мысалы, қатты ыза, немесе өте үлкен қуаныш т.с.с. жағдайлар себепті ақтауға ие болады, әрі мұндай жағдайда оның сөздері, шындығында, күпірлік болып табылмайды. Мысалы, жоғалған малын тауып алған адам туралы хадисте айтылғандай. Ол айтқан сөздер күпірлік болып табылады ма, иман ба? Қатты қуанғандығы себепті бұл адам Ұлы және Аса Құдіретті Аллаһқа: «Уа, Аллаһ! Сен менің құлымсың, ал мен Сенің Раббыңмын!», - деп (абайсыздықпен) дауыстай салды. Бұл сөздер немесе амалдар күпірлік болып табылады, алайда осындайды басынан кешкен әрбір адам кәпір бола бермейді. Бұл адамның күйіне қараңыздар! Ол қайғы-қасіретке шалдықты, оны қатты эмоциялар, яғни зор қуаныш баулыды, әрі ол осы сөздерді санасыз түрде айтып қойды! Сондықтан да бізге адамдарды күпірлікте, діни бидғаттарда немесе бұзақылықта айыптауға асықпау керек!

Қандай да бір нәрсе күпірлік болып табылады ма, әлде жоқ па деген үкімді кім шығарады? Тура сол сияқты қандай да бір нәрсе халәл ма, харам ба, міндетті ме, діндегі күпірлік пен немесе бидғат па деген үкімді кім шығарады? Аллаһ және Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)! Ал бізге қатысты айтар болсақ, біз жаратылыстар туралы шариғи үкімдерді орнатпаймыз.

Аллаһ Пәк, ал егер сен күпірлікте, бидғатта немесе бұзақылықта айыптаған адамның орнында сен болғаныңда әрі сенен оның дәлелі немесе бұрыс түсінуі жасырын болып қалғанда, немесе саған жеткізушілердің сен сенімді деп санайтын тізбегі жетпеген болса, мысалы, егер иснадында әлсіз жеткізушілер болса! Міне енді, сен осы адамның орнында болсаң және біреу келіп сені күпірлікте айыптай бастаса, сен осыған разы боласың ба, әлде жоқ па? Сондықтан да сен осыны, нақты айтқанда сенің ақталатын себебің бола тұра сені күпірлікте айыптағанды, өзің үшін қаламасаң, онда қалайша сен ақталатын себебі бар адамды күпірлікте айыптауыңа разы бола аласың?!

Міне сондықтан да мен: «Мұсылманды күпірлікте айыптау бір жай ғана мардымсыз іс емес, мұсылманды бұзақылықта айыптау жай ғана болмашы іс емес, тура сол сияқты мұсылманды діни бидғатта айыптау да жай ғана елеусіз іс емес!», - деп айтамын. Мұндай жағдайларда дереккөз Құран мен Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеті болып табылады, әрі адамдарды күпірлік пен бұзақылықта айыптайтын сен емессің! Ал егер сен қандай да бір нәрсені білімнің негізінде емес істеген болсаң, онда ол сенің өзіңе қарсы қайырылады, бұл Елшінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «...оның өзіне күпірлік қайта оралады» деген сөздерінен шығатынындай. Бұл сөздердің мағынасы күпірлік оған дәл осы сәтте қайта оралады дегенде емес, жоқ, бұл күпірлік қазір бар, оның жүрегі ақиқаттан ауытқып қойды, әрі болашақта кәпір болады, біз бұдан Аллаһтан пана сұраймыз!

Сондықтан да, бауырымыз, ең алдымен өзіңе қатысты жұмсақтық таныту қажет, ал, екіншіден, өзіңнің діндес бауырларыңа да! Сен белгілі бір нәрседе немесе белгілі бір жерде қателескен бауырыңа келіп, оған: «Маған сен осындай және осындай нәрселерді айтты деген немесе осылай және осылай істеді деген хабарлар жетті. Осы рас па?», - деп айтуың нендей көркем болар еді. Бізге қаншалықты жиі түрде «Бізге сендер былай және былай деп айтқандарың немесе осылай және осылай істегендерің туралы жетті» деген сөздер айтылады, алайда іс жүзінде мұндай нәрселер ойымызда да болмаған болса да! Алайда адам біреулердің сөздеріне негізделіп күдік таға, немесе белгілі бір нәрсені қате түсініп қорытынды шығаруға асыға, немесе тіпті сөздерді жалпы мәтіннен жұла бастайды. Ал егер адамдар, керісінше, өзара іс-әрекет жасасқанда, ортақ пікірге келгенде, бір-біріне ізгі кеңес-насихаттар бергенде еді, бұл олар үшін істің түзелуіне қам жемей «перденің» сыртынан айып тағудан жақсырақ болар еді.

Енді бұрыс түсінуге (тауильге) қатысты. Бұл әрбір шариғи мәтінді және бұрыс түсінудің жағдаяттарын қарап шығуды талап ететін ұзақ және көлемді тақырып. Белгілі бір мәселенің күпірлікке жетпейтіндей етіп бұрыс түсінуі орын алуы мүмкін, сондай-ақ оларды бұрыс түсінуді қабылдауға да, теріске шығаруға да болмайтын мәселелердің тізбегі де болады. Мысалы, Аллаһ Тағаланың «Құранды оқып шыққан кезіңде, (тастармен) ұрып қуылған шайтаннан Аллаһтан пана ізде!» деген сөздері. Егер сен аяттың сырт мағынасын алсаң, оны қалай тәпсірлейсің? Сен: «Құранды оқып аяқтасаң, тастармен ұрып қуылған шайтаннан Аллаһтан пана ізде!», - деп жауап бересің. Сондықтанда бұрыс түсінудің бөліктері (аксам) бар. Әрі сен әрбір мәселе бойынша оның бұрыс түсінуі күпірлік болып табылады, әрі әрбір бұрыс түсіну күпірлік және бұзақылық болып табылады деп үкім шығаруың мүмкін емес».

Шейх Ибн Усайминге (Аллаһ оны рахым етсін) «Құрметті шейх, ислам білімін талап етушілер (тулләб әл-ильм) біріне бірі теріске шығару жасайтын аудиотаспалар туралы сіздің пікіріңіз қандай?» деген сұрақ та қойылған болатын.

Ол былай деп жауап берді: «Мен пікірталастар жазылған аудиотаспалардың, егер сен олардың мазмұны жөнінде ой шолсаң, айтыс-тартыстардан өзге еш нәрсе еместігіне көзің жетеді деп есептеймін, әрі сен оларды шығармауың керек деп ойлаймын. Іс жүзінде олар тыңдаушылар арасында толқулар мен бөлінушілік туғызады. Ал (қателіктерді) теріске шығаруды қамтитын аудиожазуларға, мысалы, адам таспада әшкереленуге тиіс болған бір өтірік туралы мәлімдесе, онда мұндай таспаны, яғни өтірікті теріске шығаратын (аудио)жазбаны тарату қажет.

Адам (белгілі бір) нәрселерді салыстыру арқылы таниды, яғни ол таралып жатқан материал қай кезде жай адамдардың айтысы, ал қай кезде ақиқатты түсіндіру екенін біледі. Ақиқатты түсіндіретін нәрсені тарату қажет. Ал жай айтысуларға келер болсақ, мен мұндай материалдарды тарату қажет деп санамаймын, өйткені адамдарға оларды жіктейтін нәрселер емес, келісімге алып келетін және табыстыратын нәрселер өте қажет. Бұдан тыс, сендерге мәлім болғанындай, Аллаһ сендерді игілікке бөлесін, көптеген адамдар заттардың мән–жайын түсінуге тиісті болғандай етіп түсінбейді, әрі осы арқылы біреу-міреу адасушылыққа түсіп, бүлікке (фитнаға) кіріп кетуі мүмкін».

Шейх ‘Абдуллаһ ибн Мухаммад әл-Ғунайман15 (Аллаһ Тағала оған есендік берсін) басқа мұсылмандарды діни бидғаттарда айыптаушыларды және мұсылмандарды таптарға бөлуді жақтайтындарды теріске шығарып, былай деп жазады: «Осы адамдардың іс-әрекеттері себепті көпшілік жастардың ойлары шатысты. Олардың арасында ислам шақыруына көлденең тұрып алып, адамдарды Аллаһтың жолынан әрі итермелеп бастаған мінегіш сыншылар бұйырған нәрселерге ілесіп, дұрыс жолдан тайғандары бар. Олардың арасында осындай мінегіш сыншылардың себебімен ғалымдармен болған қарым-қатынасында үлкен ақау пайда болғандары да бар, осының салдарынан олар ғалымдардан қатты алыстады. Олардың арасында адамдарды өз тұжырымы бойынша, өздері естіп алған «пәлен «ихуанмен сөйлесетіндігі, оған барып тұратындығы немесе онымен бірге отыратындығы себепті «ихуан» болып табылады», «пәлен «сурури», түген – «жағымпаз» деген т.с.с. сөздерге сүйеніп, таптарға бөле бастағандары да бар. Таң қаларлығы - олардың осы орайда өздері де ақиқат жолынан тайған және өзгелерді де адасушылыққа салған надандарды өздеріне көсем етіп алып, өздерінше адамдардың сенімділігін растау және теріске шығару (әл-жәрх уа ут-таъдыль) жолына ілесудеміз деп ойлауы.16 Мұсылман адам өзіне қатысты да, төрттен бір немесе оннан бір бөлікке білімді болған бейшараларға қатысты да Аллаһтан қорқуы қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет