14.
Науқас М., 14 жаста, 6 күн бойы әлсіздік, бас айналуы,
жыныс жолдарынан қатты қан
кетуі туралы шағымданды. Етек кірі 13 жастан басталған, ретсіз (6-8 аптадан кейін),
көп мөлшерде,қою-ұйытпалармен, ұзақтығы 8-10 күн, ауыртпалықсыз.
Тексеру
кезінде: терісі бозғылт. Пульсі минутына 94 соққы, ырғақты, қанағаттанарлық
толтырулы және кернеулі. АҚ 100/70 мм сын.бағ. Гинекологиялық статус: сыртқы
жыныс мүшелері дұрыс дамыған,әйел типіне сәйкес түктену, гимені бүтін. Жыныс
жолдарындағы бөліністер қанаралас, көп мөлшерде.
Ректоабдоминальды зерттеу
кезінде ауытқулар табылған жоқ. Қан талдауында – гемоглобин 90 г/л.
Тапсырма
-Жатырдан қан кетуді жіктеңіз,
-Диагноз қойыңыз және оны негіздеңіз.
-Жүргізу тактикасын анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: