Г. Астана Қазақстандағы бақ-ты тарату әдіс-тәсілдері



Дата27.05.2018
өлшемі81,79 Kb.
#40916
М.Б.Шиндалиева
Евразийский национальный университет им. Л.Н.Гумилева,

г. Астана
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАҚ-ТЫ ТАРАТУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

Тарату стратегиясы оның мақсаты мен басты жетістігін анықтауды білдіреді. Бұл мақсат баршаға түсінікті – басылым таралымын толықтай сатуды жүзеге асыру. Соның нәтижесі ретінде – бәсекелестермен күрес кезіндегі барынша тұрақтылық үшін мақсатты аудиторияның көп бөлігін қамтуда газет немесе журналдың үлесі артады, қорытындысында – редакцияға түсетін пайда да өседі. Таралымды табысты таратудың стратегиясын жасау көбіне мерзімді басылымды нарыққа шығару жоспарына байланысты. Ең алдымен ол дұрыс жүргізілген нарықты маркетингтік зерттеуге, басылымның аудиториялық базасын анықтауға сүйенеді. Таралу аймағы мен мақсатты аудиторияны таңдау, басылымды орналастыру арқылы таралымды тұрақтандыру мен сатуға қажетті ақпараттар алынады. Тарату стратегиясы редакцияның баға саясатына, басылымға жазылуда және бөлшек сауда бағасының құнын анықтауға байланысты. Соның ішінде тұтынушы ақпарат қажет басылымның нарыққа шығуының оңтайлы уақытын анықтауды қамтиды.

Қазақстанда БАҚ-ты таратудың негізгі төрт жолын пайдаланады, олар: жазылу арқылы, бөлшек сауда, көтерме сауда және басылымды тегін жеткізіп беру тәсілі. Қазіргі қалыптасқан жағдайға сәйкес заманауи техникалық құралдарды пайдалану арқылы оның жаңа әдістері де пайда болуда. Бұл әдістердің әрқайсысы өзіндік ерекшеліктерге, артықшылықтар мен кемшіліктерге ие. Жазылу әдісін әлемнің көптеген елдерінің басылымдары пайдаланады. Қазақстанда ол біраз уақытқа дейін басылымды таратудың негізгі әдісі ретінде қолданылып келді. Жазылу арқылы таратудың бірқатар артықшылықтары бар. Оқырманға да жазылған уақыты біткенге дейін басылымды үйіне әкеліп тұрады және бір рет жазылғанға ақша төлегені үшін ол осы жыл ішіндегі өзге де шығындардан құтылады. Редакцияға тиімді жағы ол бір мезетте жазылушыдан қомақты қаржы алады. Жазылу оған таралымды сатудан түскен ақшаның көп және нақты бөлігін құрайды. Соған сәйкес, көбірек жазылушыларды тартып, өз болашағын қамтамасыз етуге ұмтылады. Редакция оқырмандарын біраз уақыттық мерзімге жазатындықтан, оның бәсекелестерінің билігі жүрмей қалады. Кезекті жазылу кампаниясын аяқтағаннан кейін, редакция өзінің болашақ жазылушыларының белсенділік қарқынын азайтпауы тиіс. Оқырмандардың соңғы сәтте жазылуы мүмкін деген идея оны таратушылардың жұмысын бір сәт болсын әлсіретпейді. Жазылу процесі ешқашан аяқталмайды. Шағын аудитория мен аз ғана таралымға ие кейбір басылымдар тек жазылу арқылы ғана таралады. Олардың қатарына, арнайы мамандандырылған техникалық және ғылыми журналдар, шағын техникалық және өндірістік аудиторияға бағытталған анықтамалық және ақпараттық бюллетеньдер, өзге ұлт тілдерінде шығатын газет-журналдар жатады. Жазылудың өзге әдістердің алдындағы ең маңызды ерекшелігі оны өзгелерден жоғары қоятыны сөзсіз. Жазылушыларға жеткізуді пошта бөлімшелері барлық аймақтарда, ауылдар мен қалаларда орналасқан пошта байланысы атқарады. Кеңестік кезеңде поштаны тасымалдаушы газет немесе журналды кез келген елді-мекенге, тіпті шағын ауылдарға немесе жалғыз үйлік фермаға да жеткізе алатын еді. Қазір бұл жүйе бұзылған, басылымдар кешігіп жетеді. Себебі, ауылды жерлерде пошта аптасына екі-үш күнде ғана таратылады. Қазіргі уақытта жазылу нарығында бірнеше бәсекелес мекеме қызмет атқаруда, олардың ішінде монополиялық жағдайға ие болып отырғаны «Қазпочта», «Союзпечать» және жазылу мен бөлшек сауда агенттіктер бар. Соңғысы жазылуды пошта арқылы жүзеге асырады.

