С. науқасқа гипертониялық кризге байланысты, Бензогексоний енгізілгеннен кейін, жедел тері жамылғыларының «өлі» бозаруы, еріннің көгеруі, салқын тер, шеткі мүшелердің салқындауы, бет әлпетінің сүйірленуі. Тұруға тырысқанда науқас құлап қала жаздады. Тексеру кезінде: пульсі жиі, жұмсақ әлсіз, жүрек тондары тұйықталған, АҚҚ күрт төмендеген. Бензогексоний қандай фармакологиялық топқа жатады және оның әсерінен болатын жанама әсерлер қалай аталады? Ганглиоблокатор, ортостатикалық коллапс
Науқас 59 жаста, бүйректі алып тастағаннан кейін, қуықтың парезі дамыған. Қуықтың жиырылу белсенділігін ынталандыру үшін қандай холинергиялық дәріні тағайындаған жөн? Прозерин
40 жастағы науқас бронх демікпесімен ауырады және де брадиритмия түріндегі жүрек ырғағының бұзылысымен. Бронхоспазмды жою үшін қандай фармакологиялық топтың препараттарын тағайындаған жөн екенін көрсетіңіз: М-холиноблокаторлар
У науқаста., бронхтың түйілуімен және артериялық қан қысымының төмендеуімен көрініс беретін анафилактикалық шок дамыды. Осы симптоматиканы жою мақсатында науқасқа төменде көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау керек? Адреналин гидрохлориді
Науқасқа жүректің ишемиялық ауруын емдеу үшін β – адреноблокатор тағайындаған. Біраз уақыттан кейін бронх түйілуі мен жөтел басталды. Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы осында жанама әсер көрсетеді? Анаприлин
Тіс жұлу кезінде науқаста қан кете бастады. Тіс дәрігері дәрілік заттармен тампон салғаннан кейін, қан кету азайды. Дәрігер қандай преапарат қолданды? Адреналин гидрохлориді
Стенокардиямен ауыратын 44 жастағы науқас әйелге, Метопролол терапиясы динамикасына оң әсер етті. Препараттың емдік әсерінің механизмі қандай? β1-адренерорецепторларды тежейді және миокардтың оттегіге сұранысын төмендетеді
Жансақтау бөлімшесінде жүрегі тоқтап қалған науқасқа, жүрекішілік адреналин гидрохлориді енгізілді. Бұл жағдайда препараттың әсер ету механизмі қандай?