«Дәріхана ұйымдарымен танысу» оқу практикасы бойынша жадынама
Практикаға баратын әрбір студент келесі міндетті талаптарды білуі және орындауы тиіс:
Кафедрада практика жетекшісінен қажетті құжаттарды алу.
Практиканың бірінші күні дәріханадан тағайындалған практика жетекшісіне келіп жолдаманы тапсырып және жұмысқа кірісуі қажет, өзімен бірге.медициналық кітапшасы, халат және бас киім, ауысымды аяқ киім алып келуі тиіс.
Оқу кестесіне сәйкес жұмыс істеу. Студенттің келу және кету уақыты жеке табельде тіркеледі. Жұмыс күнін тығыздау және ұзарту есебінен практика мерзімдерін қысқартуға жол берілмейді. Практика күндерін жіберсе, себептеріне қарамастан, кафедра жетекшісінің келісім бойынша қайта өткізіледі (пысықталады).
Өндірістік қызметке байланысты практиканың тікелей жеетекшілерінің нұсқауларын сапалы орындау және олар үшін жауапты болу.
Салмақ өлшеу аспаптарын, өлшеп-орау құралдарын, шағын механизация құралдарын, дәріхананың басқа да жабдықтарын дұрыс пайдалану және тиісті тәртіпте және таза ұстау. Өз жұмыс орнының санитарлық жағдайына жауапты болу. Аурухана дәріханасында жұмыс істеген кезде аурухананың санитарлық режимін ұстануы тиіс.
Күн сайын жұмыс күні аяқталғаннан кейін, онда орындалған жұмысты көрсете отырып, күнделік ресімдеу, дәріханадан тағайындалған практика жетекшісіне қол қойдыру және арнайы бөлінген орында қалдыру.
“Дәріханалық ұйымдармен танысу” оқу практикасын өту кезеңіндегі студенттің
МІНЕЗДЕМЕСІ
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ фармация факультетінің 2-курс студенті Мухамбетова Жайнар 06.05.2024 -11.05.2024 күндері аралығында «Дәріханалық ұйымдармен танысу» бойынша өндірістік тәжірибесін өтті. Оқу - кәсіптік практика өту кезінде өзін тиянақты, тәртіпті студент ретінде көрсетті. Практикаға кешікпей келді. Теориялық дайындығы жақсы, практикада алған білімін одан әрі ұштастырды. Білуге құмар, коллектив мүшелерімен тіл табысып кетті. Практика өту барысында практиканы өту программасына сәйкес тапсырмаларды орындады.
Науқастарға дәрілік заттарды фармацевттің қадағалауымен босатты, витриналарды безендірді, кассалық кітапты толтырды, тауар қабылдады, баға түзеумен танысты. Өткізілген санитарлық шараларға қатысты. Фармацевтикалық қызметті реттейтін ДСМ-нің заңнамалық құжаттарын біледі, олармен жұмыс жасай алады. Практика барысында өзін жауапты және тәртіпті қызметкер ретінде көрсетті, өзіне жүктелген барлық тапсырмаларды тиянақты орындады. Ұйым жұмысына белсенді қатысып, алдына қойылған дәріханалық міндеттерге қызығушылық танытты. Жұмысқа өте жауапкершілігі мол, мінезі жақсы, студенттер және келген клиенттер алдында өзін жақсы ұстайды. Практикалық-сабақ барысында белсене атсалысып, өзінің жақсы қасиеттерімен көзге түсті. Мухамбетова Жайнар өзіне жүктелген барлық міндеттерді орындап, дербестік пен зерттеушілік қабілеттерін көрсете отырып, тағылымдамадан өту бағдарламасын толығымен аяқтады. Университет дәрістерінен алған білімін, іс-тәжірибеде қолдана отырып, болашақтағы мақсатына алғашқы қадамын жасады.
Мухамбетова Жайнардың практиканы өтуін үздік бағамен бағалаймын.
Практиканың тікелей жетекшісінің қолы
Практика жетекшісінің қолы
Достарыңызбен бөлісу: |