1990 жылдардың басында оқырманға жазылу арқылы тартудың бірнеше әдістері мен тәсілдері ойластырылып, жүзеге асырылды. Мысалы, үйреншікті жазылуға қарағанда, кейбір күнделікті шығатын газетті редакция арқылы жеңілдікпен жазылу әдісін ұсынды, яғни белгілі бір уақытқа дейін жағдайы төмен оқырмандар соғыс ардагерлері, мүгедектер, зейнеткерлерге арнап бағаны төмендетті. Ауылды жерлердегі оқырмандардың санын арттыру үшін ауылдық жерлер мен шағын қалалардың редакцияларында да осындай жеңілдіктер ұйымдастырылды. Соған орай қалаған адамдар өздерінің жергілікті газеттері мен астаналық басылымды қатар жазылып алатын болды. «Астана ақшамы», «Вечерний Астана» газетінің редакциясы басқа жолды таңдады. Олар бизнесмендер мен кәсіпкерлерді кәсіпорындар мен мекемелерге қолма-қол ақша емес, банк арқылы төлем жасау арқылы жазылуға үгіттеп ойларынан шыға бастады. «Алаш айнасы», «Айқын» және т.б. басылымдар редакциялары жағдайы төмен оқырмандарға арнап таңдау мүмкіндігін беріп отырады, күнделікті газетке жазылу немесе демалыс күндері шығатын, көп бетпен жарық көретін нөмірді көбірек сатуға күш жұмсайды. Жоғарыдағыға қарағанда жәрдеммен жазылудың да маңызы зор болды. Редакциялар оқырмандарды тарту үшін түрлі конкурстар мен лотереяларға қатысып сыйлық ұтып алуға жағдай жасады. Ұйымдастырылған бәйгеге өздерінің қаржылық жағдайын ескеріп, түрлі сыйлықтар дайындайды. Тура осындай бәйгені ұйымдастырған басылымдар оқырмандары автокөлік, жаңа электронды техника, Кипр немесе Түркияның түрлі демалыс орындарына тегін жолдамаға, тіпті пәтерге дейін құнды сыйлықтарды ұтып алып жатты. Тура осындай қызықты ұсыныстарымен «Заман Қазақстан» газеті таралымын арттырды. Ал кейбір айтулы мейрамдарға орайластырып шығарылатын басылымдар жас отау құрғандарға жеңілдікпен жазылуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, жобаға қатысқан барлық оқырмандарға арнайы жеңілдік картасын беріп, олар арнайы бағамен дүңгіршіктерден өз газеттерін сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл жобаны билік орындары да құптады. Әрине, жергілікті немесе аймақтық басылымның редакциясы өзге іс-шараларды қолданады. Жазылушылар арасында ұйымдастырылған конкурстар мен лотереяларда тегін жазылу құқығын немесе естелік сыйлықтармен шектеледі. Жәрдеммен жазылуды арттыру бірталай қосымша шығындарды қажет етеді. Ол үшін қажет қаржыны редакция әдетте, өзінің кіріс көздерін пайдалана отырып бөледі.

«Қазпочта» немесе өзге де баламалы мекемелер бұл орайда редакция үшін тиімсіз. Алайда, басылымды редакциядан басылымды тарату үшін оның жазылу бағасына конверт немесе нөмірдің өзге де қаптамасының бағасын, пошта қызметтерін және поштаға жеткізу қаржысын қосу керек. Сонымен қатар, газет немесе журналдың қораптарын салып дайындау, редакция қызметкерлерін негізгі жұмысынан алаңдатады. Редакциядан оқырманға тарату үшін арнайы маман жалдауға тура келеді. Редакциядан оқырманға тікелей тарату тиімсіз болғандықтан, бұл әдіс өте сирек қолданылады. Алайда, кейбір ірі басылымдардың редакциясы басылымды мақсатты таратуды пайдаланады. Олар поштамен мемлекеттік немесе қоғамдық тұлғаларға, депутаттар мен Президент әкімшілігінің қызметкерлеріне газет-журнал нөмірлерін жіберіп, басылымның кезекті санындағы ақпараттың тез таралуы мен жетуіне жағдай жасайды.

Кейбір мерзімді басылымдардың таралымының көп бөлігі немесе толықтай бөлшек саудамен сатылады. Бұл әдетте, енді ғана шыға бастаған жаңа журналдар мен газеттерге қатысты. Олар танымал болмағандықтан, жазылып сатуға үміткер бола алмайды. Бірнеше ай бөлшек саудадан кейін олар жазылу кампаниясы туралы хабарлайды. Бөлшек саудаға жұқа – иллюстрациялық, сатиралық бұқаралық журналдар тез бейімделеді. Сонымен қатар, бөлшек саудада иллюстарциясы бай, әйелдер мен жастарға арналған – «Тұмар», «Жұлдыздар отбасы», «Шәмші», «Мұқағали» және т.б. журналдар сатылады. Бөлшек сауда кешкі басылымдар мен демалыс күні шығатын газеттердің таралуының негізгі әдісі болды. Тек қана бөлшек саудадан бірқатар жарнама және іскерлік газет-журналдарын «Из рук в руки», «Инфо-Цес» және т.б. сатып алуға болады. Арнайы мамандандырылған, белгілі бір іс-шараға – көрменің, тұсаукесердің ашылуына, фестивальдің басталуына және т.б. арналған бір реттік газеттер тек бөлшек саудамен сатылады.

Мерзімді басылымдар нарығында бөлшек сауданың түрлі әдістері мен тәсілдері қолданылады. Олардың ішінде кең тарағаны газет және журналдарды дүңгіршектерде сату. Қазіргі уақытта дүңгіршектердің ең кең тараған желісіне «Казпочта» ие болып отыр. «Казпочта», «Союзпечать», «Алты алаш» және өзгелері Астана мен Алматыдан тыс жерлерде де шықты. Ал, қалғандары өз басылымын таратуды белгілі қалаларда ұйымдастырып, өз дүңгіршектерін аша бастады. Дүңгіршектердің жалға алуының жоғары құнына қарамастан, бұл желілер тез дамып, қарқынмен өсті. Осылай, қазіргі уақытта Қазақстан қалаларында 100-ден астам дүңгіршік, «Казпочта» 100 дүңгіршікке ие болып отыр.

«Заман Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Айқын», «Ана тілі» газеттері қазақ тілді оқырманы бар, яғни қазақ диаспорасы өмір сүретін аймақтарда, алыс-жақын шетелдердің нарығына кіруге талпыныс жасауда. Түрлі себептермен шетелге қоныс аударған миллиондаған қандастарымыздың, қазақ азаматтарының Отанымен байланысын сақтауда бұл газеттердің маңызы зор. Олар өздері тұрған және таныстары мен туыстары қалған елдің тыныс-тіршілігіне қызығушылық танытып отырады. Олар қоныстанған кейбір елдерде, мысалы, Ресейде, Өзбекстанда, Қытайда, Моңғолияда, Түркменстан, Түркияда бұл қажеттілікті қазақ тіліндегі радиохабарлар мен жергілікті қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары, Қазақстаннан келетін газет-журналдар арқылы шешуге тырысады.

