мемлекеттік мекемесінің «№25 орта мектебі» мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Дата05.06.2017
өлшемі49,21 Kb.
#18006
ОБЛЫС Алматы

АУДАН/ҚАЛА Талдықорған

АУЫЛ -

МЕКТЕП «Талдықорған қаласының білім



бөлімі»мемлекеттік мекемесінің

«№25 орта мектебі» мектепке дейінгі

шағын орталығымен» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі

ПӘНІҢІЗ Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің

мұғалімі
ФИО Дандыбаева Алия Тарасовна

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8
Сабақтың  тақырыбы : Шерхан Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы.

Ашаршылыққа ара түскен бес адам бейнесі

Сабақтың мақсаты :

а) білімділік - драма кейіпкерлерінің жеке бас қасиеттерін таныту арқылы өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға үйрету;

ә) дамытушылық – тіл байлығын арттыру,логикалық пайымдауын, шығармашылық қабілетін дамыту;



 б)тәрбиелік – шығарма мазмұны арқылы елжандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі :                                аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,шығармашылық жұмыс,

талдау


Сабақтың көрнекілігі :                    слайд,интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс :                    тарих

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Алдын ала түрлі түсті қағаздар арқылы оқушыларды 4 топқа топтастыру.

Оқушылар 4 топқа бөлініп, мүшелерін тағайындап, ережесін құрайды.

Бір-біріне сенім білдіріп,сәттілік тілейді.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген  тапсырманы    сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



  1. Шерхан Мұртаза кім? 

  2. Қандай шығармаларымен таныссыңдар?

  3. Шығарма қандай тарихи оқиғаға негізделіп жазылған? 

  4. Драманың кейіпкерлері кімдер? 

                                            б)  Жаңа сабақты меңгерту.

Қызығушылығын ояту.

Тақтаға бірнеше сөздер беріледі, соның ішінен сабақ тақырыбына байланысты сөздерді тауып,тақырыбын анықтайды.


Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» атты драмасына арқау болған - ел басына түскен азапты күндер, қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры. Драматург сол кездегі өкімет басшыларымен, оның қасындағы жандайшаптардың бейнесіне жан бере суреттейді. Әр кейіпкер өзінің сөзі арқылы танылып жатады. Қасіретті қолдан жасап отырған Сталиннің теріс саясатын, асыра сілтеп отырған Голощекиннің көрсоқырлығын жазушы Ғ.Мүсірепов (негізгі кейіпкер) ашына жеткізеді.

Слайд: XX ғасырдың басындағы тарихи кезең көріністері көрсетіледі.Слайд бойынша сұрақтар беріледі. Слайдта қандай оқиға көрсетілді? Неліктен бұл кезеңді зұлмат жылдар дейміз ? Ашаршылықты кімдер қолдан жасады? Оның қазақ халқына тигізген зардабы қандай? Демографияға қалай әсер етті? Неліктен Қазақстанға өлкелік комитетінің бірінші хатшылығына Голощекинді тағайындады? Голощекин кім? Хат жазған бесеу кім? 
(Мүсірепов, Ғаттауллин, Алтынбеков, Қуанышев, Дәулетқалиев).

Шығармашылық жұмыс:

1-топ. Драмаға арқау болған қандай тарихи оқиға ?

2-топ. Драмадағы жағымды кейіпкерлерге сипаттама беру. Жазушының таныстыруы мен мінез ерекшеліктері туралы.

3-топ. Драмадағы жағымсыз кейіпкерлерге сипаттама береді. Голощекин кім?

4-топ. “Бесеудің хаты” драмасы бойынша жоспар құру.


Білімді бекіту: сұрақ-жауап арқылы жүргізіледі.

* «Бесеудің хатында» қамтылған негізгі мәселелер қандай?


1.Мал басының кемуі 
2.Асырасілтеушіліктер мен көзбояушылықтар 
3.Қазақ шаруашылықтарындағы егіс туралы 
4.Қазақтарды отырықшылыққа көшіру 
5.Қоныс аударушылар мен қазақ жұмысшыларына қатысты ұлт саясатының бұрмалануы жөнінде. 

* Шығарма неліктен «Бесеудің хаты » деп аталған?

* Шығарманың тақырыбы мен идеясы не?
Бағалау. Ағашқа стикер жабыстырады: 
Жасыл-бәрі жақсы 
Сары –орташа 
Қызыл-төмен

Сабақты қалай меңгергендеріне қарай ағашқа стикер жабыстырады Өзін-өзі бағалайды.


Үйге тапсырма:« Елім-ай» деген тақырыпқа шығарма жазып келу.

Рефлексия кезеңі:

«Аяқталмаған сөйлем» : Бүгінгі сабақтан мен өзіме не алдым...



Сөздік

Пантюркист - түрікшілдік, түркі халықтарын бірлікке үндейтін қоғам

Провакация – азғыру, арандату, ылаң салу

Монархия – мемлекетті басқару ісі мұрагерлік дәстүрмен жеке адамның әкімшілігіне негізделген мемлекет

Мизонтроп – жабайы

Инквизация – еркін ойлайтын, үстемдік ететін феодалдық тіркеу



Авантюрист - арандатушы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет