10. Жедел медициналық жәрдем фельдшері үйге шақыртылды. Қайтабосанушы, 29 жаста.
Босанғаннан кейін 10 тәулік өткен. Босану кезінде – қағанақ суы мерзімінен бұрын
төгілген, сусыз кезең – 14 сағат.Босанғаннан кейінгі 8-ші тәулікте дене қызуының 38,6
С дейін көтерілуіне, қалтырауына, сол тізесінің қаттыауруна
шағымдалған.Босанғаннан кейінгі 10-шы тәулікте сол жақ балтырының ісінуі, оң жақ
балтырымен салыстырғанда шеңберінің 4 см-ге ұлғаюы, аяғының тоңуы, жыбырлау
сезімі анықталды. Жатыр түбі қасаға артында. Жыныс жолдарынан бөлінулер серозды,
иіссіз.
Тапсырма
-Диагноз қою және негіздеу үшін қандай талдау және тексерулер қажет.
-Жүргізу тактикасын анықтаңыз.