«ҚАЗақпарат» ұлттық компаниясы 2011 жылдан бастап өз хабарларын төте жазумен (араб қарпімен) де тарата бастады. Бұл қазақтілді ақпараттың өрісін кеңейтуге айтулы үлес қосатын үлкен жаңалық. Негізінде, «ҚАЗақпарат» агенттігі 2004 жылдың көктемінен бері қазақша хабарларды латын қарпімен тарата бастаған болатын. Түркия мен Еуропада тұратын қандастарымыздың Қазақстан жаңалықтарынан сол мезетте хабардар болып оты­руын көздеген агенттік шеттегі қазақтардың көңілінен шыққан. Бұл жаңалықтарды Қытайдағы бір жарым миллиондай қазақ жұртының іздейтіні атажұрт, Қазақстан жаңалықтары боп келеді екен. Қытайда көп қазақша интернет тораптары жұмыс істейді. Олардың беттерінде қазақстандық – «ҚАЗақпарат», «Егемен Қазақстан» сияқты бірқатар ақпарат құралдары мен басылымдары­ның ғаламторлық сайттарының мекен-жайлары да көрсетілген, оларды сол жақтан ашып оқи беруге болады. Осылайша «ҚАЗақпарат» қазіргі кезде әлем қазақтары қолданып отырған үш әліпби­мен бірдей хабар тарататын, күллі алаш жұртының оқырманына Қазақстан жаңалық­тарын жеткізіп отыратын бірегей агенттікке айналып отыр. Бүгінде «ҚАЗақпарат» агенттігі - қазақша үш әліпби нұсқасында, орысша, ағылшынша әлемге интернет арқылы хабар таратып отырған еліміздегі бірден бір электрондық бұқаралық ақпарат құралы. Мәселен, 2-3 күн көлемінде сайтты қарайтын қытайлық қазақ ағайынның саны 6000-нан асып үлгерген. «ҚАЗақпарат» күнделікті 100-120, кейде одан да артық көлемде ақпарат дайындайды. Бірақ төте жазу нұсқасына шеттегі бауырларға керекті деген 40-қа жуық ақпарат салынады. Соған қарамастан, ондағы оқырманның қалың ортасы күн сайын қауырт көбейіп отыр.

Әлеуметтанушылар зерттегендей, Астанада жарнама басылымдары таралымы 500 000 данадан асқан кезде ғана пайда әкеле бастайды екен. Ал өзге қалаларда таралым данасы төменірек болуы мүмкін. Тегін таратылатын астаналық ірі жарнама газеттерінің қатарына «Недвижимость Астана» таралымы үш миллион дана, Қарағандыдан шығатын «Газета бесплатных обьявлений» газеті, Астанадан шығатын ақпараттық-жарнамалық басылым «Курьер» бір миллион данадан асатын және жалпы таралымы бес миллион дананы құрайтын «Gbo.kz info» басылымдары жатады. «Строй-К» ақпараттық-жарнамалық журнал, «Бизнес-Регион Казахстан», «Добрые советы», «Бизнес курьер», «Караван-класс», «Рек-тайм Алматы», «Плюс» тағы басқа көп данамен таралатын жарнамалық басылымдары бар екен.




Заявка на участие в конференции

ФИО Шиндалиева Менликул Бурхановна

Город Астана

Евразийский национальный университет им. Л.Н.Гумилева

Доктор филологических наук, профессор

Название доклада __________________________

социально-гуманитарные исследования по литературе, культуре, языку и истории тюркских народов

Адрес (с указанием почтового индекса) г.Астана, ул Кордай 77, кв.115.

8-7172-52-97-88, 8-701-552-30-13.

Mendigul@list.ru

(выступление с докладом

публикация статьи)



Дополнительная информация

15.09.2013. Подпись _________________

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет