«Фармацевтикалық ақпарат» пәні бойынша



бет1/3
Дата28.01.2018
өлшемі0,53 Mb.
#35489
  1   2   3



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

044 – 40/15





«Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасы


«Фармацевтикалық ақпарат»

пәні бойынша

ДӘРІС КЕШЕНІ

Мамандық: 5В110300 – «Фармация»

Шымкент-2013

Дәріс кешені «Фармацевтикалық ақпарат» пәнінің жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылып, ОҚМФА Әдістемелік Кеңесінде қаралып, бекітілген.

Хаттама № ___ _______ 20__ ж.

«Фармацевтикалық ақпарат»


  1. Тақырыбы №1. Ғылыми-техникалық ақпараттың теориялық негіздері.




  1. Мақсаты: студенттерге ғылыми-техникалық ақпараттың теориялық негіздері туралы түсінік беру.




  1. Дәріс тезистері:

Басқарылатын қызмет ақпараттарды жинақтап, қайта өңдеп, яғни үрдістердің сапалық және сандық көрсеткіштерінің құрамдарының мекеме ішіндегі және айналадағы басқару саласын жүргізуде анықталады.

Ғылыми техникалық ақпарат (ҒТА) мәліметтерін менеджерлер, болашақ шешімдерді қабылдауға, жалпы білім аумағын дамытуға пайдаланады.

Бірлесіп еңбек ету аясында ғылыми техникалық ақпарат (ғ.т.а) болмаған жағдайда жұмыс істеу мүмкін емес. Керекті ақпараттық жетіспеушілігі, және керексіз ақпараттың артықшылығынан жалпы шаруашылық қызметтер ақсайды.

Сонымен Ғ.Т.А. қазіргі таңда әрбір мекеменің дамуында әлеуметтік-экономикалық, техникалық, технологиялық ресурстарды құрайды.



Ақпараттық ресурстардың ерекшеліктері:

  1. Таусылмасшылық

  2. Сақталуы мен жинақталуы

  3. Қатарластырып қолдану мүмкіндігі

  4. Саудаласу негізінде ақпаратпен алмасу жеңілдігі.

Ғылыми техникалық ақпаратқа қойылатын негізгі талаптар:

  1. Сандық және сапалық толықтық

  2. Маңыздылық

  3. Дәлдік және шынайылық

  4. Пайдалылық (шешім қабылдауға шығынды азайтады)

  5. Орташа тығыздық, яғни ақпараттың саны пайдалы және жалпы мәліметтер аралас болуы керек

  6. Қолжетімді және қабылдануы оңай.


Ақпараттың негізгі жіктелуі:

  1. Тасымалдаушы бойынша (электрондық, заттық және т.б.);

  2. Қозғалу бағыттары бойынша (кіріс және шығыс);

  3. Дереккөз бойынша (сыртқы және ішкі);

  4. Мазмұны бойынша (экономикалық, құқықтық, техникалық және басқа);

  5. Қолдану спектрлеріне қарай (бірмақсатты-бір проблеманы шешуге, көпмақсатты-бірнеше проблеманы шешуге);

  6. Қолдануына байланысты:

    • оперативтік ақпарат мекеме қызметін түзету үшін;

    • есептік ақпарат сараптама үшін (статистикалық, белгілі формада стандарттар уақыт аралығында жиналады, статистикалық емес болып бөлінеді).

  7. Сақталу және бекіту мүмкіншіліктеріне қарай:

    • ақпарат тасымалдаушыда бекіту (шексіз уақытта сақталады, бүлінбеген, айғағы ежелгі тастағы жазулар мен суреттер);

    • бекітілмеген ақпараттар (адамдардың есінде ұзақ уақыт сақталады, біріншіден өзгеріп жойылады).

  8. Қолдануға дайындығы бойынша:

    • алғашқы ақпарат жүйеленбеген мәліметтердің дереккөздерден алынуы;

    • аралық ақпарат, алғашқы өңдеуден өтіп, жүйелендірілген, белгілі бағыттардағы сұрақтар мен оның шешу жолдарын көрсететін мәліметтер;

    • соңғы ақпарат басқару шешімдерін кепілдендіруге мүмкіншілік береді.

  9. Маңыздылық дәрежсіне қарай:

    • негізгі ақпарат, қызметтерді орындауға, шешім қабылдауға (өкімдер, бұйрықтар, нұсқаулар) керекті мәліметтер;

    • қосымша ақпарат негізгі жұмысты жеңілдетеді;

    • қалаулы ақпарат қорытындылар туралы, болашақтағы перспективалар туралы мәліметтер.

  10. Толықтығына қарай:

    • жарым-жартылай ақпарат басқа ақпаратқа қосылып қолданады;

    • комплекстік ақпарат кез-келген шешімді объективті шешуде толық мәлімет қолданылады.

  11. Арналуы бойынша:

    • жан-жақты қамтылған барлық проблемаларды шешуге керекті ақпарат;

    • функциялық;

    • жетекшілендірілген – нақты проблемаларды шешуге.

  12. Қажеттілік мінездемесі:

    • тұрақты ақпарат өзгертілмеген формада ұзақ уақытта (құқықтық актілер) берік тасымалдаушыда сақталады;

    • өзгермелі ақпарат қысқа мерзімде 1 рет қолданылады.

  13. Сенімділік дәрежесі бойынша:

    • растайтын ақпарат (шындық дәрежесі 80-100%);

    • мүмкіндік (шындық дәрежесі 80% кем емес);

    • жалған ақпарат.

  14. Тарату әдістері бойынша (ауызша, жазбаша, аралас ақпарат). Тарату әдістері әртүрлі психологиялық әсер етеді, мысалы ауызша ақпарат, жазбашадан әсерлі.

  15. Ұйымдастыру дәрежесіне қарай:

    • жүйелендірілген ақпарат (құрамы, көрсеткіші, уақыты, ұзақтығы, формалары);

    • жүйеленбеген.

  16. Шығарылу әдістері: визуалдық, аудивизуалдық, аудиақпараттық.

  17. Ашықтық дәрежесіне қарай, яғни әртүрлі категориядағы қолданғыштар:

    • ашық – барлығына арналған;

    • конфиденциалдық – жоғары бағалы дәрежеде;

    • құпиялы – яғни аса маңызды мәліметтер, ұйымдардың өмірлік жағдайына байланысты.

  18. Көрсетілу нәтижелеріне байланысты:

    • бірреттік жазылу немесе сұраныс;

    • берілген уақыт аралығында;

    • жіберушінің ынтасына қарай.

Басқару процестері, ұйымдардың кең ақпараттарының қолданылуының стратегиясынсыз мүмкін емес. Бұл ақпарат сыртқы және ішкі дереккөздерден алынған мәліметтерден-құжаттардан (жалпы, қызметтік немесе мамандандырылған) ауызша байланыстардан (интервью, сұқбаттар, баяндамалар).

Ақпарат жинаудың әсерлілігі ғылыми деректерге, жүйелендірілген объективті, нақты қорытындыларға байланысты. Сонымен қатар әртүрлі деректерге сүйеніп, сараптамаларға сүйенеді.
4.Иллюстрациялық материалдар: презентация


  1. Әдебиет:




  1. Қорытынды сұрақтар:

  1. Ғылыми-техникалық ақпараттар туралы түсінік.

  2. Басқару ақпараттарының қажеттілігінің негіздері.

  3. Ақпараттық ресурстардың ерекшеліктері.

  4. Ғылыми-техникалық ақпараттарға қойылатын талаптар.

  5. Ақпараттардың классификациясы.



1. Тақырыбы №2. Фармацевтикалық ақпарат жүйелері
2. Мақсаты: студенттерге фармацевтикалық ақпарат туралы түсінік беру.
3. Дәріс тезистері:

Ақпараттық жүйелер дегеніміз – технологиялық үрдістердің техникалық бағдарламасы мен басқа қосымша нысандардың ұйымдастырылған құрамдастары және ақпараттық қажеттілікті қанағаттандыруда белгіленген тақырып аумағында мәліметтерді іздеп, жинап, ақпараттық ресурстарды шығаруда қызметкерлер топтарының функционалдық істері. Ақпараттық жүйелер - өнеркәсіптердің индустриалдық дамуында ақпараттық технологиялардың әр түрлі салаларында ақпараттық мәселелерді шешудің негізгі құралдардың нысандары болып табылады.


Ақпараттық жүйелердің құрылымы

Ақпараттық жүйенің құрамында 3 бағытты белгілеуге болады:



  1. Ұйымдастыру-технологиялық – ақпараттық жүйелердің ақпараттармен қамтылуын, ақпараттардың дереккөздер құрылымын, ұйымдастыру технологиялық тізбектерін, жүйеде ақпараттың толтырылып және терілуін қарастырады. Ақпараттың жиналу жүйесі дұрыс ұйымдастырылмаса, ақпараттық жүйенің жалпы іс-әрекеттерінің сапасы төмендейді.

  2. Таныстыру бағыты – ақпараттық жүйенің негізі болып ақпаратты өңдеу, яғни құрыстырушылардың ақпаратты көрсете білуі мен белгіленген аумақта құрылымдардың жүйелерінің абоненттердің мәліметтерді құрастыру. Ақпараттық жүйелердің таныстыру бағыты –ақпаратты өңдеуде бірден-бір күрделісі болып саналады.

  3. Нормативті-функционалдық бағыт – бұл ақпараттық жүйелердің негізгі мақсаттарына жету үшін жоспарлардың орындалуына әсер етуге, ақпаратты қолданатын абоненттерді анықтайды.

Ізденіс жүйелерінің негізін көрсеткіштер базасы – жоғары дәрежеде ұйымдастырылған, сипаттамасының жалпы принциптерінің құрылымдарын, сақтауды, көрсеткіштерді өзгерту, тәжірибе бағдарламалары құрайды.

Ақпараттық жүйелердің функционалдық элементтері.

  • Ақпарат жинау – белгілі тәртіппен жинау процесстерімен ақпараттары көрсетуді ұйымдастыру.

  • Ақпаратты қабылдау

  • Ақпаратты бағалау

  • Ақпаратты бекітіп және теру тәртіптері

  • Кешендендіру – ақпаратты көптеген бөліктерден біртіндеп құрастыру процестері және тұтынушыға жеткізу.

  • Ақпаратты іздеп және шығару – басқару қызметтерінде және технологиялық процестерде ақпараттық жүйесінің абоненттерінің сұранысын қанағаттандыру үшін арнайы технологиялық тәртіптерді орнатуды қарастырады.

  • Ақпаратты сақтау және бүтіндігін ұстап тұру – ақпараттық маңыздылық уақыты өткенде қайта өңдеп, тазартып тұру ақпараттық бөлімшелердің функциялары.

Ақпараттардың бүтіндігі нормативті-нұсқаулық құжаттардың көмегімен жүргізіледі. Субъектілер құрамынан тұратын ақпараттық жүйелер ақпаратты қабылдау, тарату, өңдеу және сақтауды және каналдардың өзара байланысын атқарады. Бұл жүйелер құрылғанда оның ерекшеліктерін, мәліметтердің уақытында түсуін, олардың шындық пен объективті екенін бақылау, азаюды төмендету, дәлсіздік пен қисынды ақпаратты болдырмай, басқару шешімдерін қабылдау үшін тек қажетті және нақты ақпаратты тұтынушыға ыңғайлы болуы керек.

Бағалы ақпараттық жүйелерді ұйымдастыру үлкен әсерлі болады. Яғни, алғашқы мәліметтердің көлемінің шектеліп, тұтынушылардың коэффициентін жоғарлату, ақпараттың артық жүктелуін қадағалап, өндіріс пен тұтынудың арасындағы таразыны реттеу болып табылады.

Ақпараттың жіберушіден қабылдап алушыға жету каналдары бірнеше кезеңнен тұрады.

1-ші кезеңде ақпаратты іріктеу. Ол кездейсоқ немесе бағытталған, жаппай немесе теріп алу, инициативті немесе жоспарлы, еркін түрде немесе белгілі критериилерге негізделген болады.

2-ші кезеңде терілген ақпарат кодталады, яғни қабылдап алушыға түсінікті, ыңғайлы формада беріледі, мысалы жазбаша, графикалық, дыбысшы, символикалық және т.б.

3-ші кезеңде ақпаратты тарату жүргізіледі.

4-ші кезеңде қабылдаушы ақпаратты қабылдап, ойластырып, қарастырады.

Фармацевтикалық ақпараттың ұйымдық құрылымдық жүйесі – фармацевтикалық мекемелердің, ұйымдардың жүйесі, ғылыми медициналық ақпараттармен жұмыс істейді.

Фармацевтикалық ақпараттың жоғарғы құрылым болып: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР фарм. ақпараттың ақпараттық-аналитикалық маркетингтік орталық, ҚР ДЗ экспертизасының халық орталығы, ҚР фармацевтикалық және медициналық комитеті, ҚР фармацевтикалық қызметтерді қолдау және дамыту ассоциациясы.

Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды Дәрілік заттар туралы ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастыруда фармацевттердің ғылыми қоғамдары көп еңбектенуде.

Фармацевтикалық оқу орындары мен ғылыми зертханалар тәжірибелік және фундаменталдық ақпарат көздерін жинақтап фармацевтикалық ақпараттың аналитикалық маркетингтік орталыққа (ФААМО) жіберіліп отырады. Бұл орталық фармацевтикалық қызметтің жүйесінеде дәрілік заттар туралы ақпаратты бағыттап, жаратын, бақылап отыратын алдыңғы қатарлы мекеме болып табылады. ФААМО қызметтері, міндеттері, жұмыс аумақтары фармация комитетінің бұйрығымен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №14 3.02.2003ж. бұйрығымен бекітілген.

Фармацевтикалық ақпарат аумағында ФААМО негізгі міндеттері:



  • фармацевтикалық қызметтерді нормативті-құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету.

  • ДЗ автоматталған анықтама-ақпараттық жүйесін ұйымдастыру.

Фармацевтикалық ақпарат жүйесіндегі төменгі бөлімі – бұл дәріханалар құрылымы.

Дәріханалық ұйымдар емдеу мекемелерімен, дәрігерлермен тығыз байланыста жұмыстар жүргізіп, санитарлық-ағартушы, ақпараттық жұмыстар жүргізеді. Дәріханалар өздерінің ақпараттық жұммыстарын медициналық тұлғалар, анықтама бюролары, анықтама-ақпарат бөлімдері арқылы жүргізеді.




  1. Иллюстрациялық материалдар: презентация




  1. Әдебиет:




  1. Қорытынды сұрақтар:

  1. Ақпарат жүйелері туралы түсінік?

  2. Ақпарат жүйелерінің құрылымы?

  3. Ақпарат жүйелерінің функционалдық элементтері қандай?

  4. Ақпараттың жіберушіден қолданушыға қозғалысы неше кезеңнен тұрады?

  5. Фармацевтикалық ақпараттың құрылымының ұйымдастыру формалары?



  1. Тақырып №3: Фармацевтикалық ақпаратты нормативті-құқықтық және ақпараттық қамтамасыз ету.




  1. Мақсаты: Студенттерді және дәрілік заттар айналымын реттеу үшін қолданылатын негізгі заңдылық және нормативті-құқықтық құжаттармен таныстыру туралы түсінік беру.




  1. Дәріс тезистері:

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған соң бірнеше жыл аралығында ақпараттық және құқықтық бос кеңістікте болды. Фармацевтикалық сектордың қызметтері көп жыл уақыт аралығында бағытталып, бақыланбады. Жаппай жекешелендірудің нәтижелері бәсекелестікке, дәрілік заттарға баға құрудың тұрақсыздығына алып келді. Бірнеше жылдың аралығында фармацевтикалық өндіріс пен дәріханалық ұйымдардың қызметтері жаңа сатыға көшті. Сондықтан фармацевтикалық сектор мен нарықты нормативті- құқықтық базамен қамтамасыз ету маңызды міндеттердің бірі болып саналады.

Маңызды құжаттардың бірі ҚР Президенттің Үкімі 17.04.1997ж. «Дәрілік заттар туралы заңы». Үкім фармацевтикалық қызметте құқықтық базаны реттеуге заңдылық іргетас болып табылады.

Қазіргі таңда фармацевтикалық нарық ережелері мемлекет алдында талаптар қояды:


  • дәрілік заттардың қолжетімді, қауіпсіз және әсерлі болуын;

  • елімізде отандық өнеркәсіптің дамуын, импорттан тәуелділікті азайту;

  • фармацевтикалық қызметтердің мемлекет тарапынан бақылау ұйымдастыру;

  • фармацевт-мамандардың білімдерін жоғарлату және жаңарту;

  • дәрілік заттардың қолданылуын, белгілеуінің тиімділігін қарастыру;

  • дәрілік заттардың нарықта бұрмалану мен жалған өндірісті болдырмау.

Көрсетілген мәселелерді шешу үшін дәрілік заттар айналымын реттейтін мемлекеттік саясат нұсқаулары құрастырылу керек. Ақпараттық және құқықтық қамтамасыз етуінсіз ешқандай саясат іске асуы мүмкін емес.

Халықаралық тәжірибеде, ақпараттық-заңдылық базаларды құру 3 кезеңнен тұрады:



  • жоғарғы заңдар мен құқықтық актілерді құрастыру;

  • заңдылық тұрғыда жіберілген қателіктерді түзетіп, дамыту, жетілдіру кезеңін қарастыру;

  • тікелей әрекеттердің заңдылық құжаттарын бекіту.

Ақпараттық-құқықтық базаларды ұйымдастыруда фармацевтикалық сектордағы нақты жағдайларды бағалап, жоспарлап, мақсаттарды белгілеп, өнеркәсіптің даму жолдарын белгілеу маңызды. Заң мен құқық мақсаттарға жетудің әдістері. Фармацевтикалық қызметте ақпараттық кең түрлерін қолдану, яғни жоғары өзіндік ерекшеліктерін сауда, кеден, еңбек және басқа да заңдылықтармен қорғалады.
Заң қабылдау процестері келесі кезеңдерден тұрады:

  1. Мемлекеттік атқару органдарының ассоциациялардың, бизнесмендердің қатысуымен консультациялар өткізіледі, мәселелердің тізімдері, шешу жолдары, алдағы міндеттер мен мақсаттар ұсыныстар белгілінеді.

  2. Құқықтық нормативтік актілерді құру процедуралары, негізгі құжаттардың жобаларын жасау.

  3. Бірігей жалпы шешімге келу, құжаттарды қоғамда көрсету, түскен ұсыныстарды қарастыру, мемлекеттік құрылымдардың қосымшалары мен мақсатқа сәйкестілігін қарастырып, қосымшалар қажет болса, оны бекітеді.

ҚР дәрілік заттардың мемлекеттік бақылауын реттеуде халықаралық фармакопеялардың маңызы бар: Европалық фармакопея, Британдық фармакопея, АҚШ фармакопеясы, Несмістің гомеопатиялық фармакопеясы.

Қазақстан территориясында халықаралық фармакопеяларды қолдану 2004 жылдан басталды.

2006 жылы дәрілік заттар айналымында халық стандарттары құрастырылып, тәжірибеге енгізілді:


  • Орындауға тиісті зертханалық тәжірибе (GRP)

  • Орындауға тиісті клиникалық тәжірибе (GCD)

  • Орындауға тиісті дистрибьюторлық тәжірибе (GDP)

  • Орындауға тиісті өндірістік тәжірибе (GMP)

  • Орындауға тиісті дәріханалық тәжірибе (GPP).

Алғашқы мемлекеттік фармакопеяны шығару, халықтық стандарт ретінде мемлекет басшысының үкімімен №2655 23.11.1995 ж. «Дәрілік заттар туралы» Заңда көрсетілді.


  1. Иллюстрациялық материалдар: презентация




  1. Әдебиет:




  1. Қорытынды сұрақтар:

  1. ҚР фармация саласында заңнама қызметтерінің негізгі кезеңдері?

  2. ҚР «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесінің» кодексі.

  3. Фармацевтикалық нарық заңдары мемлекет алдында қандай міндеттер қояды?

  4. Ақпараттық-заңнамалық базаны құру қанша кезеңнен тұрады?

  5. ДЗ айналымындағы халықтық стандарттар?



  1. Тақырыбы №4. Құжаттарды аналитико-синтетикалық әдіспен қайта өңдеу.




  1. Мақсаты: студенттерге құжаттардың аналитико-синтетикалық әдіспен қайта өңдеуін түсініктерімен таныстыру.




  1. Дәріс тезистері:

Басқару жүйесінде ақпараттармен алмасу, ең алдымен құжаттарды шығарып оны тарату, яғни жазбаша түрде бекітілген материалдық объектілер (бұйрықтар, нұсқаулар, үкімдер, қызмет хаттары).

Құжаттар мына белгілер бойынша жіктеледі:



  1. Дереккөздерге қарай – тұлғалық құжаттар (автобиография, түсініктеме) қызметтік, ұйымдардан шығатын.

  2. Құрастырылған жеріне байланысты – мекеме аумағында, сыртқы.

  3. Мазмұнына қарай – қарапайым (бір сұрақ қаралады) және күрделі.

  4. Формасына қарай – еркін құрастырылған.

    • типтік ақпарат стандарт кестемен беріледі

    • трафареттік текст бір бөлігі типографтық басылады, бір бөлігі қолдан жазылады.

  5. Ақпаратты бекіту әдісіне қарай – жазбаша, графикалық, фото, киноакустикалық.

  6. Орындау уақытына қарай – тез арада (орындау уақыты құқықтық актпен белгіленеді), уақытпен шектелмеген (басқарма бекітеді).

  7. Сақтау уақытына қарай:

    • Үнемі сақталатын

    • Сақталу уақыты 10 жылға дейін

    • Сақталу уақыты 10 жылдан артық

  8. Ашықтық дәрежесіне қарай – ашық және конфиденциалдық (қызметтік қолдануға ғана, әртүрлі құпиялық).

Құжаттың алғашқы құрастырылғаны – түп нұсқа (оригинал), оның дәлме-дәл бір тәртіппен бекітілген көшірмесі – көшірме (копия), құжаттың толық көшірмесі жұмыста қолданылатыны – босатуҢ құжаттың бір бөлігінің көшірмесі – бөліктеп көшірме (выписка); құжаттың нұсқасымен қатар құқықтық күші бар көшірмесін – дубликат деп атайды.

Құжаттардың аналитико-синтетикалық қайта өңдеудің ғылыми-ақпараттық қызметтер аумағында негізгі түрлері қолданылады: библиографиялық тізбектер; индексациялау; аннотация мен рефераттау; аудару; әдебиеттік шолуды құрастыру.

Библиографиялық сипаттама – құжаттардың белгілі ережелерге сүйеніп мәліметтер тізбесіне қарай, біртектілендіру, басқа құжаттардың арасынан тезарада тауып алу үшін құрастырылатын процесс.

Мысалы, кітаптың сипаттамасы.

Медициналық ақпараттың ғылыми негіздері / Ресей МFА ред. мүш. Ю.П. Лисицин – М: Медицина, 1999 – 250 бет. Құжаттарды сипаттауға, бертектілеуге, ізденуге ақпараттық тілдер қолданылады, яғни түрлену түсініктері, терминдер, белгілер. Ақпараттық тілдердің көп әдістері құрастырылған.

Құжаттардың аналитико-синтетикалық өңдеудің тағы бір әдісі – индекстендіру – тақырыптың немесе құжат мазмұнының негізгі маңызын ақпараттық-іздену тілдері арқылы көрсету. Ақпараттың негізгі мазмұнын көрсету – іздену келбеті деп аталады. Іздену келбеті болып тақырып атауы, түрлену индектері немесе кілт сөздері (дискрипт) табылады.

Аннотациялау – ғылыми құжаттарды өңдеу, яғни құжаттың мазмұнының безендірілуі және басылымы туралы қысқаша мәлімет, беру процестері.

Аннотация – басылымнан шыққан шығарманың қысқаша мазмұны мен сипаттамасы.

Аннотацияның орташа көлемі – 500 басылым белгі.

Көлемді аннотациялардың бір түрі – дәрілік препараттарға арналған нұсқаулық, келесі бөлімдерден тұрады:



  • дәрілік препараттың атауы (қазақша, орысша, латынша)

  • синонимдері

  • қолдану көрсеткіштері

  • фармакологиялық қасиеттері

  • қолдану тәсілдерімен дозасы

  • жағымсыз әсерлері

  • шығарылу түрі, сақтау шарттары, бағасы

Рефераттау – басылымнан шыққан ғылыми шығарманың (алғашқы) өңдеу, яғни қысқаша, сонымен қатар салыстырмалы нақтылы және фактылы ақпараттар құрастыру. Реферат дегеніміз алғашқы құжаттың қысқаша мазмұнын негізгі мәліметтер мен қорытындылармен бірге көрсету. Рефераттар алғашқы құжатқа қарағанда көбірек ақпарат болуы мүмкін. Реферат текстінде 500 дейін басылым белгісі болады.

Сипаттама – синтездік текст, яғни белгілі бір тақырыптың құрастырылған мәліметтері. Ол үшін бірнеше алғашқы құжаттардың мәліметтерінен ақпарат жиналады. Сипаттаманың 3 түрі бар:



  • библиографиялық

  • реферативтік

  • аналитикалық.




  1. Иллюстрациялық материалдар: презентация




  1. Әдебиет:




  1. Қорытынды сұрақтар:

  1. Құжаттарды сипатына қарай түрленуі (классификация)

  2. Библиографиялық сипаттама дегеніміз не?

  3. Индексифирование дегеніміз не?

  4. Аннотирование және реферирование түсініктері?

  5. Алфавиттік заттық каталог УДК?



  1. Тақырыбы №5: Дәрілік заттар туралы автоматтандырылған анықтама-ақпараттық жүйенің құрылуы




  1. Мақсаты: студенттерді дәрілік заттар туралы автоматтандырылған анықтама-ақпараттық жүйенің құрылуымен таныстыру.




  1. Дәріс тезистері:

Фармацевтикалық бизнестің ұйымдастырылып жақсы жұмыс істеуін бақылап реттейтін органдардың жұмыстарының тиімді түрде жүргізілуі нарықтағы дәрілік заттар туралы шынайы да дұрыс ақпараттардың болуына байланысты болады. Ақпараттарды жинау, сақтау және жылдам жөндеу, тарату технологияларының тиімді жолдары білікті мамандардыңеңбегін жеңілдетіп, еңбек өнімділіктерін жоғарлатып, уақыттарын көптеген есе үнемдеуге мүмкіншіліктер береді. Интернетті қолдану (Web – коммуникациялары, электрондық почта) географиялық факторлардың әсерін азайтады, телефон арқылы сөйлесу және құжаттарды жіберу, алуға жұмсалатын қаражаттар мен шығындалатын уақыт мөлшерін қысқартады.

1998 жылы қабылданған «Халық денсаулығы» Мемлекеттік бағдарламассы негізінде дәрілік заттар туралы ақпараттық мәліметтердің базалық қоры құрылды. Аталған мәліметтер қоры тұрғындарды қауіпсіз және жоғары дәрежедегі тиімді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етудің тиімді жолы ретінде қарастыруға болады.

ДСМ фармацевтикалық тексеру Комитеті мен дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және медициналық техникаларды сараптаудың ұлттық орталығы (ДЗМБМТС ҰО) енгізген бүгінгі күн талаптарына сай ақпараттық технологиялар дәрілік заттар айналысы саласына қатысушыларды қысқа мерзім ішінде дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеуден өткізу туралы жылдам ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз ету негізінде рұқсатсыз әкелінетін дәрілік заттарды азайтуға ықпал етті.

Қазіргі кезде ҚР «Дәрілік заттардың Мемлекеттік реестрі» көпбағытты компьютерлік бағдарламасы құрылып, тиімді түрде жұмыс істеуде «ДЗ Мемлекеттік реестрі» 1993 жылдан бастап мемлекеттік тіркеуден және қайта тіркеуден өткізілген 7 мыңнан аса дәрілік заттар туралы ақпараттық мәліметтерді қамтиды. Аталған компьютерлік бағдарлама көлемді, мобилді, бүгінгі күн талаптарына икемделген, аз ғана уақыттың ішінде тіркеуден өткен ДЗ сауда, генерикалық аттарымен, өндіруші елдердің классификациялық кодтары, тіркелу күні, тіркелу куәлігі нөмірлері бойынша ақпараттық мәліметтер алуды қамтамасыз етеді.

«ДЗ мемлекеттік реестрі» бағдарламасында өмірлік қажетті ДЗ тізімі, дәрігердің рецептісіз босатылатын ДЗ тізімі, нормативтік-құқықтық актілер, ДЗ ҚР әкелуге және сыртқа шығаруға рұқсат беруді безендірудің автоматтандырылған бағдарламасы енгізілген. Осының арқасында 100-ден астам түрлі хаттарды жазып жіберуге 1 сағаттан аз уақыт жеткілікті саналады.

«Сертификатталған фармацевтикалық өнімдерді талдау» компьютерлік бағдарламасы ДЗ өндіруші елдер, фармакотерапиялық топтары, дәрілік формалар, сертификаттау органдары, сертификаттау және сертификатты беру күндері бойынша ақпараттық мәліметтерді алу арқылы нарықта тіркеуден өтпеген ДЗ нақты түрде анықтауға мүмкіндіктер береді.

2001 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚР ДСМ www.dari.kz. сайты жұмыс істейді. Аталған сайтда фармацевтикалық қызметті лицензиялау тәртібі, ДЗ тіркеуден өткізу, сертификаттау тәртіптері, ДЗ экспорттауға, жарнамалауға келісімдер туралы ақпараттық мәліметтер қамтылған.

ДЗ Мемлекеттік реестрінің электрондық түрі, арнайы қорғаныс кілттерімен жабдықталған, www.dari.kz. сайты арқылы әр ай сайын жаңартылып отырады. Мемлекеттік реестрдің кітап вариантында ДЗ атын іздеуге орташа есеппен 5-7 минут уақыт кетсе, электрондық түрінде 10-15 секнд уақыт жұмсалады.

ДЗ тіркеуді автоматтандыру мақсатында фармацевтикалық тексеру комитеті, ДЗМБМТС ҰО, фармакологиялық, фармакопеялық комиссиялар және лабораториялар үшін бірдей түрде көпбағытты компьютерлік бағдарлама негізінде электрондық мәліметтер жүйесі дайындалуда. Аталған бағдарлама ДЗ тіркеуге арыз беруден бастап тіркеу куәлігін беруге дейінгі барлық сатыларды қамтып, ДЗ мемлекеттік тіркеуден өткізу процесіне қатысушы барлық субъектілерді қамтиды.

ДСМ Фармацевтикалық тексеру комитеті және ДЗМБМТС ҰО Фармацевтикалық қызметті лицензиялау, фармацевтикалық өнімдерді сертификаттау мәліметтері базасын құру жұмысын жүргізуде. Аталған жұмыстар нәтижесінде берілген сертификаттар, сапасы қанағаттанарлықсыз және фальсификацияланған ДЗ туралы жылдам ақпараттар алуды қамтамасыз етеді.

ДЗМБМТС ҰО базасында ақпараттық-аналитикалық маркетингтік орталық құру жұмысы басталған. Аталған орталықтың негізгі мақсаты – ДЗ қажеттілігін анықтау. ДЗМБМТС ҰО мен ДСМ ФТК біріктіретін локалдық компьютерлік жүйе бойынша бірыңғай компьютерлік кеңестік құру жоспарланған.

Тұрғындарды сапалы, қауіпсіз және тиімді ДЗ қамтамасыз етудің алғы шарты болып уақыттылы және шынайы түрдегі ДЗ туралы ақпараттық мәліметтер саналады. Сапасыз және фальсификацияланған фармацевтикалық өнімдер сертификациялау және босату сатыларында анықталады. Сондықтан аталған сатыларда сатуда сапасыз ДЗ алынып, бекітілген тәртіп бойынша жойылып отырады (реэкспорт).

Практикада фальсификацияланған ДЗ туралы фармацевтикалық фирма өкілдерінің хабарламасының фармацевтикалық бақылау органдарына жеткізілуі және қажетті шешім қабылдауға екі айға жуық уақыт кетеді. Осы уақыт аралығында басқа дәріханалық ұйымдар мен дистрибьюторлар жағдайды білмегендіктен фальсификацияланған фармацевтикалық өнімдерді сатуды жалғастыра береді, себебі бүгінгі күнге дейін фармацевтикалық субъектілерді оперативті түрде хабардар ететін жүйе елімізде әлі жасалмаған.

Қазіргі кезеңде Республикалық бірыңғай жылдам түрде фальсификацияланған фармацевтикалық өнімдер туралы хабардар ету жүйесі ДЗМБМТС ҰО ақпараттық жүйесіне және www.dari.kz. сайтына енгізілуде.

Аталған оперативтік жүйеге кіргізіледі:


  • ДЗ электрондық идентификаторы, лабораториялар мен фармацевтикалық бақылау органдарына оригиналды препараттарды фальсификацияланған дәрілерден ажыратуға мүмкіндіктер береді;

  • Барлық фальсификацияланған және сапасыз ДЗ туралы ақпараттар;

  • Сапасыз және фальсификацияланған ДЗ сауда жүйесінен алып тастауға берілген ДСМ ФТК нұсқауы;

  • Қайтарып алынған және күшін жойған сертификаттардың тізімі.

Хабардар ету жүйесінің ақпараттық көздері болып фармацевтикалық тексеру органдары, аккредитациядан өткен лабораториялар, фармацевтикалық фирма өкілдері, дәріханалар мен аурухана, клиникалар саналады.

Аталған оперативтік жүйені құрудың өзіндік қиындықтары ббар. Әсіресе шалғай аймақтарда, ауылдарда қиындықтар туғызады, интернеттің жеткіліктілігі, компьютердің болуы. Бұл бағытта фармацевтикалық бақылау органдарының мамандарына, фармацевтикалық қызметті дамытуды қолдау Ассоциациясы қызметкерлеріне қосымша жауапкершіліктер жүктеледі.

Сонымен қатар, белгілі ақпараттық мәліметтер. Көпшілік назарына жеткізілмеуі талап етіледі, атап айтқанда ДЗ электрондық идентификаторлары туралы мәліметтер тек қана лабораториялар мен фармацевтикалық бақылау органдарына таратылады т.б., сондықтан арнайы ену паролі қарастырылады.

Денсаулық саласында жалпы ақпараттық жұмыстарды «Медициналық ақпарат» ЖАҚ бірнеше бағыттарда жүргізеді. Олардың ішіндегі басты бағыттарының бірі – емханалар мен стационарларда автоматтандырылған ақпараттарды жинау жүйесі. Аталған жүйе бойынша поликлиникалардағы қабылдау саны, стационарларда ауру тарихы, статистикалық карта т.б. бүгінгі күні 2 млн-ға жуық мектеп оқушыларының, 4 млн-ан аса ауыл тұрғындары туралы мәліметтер сервері жиналған.

Стационарларда ДЗ қажеттілігін есептеу бағдарламасы жасалған. Республикалық көлемде облыс, аудандарды қамтитын қант диабеті ауруларының регистрі жасалынған. Аталған регистрде қант диабеті ауруларының тәуліктік дәрі-дәрмектік қажеттіліктері (инсулин және таблеттелген препараттар). Осы регистр негізінде қажетті дәрілік препараттарды белгілі уақыт кезеңіне сәйкес тапсырысты алдын ала жасауға мүмкіндіктер береді.

Фармацевтикалық нарықта дәрілік заттар айналысы саласында қатысушылардың фармацевтикалық ақпараттық мәліметтерді жеткілікті мөлшерде ала алуы тұрғындарды сапалы да, уақыттылы дәрі-дәрмектік көмекпен қамтамасыз ету тиімділігін жақсартудың басты көзі екендігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сонымен қатар фармацевтикалық ақпараттарды таратуды алға қарай жақсарту шаралары үнемі жүргізілуі қажет. Әсіресе Республикалық арнайы бағытталған шығарылымдары – «Қазақстан фармациясы», «Фармацевтикалық бюллетень», «Казахстанский фармацевтический вестник» журнал, газеті арқылы және ақпараттық сайдтары, интернет жүйесі бүгінгі күнгі ақпарат тарату көздеріне айналып отыр. Сондықтан фармацевтикалық мамандар фармацевтикалық ақпараттарды тарату арқылы өздерінің кәсіби міндеттерін тиімді атқаруды қамтамассыз етеді және автоматтандырылған анықтама – ақпараттық жүйені кеңінен қолдану тұрғындарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету сапасын жоғарлатады.




  1. Иллюстрациялық материалдар: презентация




  1. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации – Москва: медицина, 2004

  2. «Основы фармацевтической информации» Б.Л.Парновский – Кишинев, 1986г.

  3. Учебник «Организация и экономика фармации», под рек. И.В.Косовой – Москва, 2002г.

  4. Учебник «Маркетинг. Теория и практика» Г.Д.Крылова, М.И.Соколова – Москва, 2004г.

  5. Учебник «Менеджмент» В.Р.Веснин – Москва, 2003г.


Қосымша:

  1. Кодекс Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения» № 193 – IV 3 РК от 18.09.2009г. и др. НПА (см.приложение № 1);

  2. Сайт www dari.kz;

  3. «Казахстанский фармацевтический вестник» № 2 январь 2008г. «Система управления качеством информации в сфере лекарственного обращения в РК» автор: Анатолий Беркман.

  4. «Фармация» 2007г. «Проблемы качества официальной информации о лекарственных средствах» авторы: А.А.Шимухаметов, Т.А.Ладыгин;

  5. «Казахстанский фармацевтический вестник» № 15 (331) август 2009г. «РОS – материалы, как инструмент стимулирования продаж в аптеках» автор: Сабина Ширина;

  6. «Нормативно-правовая база фармацевтической деятельности и пути ее развития в РК» автор: Н.А.Гунько «Фармация Казахстана» июнь 2007г.



6. Қорытынды сұрақтар:

  1. Ақпараттың ақпараттық-ізденіс жүйелерінің жалпы түсініктері.

  2. «ДЗ мемлекеттік реестр», «Фармацевтикалық өнімдердің сертификаттауды сараптау» компьютерлік бағдарламасы, сайт www.dari.kz.

  3. Фармацевтикалық қызметтің лицензиялануы туралы база.

  4. Республикалық дәрілік заттардың сапасы төмен және жалған дәрілер туралы бырыңғай жүйесі.

  5. ЗАО «Медииформ» қызметі, міндеттері, мақсаты.





РГП на ПХВ «Южно-Казахстанская государственная фармацевтическая академия» МЗРК

044 -40/15





Кафедра организации и управления фармацевтическим делом



Тезисы лекций

по дисциплине

«Фармацевтическая информация»

Специальность: 5В110300 – «Фармация»

Шымкент-2013

Лекционный комплекс составлен в соответствии с рабочей программой утвержденной на заседании Методического Совета ЮКГФА

Протокол №____ от «___»_________20__г.



«Фармацевтическая информация»

Кредит № 1





Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет