Фармацевтік өндірісінің негізгі процестері



бет2/4
Дата01.11.2022
өлшемі158,61 Kb.
#155997
1   2   3   4
Байланысты:
Хим Фарм 3 срс
По К 042-18 57 03-2013 № басылым, Документ (3), Pink Rose Watercolor Organic Creative Project Presentation 20231001 175110 0000, 2913012c3b2eab6a448e16c8ceed9165 (2)
Гидростатика.
Гидромеханика — сұйықтардың тепе-теңдік және қозғалыс заңдылықтарын, олардың өздері шайып жатқан қатты денелермен өзара байланысын зерттейтін ғылым саласы, механиканың бір тарауы. Гидромеханика гидродинамика және гидростатика болып екі түрге бөлінеді.
Әр түрлі сүйықтардың табиғи жағдайы мен олардың қолдану шараларын қарастырған кезде қозғалу заңдылығымен қоса сүйықтың күш әсері мен жер бетіне немесе басқа заттардың бетіне тигізетін механикалық өсерін зерттейді. Осындай күрделі мәселелерді зерттеу кезінде бұл ілім ғылым ретінде қалыптасты да, оны гидромеханика гидравлика деп атайды.
Гидравлика деген сөз гректің су және қүбырша деген сөзінен шыққан. Гидравлика әр түрлі сүйықтың тепе-теңдік жағдайы мен оның қозғалу (ағу) заңдылығын зерттейді де, осы заңның практикада түрлі инженерліктехникалық есептеулер кезінде қолдану тәсілдері беріледі. Гидравлика мынадай негізгі бөлімдерден түрады: гидростатика, кинематика және гидродинамика.
Гидростатика сұйықтың тыныштықта түрғандағы тепе-теңдігі мен қатты дененің сүйыққа түгелімен немесе жартылай батқан кездегі сипатын зерттейді. Кинематика сұйық қозғалысының (ағынының) геометриялық көрсеткіші мен уақыт ішіндегі (жылдамдығы мен үдеуі) жағдайын зерттейді. Гидродинамика сұйық қозғалысының заңдылығын және оған түсетін барлық күш өсерімен бірге зерттейді.
Гидравлика мына пәндермен тығыз байланысты: физика, жоғарғы математика, теориялық механика, материалдар кедергісі ғылымдары, сонымен қатар сүйықтық ғылымы турбина жобалаудың, сүйық сорғыштың, басқа да гидравликалық машиналардың, сумен қамтамасыз етудің, жер суландырудың және жер құрғату сияқты ғылым салаларының негізгі базасы болады. Барлың техника саласында гидравликалық қондырғылар пайдаланылады, олар да осы гидравлика заңын қолданады.
Гидравликаның зерттеу объектісі – сұйық, табиғатта сұйықтың 4 агрегатты күйі қатты, сүйық, газ түрінде және плазмалы болып бөлінеді. Сұйықтың негізгі қасиеттеріне өте төменгі температура мен жоғары қысым кезінде, қатты дене қасиетінде болатындығын (мұз), ал өте жоғары температура мен ең төменгі қысым кезінде газ түріндегі қасиетіне айнала алатындығын (бу) жатқызуға болады.
Сұйық дегеніміз - физикалың дене, оның бөлшектері өте қозғалғыш келеді де, аққыш және сыртқы күш әсерінен өзінің формасын өзгерте алатын қасиеті бар. Сұйықтар сығылатын (газ түрлі) және қысылмайтын немесе өте аз сығылатын (тамшылы) болып бөлінеді.
Сұйық қозғалысының заңдылығын зерттеуді жеңілдету үшін идеалды (қиялды) және реалды (нақтылы) сұйықтар деп екіге бөлінеді.
Идеалды (қиялды) -тұтқырсыз сұйық, бұл сұйықта үйкеліс күші мен жанама кернеу күші болмайды да, сыртқы күш әсерінен оның көлемі өзгермейді.
Реалды (нақтылы) -тұтқырлы сұйық, табиғатта кездесетін сүйық қысымымен температураның әсерінен көлемі өте аз өзгереді. Сондықтан гидравликада нақтылы сұйықты абсолютті сығылмайтын дене ретінде зерттейді.
Реалды сұйық Ньютондық және Бингемдік болып бөлінеді. Ньютон сұйығындағы қозғалысты сұйық бір қабатының екінші қабатына қарағандағы жанама кернеу (ішкі үйкеліс) оның жылжу жылдамдығына пропорционалды болады. Егер сұйық тыныштықта тұрса, бұл кернеу күші нөлге тең болады. Ньютон сұйығына су, май, бензин, керосин, глицирин, ауа газдары, т.б. жатады.
Бингем сүйығының ағысы өте баяу болады, Ньютон сұйығынан айырмасы - тыныштықта тұрған кезіндегі бұл сұйықта жанама күші (ішкі үйкеліс) болады, әрі мұның шамасы сұйықтың түріне байланысты. Бингем сұйығына битум, балшықты лай, колоидтар, т.б. жатады. Ал мұнай өнімдері қатуға жақындаған температурадағы сұйыққа әсерін тигізетін ішкі және сыртқы күштер деп бөлінеді. Ішкі күш сүйықтың ішіндегі бөлшектердің байланыстығы, ал сыртқы күштерге сұйық бетіне түсетін күш және көлем болып келеді. Сұйық бетіне түсетін күштер (сығу, созу, үйкеліс күші, қысым) сұйықтың белгілі көлеміне бағытталған. Көлемдік күштер (салмақ күші, инерциялық күш, электромагниттік күш) сұйық денесінің барлық көлеміне бірдей тарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет